Гажайып сурет ?лемінде атты шыгармашылык сайыс


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде» сайысы
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Бейнелеу
Тобы: Ересек топ (Шаттық , Балдәурен)
   Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.  Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.Көрнекілігі: құрастырма суреттер, суреттер.Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті қонақтар, сайысымызға қатысушылар!
Бүгінгі бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті бойынша ересек топтар арасындағы «Ғажайып сурет әлемі» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.
І топ «Бояулар»
ІІ топ «Қарындаш»
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін-өзі таныстырар, – дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.
 «Бояулар» тобы:
Көрікті ашық бояумыз.
Өнерге ғашық баламыз.
Бәрінің өңін келтірерСурет болмас бояусыз.
 «Қарындаш» тобы:
Біздің есім «Қарындаш»,
Өнерсіз бала қарны аш.
Сайысқа келген достарым,
Сурет сал, міне қарындаш.
 
 Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, – деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.
 Сайыс кезеңдері:
«Кім тапқыр?»(суретті құрастыру)
Суретті аяқта( симметриялы суретті толықтыру)
Айырмашылығын табайық
«Кім жылдам?» (тауық бейнесін суреттеу)
Жасырын сурет (күзгі жаңбырды балауыз шам арқылы шығару)
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
  1 кезең
Тапқырлықпен табатын,
Заттардың бейнесін.
Бір-бірімен суреттер,
Табу керек үйлесім.
Быт-шыт болып шашылғанҚұрайды екен кім жылдам? – деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.

 2 кезең.Симметриялы суреттерді аяқтау тапсырылады
.
3 кезең. Екі топқа екі түрлі суреттер беріледі.Топ басшылары шығып айырмашылығын табуға тырысады.
 
4 кезең. Сайысқа қатысушыларға тауық бейнесін тез әрі оңай салып шығару тапсырылады.Тақтада кезең бойынша тауық бейнеленген,бірақ кезең бойынша салу ұзақ болатындықтан балалар басқа тәсіл арқылы тауықты салуға тиіс.

5 кезең. Жасырын суретті субояқ көмегімен шығарып алу. Балауыз шам арқылы нобайын салу
.
Сергіту сәті. Ал балалар тұрайықБойымызды жазайықАғаштарша тербеіпКәне, сергіп алайықҚолымызды созайықОрнымызды табайық.
Сайысты қорытындылау.
Топтардың ұпайларын есептеп, жалпы ұпай сандарын шығару арқылы жеңімпаз топты анықтау.
Көңіл – күй фишкаларын тарату.Номинациялар бойынша марапаттау. Сіздерге көп – көп рахмет!Біздің осымен «Ғажайып сурет әлемінде» атты шығармашылық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Мұғалім: Дінисламова Ақтоты