Т?рбие са?аты Жігіт с?лтаны


№14 орта мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Г.М. Бимолданова
«Жігіт сұлтаны» сайысы2625090180340001 - жүргізуші Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, оқушылар!Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердіңжолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық депжариялаймыз.Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.
28340054635500Ата жолын жалғамақ, Ел дәстүрін қолдамақЕл намысын қорғамақ.Жігіттер шықсын ортаға,Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.2 - жүргізуші Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.1 - жүргізуші
241490557912000Жігіттер келіп жетті танысуға,Бойындағы бар дарынды дамытуғаҚорықпастан сахнаға келіп жеттіӘдеппен сіздерменен танысуғаЖігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын айтып өтсін.2 – жүргізуші Ат өнері білінбес,Бәйгеге түсіп жарыспайЕр өнері білінбес,Қоян - қолтық алыспай.
252031586042500Сайысымыздың келесі түрі «Қол өнері» жігіттеріміз өздерінің қолдан жасағанбұйымдарын әділқазыларға әкеліп тапсырсын.Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады.1 - жүргізуші «Талапты ерге нұр жауар» Ол үшін сөзді тыңдай біліп,сөздерді ойға тоқу керек.Сайысымыздың келесі түрі «Салт - дәстүр» бойынша сұрақтарға жауап беруСалт - дәстүр бойынша сұрақтар:1. Жеті атаңызды атаңыз2. Жеті қазынаға нелер жатады? 3. Үш ұғымына байланыстыҮш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.1. Ағайын алтау, ана......(біреу)2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)3. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың) 5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)8. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)
2219325149415500Сайысымыздың келесі түрі « Спорт түрлерінен сайыс»Кір тасын көтеру, қол күрестіруДостарым, түсініңдер сөздің нарқын,Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың, Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.