?зін — ?зі тану Кешірімді бала-кішіпейіл бала 2 сынып


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп:Байет ЖОББМ
Мерзімі:
Тақырып: Кешірімді бала- кішіпейіл бала.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: ынтымақтастық, әдептілік, татулық, достық, табандылық.
Мұғалiм: Алпемаш Е.
Сынып:2
Оқушылар саны: 16
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кешірімді болудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығынының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға кешірімділік ұғымы туралы білім бере отырып, кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларды айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға үйрету арқылы мейірімділік қасиетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды кішіпейілділікке, мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу. Ресурстар
Оқулық
Дәптер
Күнделік
Қалам
Түрлі-түсті қарандаш
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл күйін сұрау, сабаққа қатысуын сұрау.
Бес«Т» ережесін сақтау (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)
Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен»
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар? Сабақ барысын талдау:
(«Хрустальная грусть» әуені).
Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықтың 43 беттегі 12 сабақтағы Р. Әбілқадырованың «Кешірім» әігімесін оқу, мазмұндау.
Әңгімені «тізбек әдісі» арқылы тексеру.
Сұрақтар:
Тұрсынның көңілсіз болу себебі неде?
Балалардың тентектікке баруын қалай түсінесің?
Тұрсын өз қателігін қалай түсінді?
Өз қателігін түсіну арқылы басқаға қандай үлгі көрсетті?
Атайдың бойында қандай қасиеттер байқадың?
Өздерін кешірім жасай аласыңдар ма? Қай кезде кешірім жасаған кездерің болды?
Дәйексөз
«Кешірім сұрау – бақыттың баспалдағы»
М.Әуезов
Хормен ұлдар оқиды.
Хормен қыздар оқиды.
Барлығы хормен оқиды.
Дәптерлеріне дәйексөзді жазып алады.
Берілген дәйексөздің мағынасы қалай түсінесіңдер?
Әңгiмелеу
«Құм мен тас»
Өсиет әңгіме
Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан тартып жіберді»
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді, батып кете жаздайды. Бірақ досы құтқарып қалады. Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай жазады «Бүгін мені ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тртып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:
Мен сені ренжіткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге? –деп сұрайды.
Досы былай деп жауап береді:
Бізді біреу ренжіткенде, жел оны өшіріп тастау үшін біз оны құмға жазуым керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпенді құмға, құанышынды тасқа қашап жазып үйрен.
Сұрақтар
Достар не үшін ренжісті?
Неліктен бала ренішін құмға жазды?
Неліктен алғысын тасқа жазды?
Кешірімді адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Бұл әңгімеде қандай құндылықты көреміз?
Өзің ренжіген жағдайда көңіл-күйінді қалай білдірер едің?
Өзіңнің кішіпейілділік көрсеткен кезің болды ма? Айтып беріңдер.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды гүлдердің түстеріне байланысты екі топқа бөліп отырғызамын.
Әр топқа тапсырма беріледі:
1-топ: «Кешіре білейік!» тақырыбына өлең құрастыру
Кешірімді боламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
-------------------------------
------------------------------- 3,4 жолдарын құрастыру.
2-топ: Кешірімді болу үшін қажет қасиеттерді тізбектеп жазу. Баяу әуен қосылады
Үй тапсырмасы.
1. Оқулықтың 50 беттегі 13 сабақтағы «Өсиет» әңгімесін оқу, мазмұндау. Сұрақтарына жауап дайындау.
2. Дәптердегі 13 беттегі 2 тапсырманы орындау.
Топпен ән айту. «Достар әні»
Әні: А. Асановтікі
Сөзі: Ф.Оңғарсынованікі
Ақ қарамыз, сарымыз
Тату доспыз бәріміз
Достық жайлы ән салып,
Шырқатайық бәріміз.
Жүзімізге қараңыз,
Бал-бұл жанған баламыз.
Бізге қымбат күн шуақ,
Бізге қымбатанамыз.
Күннің нұрын сүйеміз,
Қырдың гүлін сүйеміз.
Бізді ойнатып тәтелер,
Күлдіргенін сүйеміз.
Балдырғанбыз арай жүз,
Бал бұл жанып қараймыз.
Ойыншықтар біздерде,
Көп болғаның қалаймыз.
Сұрақтар:
Бұл әнде қандай құндылық көрсетілген?
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады.
Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыз.