Физика п?нінен дидактикалы? материалдар. Де?гейлік есептер (8 сынып)


А деңгей
10-9 Кл заряд тұрған нүктедегі электр өрісінің кернеулігі 5 В/м. Зарядқа әрекет ететін күшті табыңдар.
А деңгей
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы әр минут сайын 42 Кл-ға тең электр мөлшері өткен кездегі өткізгіштің ток күшін есептеңдер.
А деңгей
Ток күші 0,5 А болғанда, 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?
А деңгей
Заряды 2нКл су тамшысы заряды 1нКл су тамсышымен бірікті. Пайда болған тамшының заряды қандай?
А деңгей
2*10-8 Н күш әрекет ететін 10-9 Кл нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі қандай?
А деңгей
Кернеулігі 2 В/м біртекті өрісте заряд күш сызықтары бойымен 0,2 м қашықтыққа орын ауыстырады. Осы нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы неге тең?
А деңгей
Кернеулігі 5000 В/м болатын электр өрісіндегі зарядқа шамасы 30 Н-ға тең күшәрекет ететінін ескеріп, зарядтың шамасын анықтаңдар. Жауабын Милликулонмен өрнектеңдер.
А деңгей
20 нКл заряд потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істейді?
В деңгей
Ауданы 200 см2 болып келген екі пластинаның арасына қалыңдығы ,01 см слюдадан жасалған жапырақша қойылған болса, конденсатордың сыйымдылығы неге тең?
В деңгей
Екі үлкен пластиналар арасындағы электр өрісінің кернеулігі 10 кВм-ге тең. Егер пластиналардың арақашықтығы 5 см болса, пластиналарға әрекет ететін кернеу қандай болады?
В деңгей
Өзара паралелль өткізгіш пластиналар арасындағы кернеу 500 В. Пластиналардың арақашықтығы 0,02 см болса, олардың арасындағы өріс кернеулігі неге тең?
В деңгей
10 нКл заряд кернеулігі 2 кВм –ге тең өріс нүктесіне орналастырылған. Зарядқа әрекет ететін күш қандай?
С деңгей
Жазық конденсатор астарларының арасындағы өріс кернеулігі 6000 В/м. Осы өрісте тепе-теңдікте тұрған 5*10-11 Кл зарядтың массасын табыңдар. g=10Нкг.
С деңгей
Нүктелік зарядтан 5 см қашықтықта электр өрісінің кернеулігі 2 *105 Н/Кл болса, осы зарядтың шамасын табыңдар? k=9*109Н∙м2Кл2.
С деңгей
Жазық ауа конденсаторының ауданы 60 см2. Егер заряды 2нКл конденсаторлардың астарларындағы кернеу 90 В болса, конденсатор пластиналарының арақашықтығы неге тең? Ɛ=1, Ɛ0=8,85*10-12Фм.С деңгей
2,6*10-7 Кл зарядты шексіздіктен электр өрісінің белгілі бір нүктесіне көшіргенде жасалған жұмыс 13*10-5 Дж-ға тең. Өрістің осы нүктесінің потенциалын табыңдар.