Microsoft Excel-де диаграммаларды ??ру ж?не кестені баспа?а дайындау 8 сынып


Тақырыбы:
• Microsoft Excel-де диаграммаларды құру және кестені баспаға дайындау
Мақсат:
Жаңа білім • MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету.
Жаңа түсінік • MS Excel –де диаграмма енгізудің жұмыс түсіндірмесін береді. Баспаға шығаруды түсіндіреді.
Қолданым әрекеті • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Талдау әрекеті • Функцияны категорияларымен талдайды.
Шығармашылық әрекет •Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамытады.
Бағамдау әрекеті •Microsoft Excel электрондық кестесі ұсынатын диаграммалар жайлы білімдерін түйіндейді. Баспаға шығаруды талдайды.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу ( 15 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (19 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (3 мин.).
Сабақ типі:
• Сабақта жаңа білімді меңгеру
Оқыту әдісі:
• Интерактивті, түсіндіре-баяндау әдісі, ақпарат әдісі, көрнекілік әдісі
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Оқушыларға Microsoft Excel-дегі диаграмма ұғымын түсіндіру.
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Графиктік бейнелеу, аңыз, колонтитул.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен жәрдем сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
1."Информатика” Байжұманов М.Қ., Жапсарбаев Л.Қ. Алматы 2004жыл.
2. "Информатика учебное пособие” Степаненко Г.Е. Мәскеу 2003жыл.
3. ITlearn.kz. Microsoft Office бағдарламалары, MS Excel сабақтары.
Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:
Өтілген тақырыпты қайталау. Қазақстан Республикасының тұрғындарын ұлттары бойынша талдап, тиісті диаграмма құру.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
1. Диаграммалар, оларды енгізу әдістері.
2. MS Excel-дегі диаграммалар түрлері.
3. MS Excel-дегі Диаграмма шеберінің жұмысы.
4. Кестені баспаға шығару.
Слайдтар:
1-слайд Microsoft Excel-дегі диаграмма ұғымы
3632200-161290Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. 
2-слайд Microsoft Excel-дегі диаграмма ұғымы
3982085-173990Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парқта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диагамма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді.
3-слайд Диаграммалардың түрлері1) Бағаналық (гистограмма)
2) Сызықтық
3) Графикалық
4) Дөңгелек
5) Нүктелік
6) Облыстық
7) Жапырақшалық
8) Поверхность
9)Үстіңгі бет
10) Көпіршіген
11) Биржалық
12) Цилиндрлік
13) Конустік
14) Пирамидалық4-слайд
Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі бар:
1) Горизанталь осі
2) Вертикаль осі
Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады:төр,тақырып және аңыз.
Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.
Аңыз(легенда)диаграммада бепген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.
5-слайд Диаграмма жасау
187769550165Диаграмманы тұрғызу үшін Енгізу аспаптар үстелінде орналасқан диаграмма батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді кейін де енізуге немесе өзгертуге болады. 
2411095139706-слайд
Диаграмма енгізу қадамдары
1-қадам:
Диаграммамен жұмыс тақтасында конструктор саймандар үстеліндегі қалыптардан қажет үлгіні таңдаймыз.
351536095257-слайд Диаграмма енгізу қадамдары
2-қадам:
Мәліметтер аралығын енгізу конструктор саймандар үстелінде мүмкін. Мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалады.
Диапазонды қолмен жазса да болады.
8-слайд Диаграмма енгізу қадамдары
3-қадам:
1758315-44450 Диаграммаға түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға болады. Ол үшін диаграммамен жұмыс тақтасында макет саймандар үстеліндегі функциялар қолданылады.
296799009-слайд Диаграмма енгізу қадамдары
4-қадам:
Диаграммамен жұмыс тақтасында Формат саймандар үстелінде диаграмманың түр-түсін, формасын өзгертуге болады.
10-слайд Диаграмманы редакциялауДайын болған диаграмманы түзетуге болады. Ол келесідей элементердің жиынтығынан тұрады: тақырыбы, тақырыптық осьтер, тор сызықтары, тұрғызу аймағы, маркерлер, сандық мәліметер және т.б. Диаграмманың кез-келген элементін тышқанның көмегімен ерекшелеп алып, параметрлерін өзгертуге болады. Пішім (Формат) командасының көмегімен ашылған терезеде диаграмманы пішімдеуге болады. Диаграманы өшіру үшін Delete пернесін басамыз немесе диаграмма орналасқан парағын алып тастаймыз (Түзету (Правка) > Тазарту (Очистка)).
27755852857511-слайд Кестені баспаға шығару
Microsoft Excel бағдарламасында беттегі барлық мәліметтерді немесе ұяшықтардың белгілі бір ауқымын баспаға шығаруға болады. Ол үшін Көрініс>Кітапты қарау жүйесі командасын орындау керек. Бұл команда кестені экранға шығарып береді, кестені бұл режимде түзете аламыз.
3357880190512-слайд Құжатты баспаға шығару
Құжатты  баспаға шығару параметрін баптау үшін  Файл >  Баспаға шығару командасын таңдау керек, содан кейін бағыныңқы менюде Баспаға шығару командасын таңдау керек.
Баспаға шығару терезесінде принтерді таңдау және т.б баптаулар жасалады.
13-слайд
Үлкен кестелерді баспаға шығару кезінде беттердің арақашықтығын қоюға болады.
Беттен бөлек онда орналасқан диаграмманы баспаға шығаруға болады.
Бір немесе бірнеше кітаптағы бірнеше бетті бірден баспаға шығаруға болады.
Баспаға шығару масштабын өзгертуге болады. Баспаға шығару кезінде алаң өлшемін, парақ өлшемін таңдауға болады.
Баспаға шығару беттерінде баспаға шығару уақыты, әртүрлі ақпаратты орналастыруға болатын колонтитулдар болуы мүмкін.
іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объект қалай аталады? Диаграмманың неше түрі бар ? Диаграмманы құру қанша қадамнан тұрады?
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1.Microsoft Excel-дегі диаграмма ұғымын қалай түсіндіресің?
_________________________________________________________________
2. Аңыз, тақырып, тор дегеніміз не?
_________________________________________________________________
3. Диаграммаға өзгертулерді қалай енгіземіз?
_________________________________________________________________
4. 3 түрлі кез-келген диаграмма түрін жаз.
_________________________________________________________________
5. Диаграммада берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектесетін элемент?
_________________________________________________________________
6. Макет саймандар үстеліндегі функциялар не мақсатта қолданылады?
_________________________________________________________________
7. Диаграмманың түр-түсін, формасын қай саймандар үстелінің көмегімен өзгертуге болады?
_________________________________________________________________
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Графикалық объектінің көшірмесін қалай аламыз? _________________________________________________________________
2. Құжатты  баспаға шығару параметрін баптау үшін  қандай командасын таңдау керек?
_________________________________________________________________
3.Қай командасының көмегімен ашылған терезеде диаграмманы пішімдеуге болады?
_________________________________________________________________
ІІІ деңгей тапсырмалары
Қай команда кестені экранға баспаға шығатындай етіп көрсетеді?
_________________________________________________________________
Топтық жұмыс.
Сынып 3 топқа бөлініп, әр топ өзіне сәйкес тапсырманы орындауы тиіс.
І топ
1. Төмендегі y=x 2 функцияға график типін таңдап, диаграмма тұрғыз.
х у
2 4
4 16
6 36
8 64
10 100
12 144
ІІ топ
Кесте бойынша тиісті диаграмманы жасаңдар.
1926 1939 1959 1970 1979 1989 1999
2009
Қазақтар 57,1 38 30 32,6 36 39,4 50,7 63,3
Орыстар, украиндар, белорустар 33,1 51,5 52,1 51,1 48,1 44,3 37,7
23,3
Басқа ұлттар 9,9 10,5 17,9 16,3 15,9 16,3 11,6 13,1
ІІІ топ
Азиада қорытындысы бойынша диаграммалар құр.
МемлекеттерБарлығыАлтын КүмісҚола15494012700KAZ - Казахстан 32 21 17
82550-635JPN - Япония 13 24 17
66675-3175KOR - Корея 13 12 13
1543056350CHN - Китай 11 10 14
177800-13970MGL - Монголия   1 4
154305-33655IRI - Иран   1 2
82550-35560KGZ - Кыргызстан     1
142240-14605PRK - КНДР     1
________________________________________________________________
V. бағамдау-бағалау  Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________