«Мені? Отаным –?аза?стан» Т?уелсізддікті? 25 жылды?ына арнал?ан ерте?гілік


Тақырыбы : «Менің Отаным –Қазақстан» .
Мақсаты :Ертеңгі ел болашағы болып табылатын жас бүлдіршін балдырғандарға Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы туралы мәлімет бере отырып , оларды отансүйгіштік патриоттық сезімге тәрбиелеу , ой - өрісін дамыту , сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі :Тудың ,Елтаңбаның ,Астана қаласының түрлі түсті суреттері .
Барысы.
Тәрбиеші : Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Әнұран орындалады.
Балалар біздің Отанымыз қалай аталады ? Балалар : Біздің Отанымыз –Қазақстан.
Балалар біздің Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр.Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Республика болып жарияланды . Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді. «Тәуелсіздік» дегеніміз өзіміздің еліміз , жеріміз , теңдігіміздің бар екендігін білдіреді. Осындай үлкен елімізді , жерімізді басқарып отырған кім деп ойлайсыздар ?
Қазақстан Республикасының президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәуелсіз еліміздің рәміздері Елтаңба , Әнұран ,Туы туралы сипаттап берейікші. Аяжан : Ән ұраным - жан ұраным
Айтар әнім -сөйлер сөзім .
Туған жерім -сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Ән ұраным - менің Қазақстаным !
Лаура : Шаңырақтың шаттығы
Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы елімнің
Елдің тыныш тірегі.
Ақжайна : Туымызға көгілдір,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында
Көгереміз ,көктейміз.
Сабина : Бабамның да арманы ,
Осы еді ғой аңсаған ,
Тәуелсіздік таңдары ,
Бақ береді баршаға.
Шахназ : Көк туымды қолыма,
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным.
Ердәулет: Тәуелсіздік жолында
Талай –талай тер төккен
Билігін өз қолында
Еркіндігім елтаңбам.
Санжар : Отан -жерім ,
Отан –суым
Отан қуат нәр береді
Отан - ұран
Отан –туым
Отан мәңгі гүлденеді.
Ән: «Әр қашан күн сөнбесін»
Ал енді балалар бәріміз есімізге түсірейікші , Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер.
Жарайсыңдар , балалар .Енді бәріміз бірге «Менің Қазақстаным » атты фото көрмені тамашалайық.
Сергіту сәтті : «Қара жорға» биі .
Ойын : «Туған жерді гүлдендір»/ Қазақстан картасына гүлдерді орналастырады ./
Балалар , Туған жерді гүлдендірер ұл –қызы міне , сіздерсіздер . Еліміздің келешек тағдыры , Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда . Ол үшін терең әрі жан –жақты білімді болу міндеттерің . «Туған жер - алтын бесік »- демекші , бүгінгі ертеңгілігімізде айтылғандарды өнеге етіп , елді ,жерді сүюді , қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.