Химиядан 8 — сынып?а арнал?ан Су. Ерітінділер тарауы бойынша ба?ылау ж?мысы (критериалды ба?алау)

«Су.Ерітінділер» тарауы бойынша №5 бақылау жұмысы 8 класс
І нұсқа.
Мына тұжырымдар судың қасиеттерін сипаттайды
(дұрыс тұжырымдарды дәптерге көшіріп жаз):
Қайнау температурасы 800С болады;Қатты күйдегі тығыздығы сұйық күйдегісінен аз болады;
Су – әмбебап еріткіш болып табылады;
Өсімдіктердің 4/5 бөлігін құрайды.
барлығы – 6 ұпай
Судың айырылу реакциясының теңдеуін жазыңдар. 90 гр су айырылғанда түзілетін сутек пен оттектің массасын табыңдар. Сутек пен оттектің (қ.ж.) көлемін есептеңдер.
барлығы – 5 ұпай
Реакция теңдеулерін аяқтаңдар, тотығу дәрежелерін табыңдар, теңестіріңдер:
Ca + H2O = ….. + … ↑
H2O →(электр тогы) → … + …
… + SO3 = H2SO4
барлығы – 9 ұпай
Магний сульфаты гептагидратының MgSO4*7H2O құрамындағы судың массалық үлесін табыңдар.
барлығы – 2 ұпай
Ерітінділерге байланысты есептер:
Массасы 20 гр қантты 1л суда еріткенде түзілген қант ерітіндісінің массасық үлесін есептеңіз.
Массасы 5 гр тұзды 100 мл суда еріткенде түзілген тұз ерітіндісінің массалық үлесін есептеңіз.
барлығы – 8 ұпай
№ Критерийлер Дескрипторлар
1 Судың негізгі қасиеттерін білуі (6 ұпай). - Судың физикалық қасиетін білуі (2 ұпай);
- Судың табиғаттағы маңызын білуі (2 ұпай);
- Мәтінді оқып, түсініп талдай алуы (2 ұпай).
2 Судың химиялық қасиетіне есептер шығара білуі (5 ұпай). Судың айырылу реакция теңдеуін білуі (1 ұпай);
Реакция теңдеуін теңестіре алуы (1 ұпай);
Сутек пен оттектің массаларын есептей алуы (1 ұпай);
Сутек пен оттектің (қ.ж.) көлемін есептей алуы (1 ұпай);
Жауаптың дұрыс болуы (1 ұпай).
3 Реакция теңдеуін аяқтауға, тотығу дәрежесін табуға, теңестіруге арналған есептерді орындауы
(9 ұпай). Реакция теңдеуін аяқтап жазуы (3 ұпай);
Теңдеуді теңестіре алуы (3 ұпай);
Элементтердің тотығу дәрежесін дұрыс көрсетуі (3 ұпай).
4 Массалық үлесті есептеуге арналған есептеді шығаруы
(2 ұпай). Берілген қосылыстың молярлық массасын дұрыс есептеуі (1ұпай);
Судың массалық үлесін есептеуі (1ұпай).
5 Ерітінділерге байланысты есептер (8 ұпай). Есептің шартын дұрыс құру (2 ұпай).
Көлемді массаға айналдыра алуы (2 ұпай);
Массалық үлесті табуға арналған формуланы білуі (2ұпай);
Жауаптың дұрыс болуы (2 ұпай).
6 Барлығы 30 ұпай Бағалануы: 1-7 ұпай – «2», 8-15 ұпай – «3»,
16-23 ұпай – «4», 24-30 – «5».
«Су.Ерітінділер» тарауы бойынша №5 бақылау жұмысы 8 класс
ІІ нұсқа.
Мына тұжырымдар судың қасиеттерін сипаттайды
(дұрыс тұжырымдарды дәптерге көшіріп жаз):
1000С қайнау температурасы болып табылады;
Тығыздығы 1 гр/см3;
-60С балқу температурасы болып табылады;
Екі атом сутектен және бір атом оттектен тұрады.
барлығы – 6 ұпай
Массасы 16 гр оттек сутекпен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңдар, қанша гр су түзілетінін және қанша гр сутек жұмсалғанын есептеңдер. Су мен сутектің (қ.ж.) көлемін табыңдар.
барлығы – 5 ұпай
Реакция теңдеулерін аяқтаңдар, тотығу дәрежелерін табыңдар, теңестіріңдер:
CaО + H2O = …..
Na + …. = NaOH + …↑
P2O5 + …. = H3PO4
барлығы – 9 ұпай
Барий хлориді дигидратының BaCl2 *2H2O құрамындағы судың массалық үлесін табыңдар.
Ерітінділерге байланысты есептер:
Массасы 35 гр қантты 0,5л суда еріткенде түзілген қант ерітіндісінің массалық үлесін есепте.
Массасы 7 гр тұзды 150 мл суда еріткенде түзілген тұз ерітіндісінің массалық үлесін есепте.
барлығы – 8 ұпай
№ Критерийлер Дескрипторлар
1 Судың негізгі қасиеттерін білуі (6 ұпай). - Судың физикалық қасиетін білуі (2 ұпай);
- Судың табиғаттағы маңызын білуі (2 ұпай);
- Мәтінді оқып, түсініп талдай алуы (2 ұпай).
2 Судың химиялық қасиетіне есептер шығара білуі (5 ұпай). Судың айырылу реакция теңдеуін білуі (1 ұпай);
Реакция теңдеуін теңестіре алуы (1 ұпай);
Сутек пен судың массаларын есептей алуы (1 ұпай);
Сутек пен судың (қ.ж.) көлемін есептей алуы (1 ұпай);