Тарбие са?аты Жігіт с?лтаны


Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" (2-сынып)
Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.Алмира:Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық.Ата жолын жалғамақ,Ел дәстүрін қорғамақ.Жігіттер шықсын ортаға,Бүгін сұлтан атанбақ.Айдана: Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы жігіттер өз өнерлерін көрсетпек.
Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.1. Таныстыру Дилназ: Жігіттер келіп жетті танысуға,Бойындағы бар дарынды дамытуға,Жігерленіп келіп жеткен Ансарды шақырайық ортамызғаАдина:Қуантады білімімен бізді НүсәтҚол соғып қарсы алайық, енді оны біз.Білімің серік болсын талабыңа,Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.Дилназ:Өнер қуған жасынанӨнері судай тасығанКелесі біздің АрланКөрінген күштің басынынАқнұр: Сыйлаған ата - анасынҮлкеннің алған батасын ол ІлиясНаргиз: Сүрінбей сыннан өтемінМақсатыма жетемін деп келе жатқан ІнкәрбекАина: Жігіттің дара туған ірісіндейЖүрісі батырлардың жүрісіндейКелбетті батыр тұлғаСом білек Қажымұқанның інісіндей ЕрасылСағыныш: Ақынның тұяғымын сартылдағанАсылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Ералы
Аружан:Арман бар биік шыңға шықсам дегенҚыран боп көк әлемге ұшсам дегенБүгінгі сайыста жеңіп шығыпКең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Еділ
Айдана: Жақсы оқиды, өнері бар талапты,Бұл мектепті өзі қалап таңдапты,Шындық үшін шырылдайтын, ұлт жанды.Шақырайық ортамызға Амирді Сабина:Өнер көрсетуге қысылмаӨнерің болса қолыңдаӨнерлінің ырысы СамраттаАлмира: Спорт пен білім жағын бір қосқан,Кем қалмаған талантпен табысқан.Алдарыңызда өзі палуан күрескерМектептің оқушысы Мадияр
Ақнұр: Білімді, өзі алғыр жан-жақтыАқыл десе өз – өзіне айбындыОқушысы мына біздің мектептіңШақырайық ортамызға Нұрмұхамедті.
Аина:Білімімен бүгін міне ән қосты,Сұрақтар мен жауаптарды талдасты.Алғырлығын тағы бізге дәлелдерОртамызға шақырайық Санжарды2 - кезең «Үй жұмысы» Өз қолынан істеген бұйымның жасалу технологиясын түсіндіру.3-кезең «Білімді мыңды жығар» сұрақтарға жауап беру
Ал, кәнеки қырандарБосқа қарап тұрмаңдар.Бастап жігіт өнерінАлыстарға самғаңдар«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.
1-сұрақ: Төрт түліктің пірін атаңыз.Жауабы: Түйе пірі— Ойсыл қара, жылқы пірі— Қамбар ата, сиыр пірі— Зеңгі баба, қой пірі— Шопан ата, ешкі пірі— Шекшек ата.2-сұрақ: Жігіттің үш жақын жұртын ата.Жауабы: Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.3-сұрақ: су түбінде не жоқ?Жауабы: құрғақ тас жоқ.4-сұрақ.Қазақ халқының дәстүр-салты мен той-томалақтарын атап шық,Жауабы: Бесікке салу,қырқынан шығару, тұсау кесер,сүндетке отырғызу, бет ашар, көкпар, той бастар.5-сұрақ .5 асыл мен 5 дұшпанды ата.Жауабы: Бес дұшпан мыналар: өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ. Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.9 – сұрақ: 7 мамыр қандай күн, 9 мамыр ше?Жауабы: 7 мамыр – отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – ұлы жеңіс күні10 – сұрақ: Теңізге қызыл шүберек салсаң не болады?Жауабы: шүберек су болады11 – сұрақ: Бір жұмыртқа 15 минутта піскенде, 3 жұмырытқа ше?Жауабы: 15 минутта12 – сұрақ: Тауық бір аяғымен турғанда 2 килограмм, ал екі аяғымен тұрса?Жауабы: 2 килограмм14. Түйенің сүтін ата.15. Киіз үйге жарық қайдан түседі?16. Сәби баланың төсегін ата.17. Ер жігіттің бес қаруын ата.18. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.19. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам
1.Ауылдан асқан байлық жоқНеден қымбат қазына жоқ (КІТАП)2.Талапсыз жас, қанатсыз не? (ҚҰС)3.Бас кеспек болса да, не кеспек жоқ? (ТІЛ)4.Отансыз кім, ормансыз бұлбұл (АДАМ)5.Өнер алды қандай тіл (ҚЫЗЫЛ)6. Білім – теңіз, не кеме? (МЕКТЕП)7. Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны нешеу болмайды. (ЖЕТЕУ)8. Ер жігіт туар кім үшін. (ЕЛІ)Кедеймін деп қысылмаӨнерің болса қолыңдаӨнерлінің ырысыЖарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік.4-кезең «Тығырыққа тірелгенде»Шеберлерім өнер тамып қолынанЖаңылмаған ата - баба салтынынШебер қолдар өз өнерлерін көрсетсінБіз айталық төрелігін соңынан5 - кезең. Күш сынасуАт өнері білінбесБәйгеге түсіп жарыспайҚоян қолтық алыспай (Өз ара білектесіп күш сынасады)6 - кезең. Жігітке жеті өнер де азЖігіттер өнерлерін көрсетеді.Қортынды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.