Астрономия тарауын ?айталау саба?ы


Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Абай атындағы орта мектебі

Өткізген: Баян Уалиева2015 жыл
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Астрономия негіздері тарауын қайталау
Білімділік мақсаты: Жұлдызды аспан-шоқжұлдыздар мен жұлдыздар, жұлдыздық шамалар аспан сферасының элементтері, ғарыш алаңы туралы алған білімдерін жинақтау, талдау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушы өз еркімен ойланып топтық жұмыс жасауға, өз ойын айтуға дағдыландыру. Өзін - өзі бағалай білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Кез келген тапсырманы жауапкершілікпен орындай білуге, тиянақты әрі ұқыптылықпен уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, жеке карточкалар, интерактивті тақта. Тест Сабақтың әдісі: Топтық, жеке жұмыстар
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылар санын және олардың оқу-құралдарын түгендеу.
2. Өзін- өзі бағалау
3. Топқа бөлу.
ІІ. Психологиялық дайындық
Оқушылардың көңіл күйін анықтау
ІІІ. Бас қатырғыш
80010030416500Сандар арқылы жасырын әріптерді теру арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.
(1,3), (3,2), (4,2), (5,4), (5,1), (4,1), (5,1), (3,1), (12,3), (11,1),
(4,1), (6,3), (4,3), (6,4), (9,3), (5,3), (6,3), (5,4), (6,4)
Бүгінгі сабақтың тақырыбы Астрономия негіздері тарауын қайталау.
ІҮ. Физикалық коллаж І топ Жұлдызды аспан, шоқжұлдыздар
ІІ топ Күн жүйесі, планеталар қозғалысы
ІІІ топ Ғарыш алаңы, ғарышкерлер
Ү. Ойлан тап
Ғалымдар өмірінен, ашқан жаңалықтар, заңдар жөнінде қысқаша мағлұмат
Уақыттың негізгі бірліктері
ҮІ. Сергіту сәті Жұмбақтар шешу
ҮІІ. Есептер шығару
№1. Ұшақ радиусы 255м «өлі тұзақ» жасап тұр. Ұшқыш креслосына бекітілген белдігіне асылып қалмас үшін, тұзақтың ең жоғарғы нүктесінде ұшақтың ие болатын ең аз жылдамдығы (g=10м/с2)
№2. «Восток» космос кораблі бортында орнатылған хабарлағыш 20МГц жиілікте жұмыс істеген. Ол шығаратын радиотолқындардың ұзындығы мен периоды (с=3*108м/с)
№3. 250км қашықтықты 0,5 сағатта өткен ұшақтың жылдамдығы
ҮІІІ. Тест
Тест
1. Физикалық құбылыс ұғымына тиісті емес сөзді атаңыз?
А) Мұздың еруі    В) Найзағайдың жарқылы   С) Сынап Д) Жанартаудың атқылауы
2. Астрономияда арақашықтықты анықтауда астрономиялық бірлік (а.б.) қолданылады. Жерде күнге дейінгі орташа қашықтық 150млн км-ге тең. Төмендегі нұсқалардың қайсысында 1а.б.
стандарт түрге енгізілген.
 А) 0,15*1012м   В) 150*106м  С) 15*1010м Д) 1,5*1012м
3. Арақашықтықтың төмендегі өлшем бірліктерінің ішіндегі ең үлкені
А) миллиметр   В) мантиметр  С) дециметр Д) метр
4. Денелердің  жерге тартылу күші
А) Үйкеліс күші   В) Серпімділік күші С) Ауырлық күші Д) қысым күші
5. Жиілігі 4Гц жүктің тербеліс периоды
  А) 0,25с   В) 0,75с С) 2с Д) 4с
6. Еркін түсу үдеуі неге тең?
А) 9,6м/с2  В) 9,7м/с2  С) 9,8м/с2  Д) 9,9м/с2 
7. м/с – қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі?
А) үдеу      В) Масса            С) көлем Д) жылдамдық
8. Серпімді ортада толқын 100 м/с жылдамдықпен тарайды. Фазалары бірдей ең жақын екі нүктенің арақашықтығы 1м болса, тербеліс жиілігі?
А) 50Гц   В) 100Гц С) 20Гц Д) 0,01Гц
9. Бірінші ғарыштық жылдамдық нешеге тең?
А) 12км/с   В) 6,7км/с   С) 7,9км/с Д) 11км/с
10. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым 
А) Б.Паскаль  В) Э. Торричелли     С) И.Ньютон Д) Н.КоперникІХ. Рефлекция
Х. Үйге тапсырма Тарауды қайталау
ХІ. Бағалау
Оқушының аты – жөні:
Бас қатырғыш Физикалық коллажОйлан тап Уақыт бірліктері Есеп шығару Тест Жалпы ұпай Баға
2 ұпай 2 ұпай 2 ұпай 2 ұпай 2 ұпай Әр сұрақ 1 ұпай