Заманауи технологияларды? білім беруде алатын р?лі


Сабақ жоспары
Күні:_______________
Сыныбы: ___________
Сабақтың  тақырыбы: “Жиым(массив)”Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға  жиымдар тақырыбы  бойынша  түсінік беру, алған  білімдерін  нығайту,  тиянақтау,  бір  жүйеге келтіре  отырып,  теориялық  білімін  практикада  ұштастыру. Білімділігі: Оқушылардың массив жайлы жалпы білімін   қалыптастыру.Тәрбиелігі: Оқушыларды  адалдыққа,  дүниетанымдыққа,  жауапкершілікке,  жүйелікке,  ауызбіршілікке  мықты  және  әдептілікке  тәрбиелеу. Дамытушылығы:  Оқушылардың пәнге деген  қызығушылығын  арттыру, ой-өрісін  дамыту, өз  бетінше  жұмыс  істей  алу  қабілетін  көтеру, тапқырлыққа, шығармашылыққа  баулу.
Сабақтың міндеті: Оқушыларға  компьютер  алдында  еркін,  өз  бетінше  жұмыс  істеуді  қалыптастыру.
Сабақтың  типі: Жаңа сабақ меңгерту.Сабақтың  түрі: дәстүрлі практикалық сабақ Жаңа сабақты түсіндіру: “Жиымдар. Бірөлшемді жиым (массив)”. Жиым дегеніміз – бұл бір атауға біріктірілген бір типті шамалардың реттелген тізбегі. Жиымға кіретін айнымалыларды массивтің элементтері дейді. Олардың саны сипаттау бөлімінде анықталады да, программаның орындалу барысында өзгермейді. Олардың реттік номері индекс деп аталады. Жиым элементтерінің типі файлдан басқа кез келген (бүтін, нақты, символдық, жолдық, жиымдық т.б) тип бола алады.
Бірөлшемді жиым.Мысал ретінде көп суырмалары бар шкафты қарастырайық
Шкаф – бұл жиымСуырма номерлері – индексСуырма ішіндегі заттар – жиым элементтері
Сандар тізбегі.....
Паскал тіліндегі жиымдар.Жиымның негізгі параметрлері мыналар: типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді …) және көлемі (жиымдағы элементтердің саны).
Бірөлшемді жиымды Паскальда былай жазады:
<атауы> : array [1..n] of <элемент типі>
Мұндағы: <atay> – жиым (кесте) атауы,  1 алғашқы элемент нөмірі, n- ақырғы элемент нөмірі, <элемент типі>-integer, real немесе string…болатын элемент типі,   array- (жиым) операторды белгілеуге арналған Паскальдың қызметші сөзі. Массивті 2 түрде сипаттауға болады:
Айнымалылар бөлімінде сипаттау үлгісі:
Var массив аты: array [массив индексінің аралығы] of элемент типі; (array–массив). Квадрат жақшада массивтің бірінші және соңғы элементтерінің индексі жазылады.
Мысалы:varА: array [1..10] of integer;С: array [0..6] of сhar;B:array [5..-5] of real;Мұндағы : А массив аты, 10 элементі барын[1..10] өлшемін ,
элементтерінің бүтін сандық шама екенін көреміз. Сол сияқты С массивінде 7 элемент бар, олар таңбалар, Ал В массивінде 11 элемент бар, олар нақты сандар
Жиым элементтерін енгізу
BEGINfor i:=1 to n dobeginwrite(i,’-элементті енгіз ‘);readln(А[i]);end;
Жиым элементтерін экранға шығару
For i:=1 to n dowrite (A[i],’’:2);
Сабақты бекіту: Жиым элементтерінің қосындысын анықтау.
Program Sum_mas;Var i,s: integer;A : array [1..5] of integer;beginFor i:=1 to 5 doreadln(A[i]);s:=0;For i:=1 to 5 dos:=s+A[i];Writeln (‘s=’,s:6);end.
1.Бірөлшемді жиым элементтерінің ең үлкенін анықтау.
Program esep1;
var a:array [1..10] of integer;
max,i:integer;
begin
for i:=1 to 10 do
read(a[i]);
max:=a[9];
for i:=2 to 10 do
if max < a[i] then max:=a[i];
writeln('ең үлкен элементі =',max);
end.
2.Бірөлшемді жиым элементтерінің ең кішісін анықтау.
Program esep1;
var a:array [1..10] of integer;
min,i:integer;
begin
for i:=1 to 10 do
read(a[i]);
min:=a[1];
for i:=2 to n do
if min>a[i] then min:=a[i];
write(‘ең кіші элементі =’,min);
end.
Қайталау сұрақтары:
1.Жиым деп нені айтады?
2.Жиымды сипаттау үшін қандай сөз тіркесі қолданылады?
Қорытынды. Бағалау. Үйге тапсырма.