?аза? тілі Есімдіктен ?ткенді ?айталау саба?ына слайд


Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау Мақсаты 1.Оқушылардың есімдік бойынша алған білім дағдыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеру; 2.Ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын, ойлау, өздігінен жұмыс әрекеттерін, шығарма-шылық белсенділіктерін дамыту арқылы жан-жақты тұлға қалыптастыру; 3.Басқаның жауабын тыңдай білуге, бірін-бірі бағалауға өз ойын еркін жеткізе білуге, тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын тудыруға қорғауға тәрбиелеу Күлімде, күн, күлімде,Күлсін барлық бала шат!Берекелі бүгіндейБейбіт болсын болашақ! Ой қозғау сұрақ-жауап Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,Ұранға “Алаш” деген атты аламын.Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім қазақ,Мен неге қазақтықтан сақтанамын. Сұрақтар 1.Бұл кімнің өлеңі? 2.Осы өлең жолдарында есімдік бар ма? 3.Есімдік дегеніміз не? 4.Не себепті есімдікті орынбасар сөз деп атайды? 5.Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар? 6. Жіктеу есімдігі дегеніміз не? 7.Сілтеу есімдіктеріне қандай сөздер жатады? 8.Өздік есімдігі қай сөз арқылы жасалады? 9.Болымсыздық есімдігін атаңыз. 10.Белгісіздік есімдігі дегеніміз не? «Иә, жоқ» әдісі бойынша есімдік және оның түрлері сұралады. - Есімдік сөз табы ма? - Ол зат есім, сын есім, сан есім орнына жұмсалады ма? - Есімдіктің 6 түрі бар - Сілтеу есімдігі «қай?» Деген сұраққа жауап береді. - «Анау» деген сұрау есімдігі. - «Өз елім - өлең төсегім» деген мақалдың ішінде есімдік бар. - Есімдіктер орынбасар сөз табы деп аталады. - Жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін Жалпылау есімдігі. - Болымсыздық мағынаны білдіретін сілтеу есімдігі. - «Әрқашан күн сөнбесін» сөйлемінде жіктеу есімдігі қолданылған.  “Брейн-ринг” ойынының шарты: Ойын 3 деңгей бойынша жүргізіледі: ІІІ деңгей сұрақтарына дайындықсыз жауап беріледі. ІІ деңгей сұрақтарына 3-5 минут уақыт беріледі.І деңгей сұрақтарына 7-10 минут уақыт беріледі. ІІІ деңгей “Блиц-турнир” ІI деңгей “Іздену” 3-5 мин. І деңгей “шығармашылық” “Есімдік және әдебиет”(ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер келтіру) Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс-жаттығу ІV.Сабақты бекіту“Сызба кесте, білім “5”-те” р/с Мысалдар  жіктеу  сілтеу сұрау өздік белгісіздік Болымсыздық Жалпылау 1. Барлық 2. Олар 3. Мыналар 4. Өздері 5. Ешқашан 6. Қайда? 7.. Бәрі 8. Кейбіреу 9. Ешқайда 10. Әлдеқайда 11. Өзіміздің БЕКІТУ“Мен қазақпын” деген патриот оқушы қалай болу керек? Үйге тапсырмаЭссе жазу “Менің қиялымдағы болашақ Қазақстан”(есімдіктің түрлерін қатыстыру) Ұнаса менің сабағым,Рахмет айтып қоштайық,Ертеңгі күнгі сабақтыЕтістіктен бастайық.