Саба? жоспары ?аза? хал?ыны? материалды? м?дениет.


Сабақ№18
Сынып: 5
Күні: _______
Пән: Қазақстан тарихи
Тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті.
Сабақтың түрі: аралас
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу
Дамытушылық: - материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік і: - қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру
Пәнаралық байланыс: информатика, география, әдебиет, мәдениеттану
Әдістері: сұрақ – жауап, өздік жұмыс, топпен жұмыс,
Көрнекілігі: карточка, сызба, компьютер, суреттер, қосымша материалдар, т.б.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Сабақтағы іс - қимыл Уақыт
1.Ұымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу 2. Жан – жақты білімін тексеру
Ойын «Кім жылдам?»
1.Күй өнерінің өкілдерін атандар (Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сүгір, Ықылас, Дина Нұрпейісова)
Ән өнерінің өкілдерін атандар (Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Майра, Сара, Естай)
Құрманғазының шәкірттері кімдер? (Д.Нұрпейісова, Шора )
Қобыз атасы кім саналады? (Қорқыт)
Қорқыт ата туралы аңызда не айтылады?
3. Жаңа материалды меңгеруге дайындық Сабақтың мақсатың ашу 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
269240016256026257251625602625725162560212090016256043434011557000196215115570 Мәдениет Материалдық мәдениет
рухани материалдық
Баспана: Көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасы – киіз үй.
Киіз үйлер үлкен – кішілігіне қарай: 4 қанатты, 6 қанатты, 8 қанатты, 12 қанатты болады. Сән –салтанатына қарай: ақ орда, хан орда, қараша үй, лашық, абылайша, ұраңқай, жолым үй деп бөлінеді.
Кереге – киіз үйдің негізі.
Кереге деп киіз үйдің шеңбер қабырғасын атайды. Уық – шанырақпен керегені байланыстыратын бөлшегі. Шанырақ – киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі.


Оқулықпен жұмыс: § 44 оқу
1 топ: Қазақ халқының ұлттық киімдері
23418801390650023418801390650023412451390650022117051390650015906751390650011226801390650024130013906500Ұлттық киімдер
Тақия сәукеле тон шапан шекпен қамзол етік
2 топ: Қазақтың үй жиһаздары
22796491631952159000163195215900016319518192751676400010356851676400037147516764000Үй жиһаздары
Кебеже абдыра сандық кілем текемет
Реферат оқу
1 топ: Қолөнер бұйымдары
241300-190500904875-1905001253490-1905001819275-1905002211070-1905002341245-1905002341245-1905002341880-1905002341880-190500
Сырға білезік жүзік сақина алқа қару – жарақ қылыш айбалта
2 топ:
2348865174625181546517462510096417462573914017462524726891746252406015174625014916151746250023393401746250023488651746250023488651746250Қазақтың ұлттық тағамдары
253619074295
Қазы қарта шұжық қымыз шұбат айрат құрт ежігей
Бауырсақ шелпек тоқаш 5.Жаңа тақырыпты бекіту Өздік жұмыс: карточка

6. Үй тапсырмасың түсіндіру
§44 оқу. 7. Сабақтың қорытындысы
Сөзжұмбақты шеш

1 Ер адамдардың мал терісінен жасалған сырт киімі (тон)
2 Аяқ киім (етік)
3 Әйелдер білегіне тағатын алтын, күмістен жасалған әшекей бұйым (білезік)
4 Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін әшекейлі бас киім (саукеле)
5 Түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сырт киім (шекпен)
6 Мойынға тағатын сәндік бұйым (алқа)