,,С?гірді? шы?армашылы?ы ж?не к?йімен ж?мыс,, атты ?дістемелік ашы? саба?


Тақырыбы: «Сүгірдің шығармашылығы және күйімен жұмыс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сүгір күйінің өзіне тән орындаудағы ерекшеліктерімен таныстыру. Орындау машығына үйрету.
Дамытушылығы: Шертпе күй ойнауға бейімдеу, Ой – өрісін кеңейту, ұштау, жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Күй өнерін, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу, эстетикалық талғамын өсіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жеке сабақ
Көрнекілігі: Слайд.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру,назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ: «Сүгірдің шығармашылығы және күйімен жұмыс»Сүгір Әлиұлы (1882-1961) жылы Оңтүстік Қазақстан, Шымкент облысы ,Созақ ауданында дүниеге келіп, өмір сүрген қазақтың күйші - композиторы, шертпе күйдің шебері. 1961 жылы өмірден өткен. Сүгір бала кезінен өнерге бейім болған. Бала кезінде құмның ішінде жоғалған малды іздеп жүріп, әппақ сақалы бауырына түскен шалға кездесіпті.Абыз шал Сүгірді шақырып алып, «Қарағым күйші болады екенсің», - деп бата берген екен деседі. Сүгір 15 жасында –ақ Тәттімбет күйлеріне ден қойып, күйшінің «Сылқылдақ», «Қосбасар», «Былқылдақ» және де көптеген халық күйлерін домбырада тарта білді.Сондай-ақ атақты қобызшы Ықылас Дүкенұлын өзіне ұстаз тұтқан Сүгірдің қобыз әуендерін домбыраға ұштастыруы жаңашылдық болды. Асқан домбырашы, дарынды композитор Сүгір күйшілік өнерде тың арна салып, орындаушылық мектеп қалыптастырып, артына көптеген інжу- маржан күйлерін қалдырды. Арқаның, Жетісудың, Батыстың, Сырдың, Алтай, Тарбағатай саз сарындарының Сүгір күйлерінде көрініс беруі кездейсоқтық емес еді.
Сүгірдің орындаушылық өнерін, күйшілік мұрасын жалғастырушы: Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков, Ергентай Борсабаев, әкелі- балалы Әлімхан, Жанғали, Сәрсенғали Жүзбаевтар.

ОҚО Шымкент
Созақ ауданында туылған
Күйші Композитор
Шертпе күйдің шебері
30- дан астам күйлері бар
Тәлімі Тәттімбет ,Ұстазы Ықылас Дүкенұлы,
Күй мұрасын жалғастырушылары:Ж.Қаламбаев,Т.Момбеков, Е,Борсабаев, Әкелі- балалы Әлімхан,Жанғали,Сәрсенғали Жүзбаевтар
ОҚО Шымкент
Созақ ауданында туылған
Күйші Композитор
Шертпе күйдің шебері
30- дан астам күйлері бар
Тәлімі Тәттімбет ,Ұстазы Ықылас Дүкенұлы,
Күй мұрасын жалғастырушылары:Ж.Қаламбаев,Т.Момбеков, Е,Борсабаев, Әкелі- балалы Әлімхан,Жанғали,Сәрсенғали Жүзбаевтар

Қазақ күй өнерінде Сүгір өзіндік орындаушылық, стильдік ерекшеліктерімен дараланып тұрады. Мынадай әдіс – амалдарды қолдану арқылы, қайталанбас өрнек, өзіндік қолтаңба қалдырды:

Сүгір күйінің орындаушылық ерекшеліктері
Қара шертіс( төрт саусақпен шерту арқылы ойнау
Іліп қағу (сұқ саусақпен ішекті іліп қағу
Тұтып,төгіп, қымтап алу, қағу.
Дара шертіс(ішекті даралап,кезек-кезек шерту
Флажолет(ысқыруық дыбыс шығару.Табиғи, жасанды)
Лига (іліп алу, серпи басу)
Форшлаг(қысқа, ұзын)
Сүгір күйінің орындаушылық ерекшеліктері
Қара шертіс( төрт саусақпен шерту арқылы ойнау
Іліп қағу (сұқ саусақпен ішекті іліп қағу
Тұтып,төгіп, қымтап алу, қағу.
Дара шертіс(ішекті даралап,кезек-кезек шерту
Флажолет(ысқыруық дыбыс шығару.Табиғи, жасанды)
Лига (іліп алу, серпи басу)
Форшлаг(қысқа, ұзын)

Сүгірдің бүгінгі күнге дейін жеткен 30-ға жуық күйлері бар. Атап айтсақ: «Ыңғайтөк» І-ІІ тарау, «Аққу», «Майдақоңыр», «Назқоңыр», «Жолаушының жолды қоңыры»(жігіттің, қыздың тартқаны), «Телқоңыр», «Ілме», «Шалқыма» І- ІІ нұсқасы, «Бесжорға» І-V тарау, «Ыңғайтөк», «Бозінген», «Қаратау шертпесі» І-ІІ түрі,«Қосбасар»,»Тоғыз тарау», «Кертолғау» І-V тарау.
Аталмыш күйшінің күй мұрасын А. Райымбергенов пен С. Аманова Қоңыр дәстүріндегі «Телқоңыр», «Майда қоңыр», «Жолаушының жолды қоңыры» және толғау дәстүріндегі «Кертолғау», «Назқоңыр» сонымен бірге, аттас күйлер «Қосбасар», «Аққу», «Балбырауын», «Ілме», «Шалқыма» тәрізді қазақтың аспаптық музыкасында қалыптасқан дәстүрлі жанрларға жіктеу арқылы таныстырады.
Енді күй жанрына қарай жіктегенде, олар төмендегідей болмақ:
– лирика-философиялық күйлері: «Қосбасар», «Кертолғау», «Жолаушының жолды қоңыры» (қыз бен жігіттің тартуы), «Шалқыма», «Майда қоңыр», «Назқоңыр», «Тоғыз тарау».
– жан-жануарлар мен құстарға арналған күйлері (арнау күйлер): «Аққу», «Бозінгеннің бүлкілі», «Бес жорға», «Ыңғай төкпе», «Телқоңыр».
– тарихи күйлер «Тоғыз тарау», «Қаратау шертпесі» және тағы басқа күйлер.
Осы күйлерінің ішіндегі бүгінгі тоқталатынымыз - Сүгірдің «Кертолғау» күйінің ІІ тарауы.
Күйдің шығу тарихы: Сүгір өнер жолына түсіп, 30-ға дейін үйленбей жүрген. Онысы әкеге сын болатыны анық. Әкесі ат баптайтын бапкер, ертоқым, домбыра жасаған шебер, еліне қадірлі адам болған екен. Көршілес ауылдың бір сұлу қызына құда түсіп, айттырады. Сонда Сүгір соңғы бір өтінішін жасап: «Арқада Мафруза деген күйші қыз шығыпты, сол Мафрузамен күй тартысып, бағымды сынап көрейін, содан қайтып келген соң үйленейін» — дейді. Әкесінің батасын алып, қасына төрт жігіт ертіп, сол Арқадағы Мафрузаның ауылына келеді.
Сұлу қыз самаурынды қайнатып, шай құйып отырады. Төрде үкілі домбыра ілулі тұр. «Күйші қыз осы ма» — дегендей жігіттің біреуі домбыраны алып бастап кетеді. Бірінен соң бірі жалғастырып, кезек бесіншісіне келгенде, домбыраны кәдуілгі қағып отырғандай бір дыбыс шығарады. Домбыраның астыңғы тиегіндегі ішекті үстіне ауыстырғанда, домбыра солақай келеді. Сүгір домбыраны солақай тартқан адам ғой. Сол кезде шымылдық ашылады да, бір қыз шығады. Күйші қыз сол екен. Отау үйге барып, жасанып киініп келеді. Бес жігіттің ішінде көргені бір-ақ жігіт. Оның солақай тартқанына ренжіген түрмен қарайды. Өйткені, оң бұрауды солақай келтірген соң құлақ күйі бұзылады, көпке дейін келмейді. Оны сезген Сүгір күйін аяқтағаннан кейін, домбыраны білдірмей ауыстырып жібереді де, қызға бере салады. Домбыра оңқай келіп тұрғанына қыз қайран қалады. Ол да шебер күйші болса керек, бес жігіттің тартқанын бір өзі тартып береді. «Бес жорға» күйі осылай туған екен. Бұл күйді Т.Момбеков аңыз ретінде таратады.
Сүгір енді қызға жауап ретінде бұрын бастап, кейін аяқталмаған күйі бар екен, соны тартпасам елге тараған күйлерден жаңылмайтын түрі бар деп, жолдасымен ақылдасып, ішектерді ұрып-ұрып қалған кезде, қолы жүрмей қалады. Соны білдірмеу үшін Сүгір бір жерде саусақты ары-бері толғайды. Толғау арқылы түрленген дыбыс шығарады. «Кертолғау» күйі осылай шыққан
«Кертолғау» күйінде ұшы қиырсыз сахараның сан ғасырлық кейіпі, сансыз ұрпақтың бастан кешкен тіршілігі, шері, салтанатты көрініс беріп тұр. Кертолғау- салиқалы ойды білдіретін толғаулы күй.
Дамыту: Күйді үйренуге кіріспес бұрын, қол жүргізу мақсатында арнайы шертпе күйге арналған жаттығулар( штрихтар) орындаймыз.
Төкпе күйлерге қарағанда , шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болады. Төкпе күйде 1-4 саусақты Ля-До дыбысынан бастап қойса, ал шертпеде 4-2 саусақ Ре- До дыбысынан ойналады.
Күйді талдау:
Тональділігі: Соль мажор
Екпіні: Орташа
Өлшемі: 2/4,3/4 ауыспалы
Характері: Терең толғаныспен
Жанрына қарай: Лирикалық- философиялық
Қағысы: П П күреп қағу, ПV
Әдіс- амалдары: лига,форшлаг(қысқа)
Дыбыс күші: mf, f, p,pp.
Бекіту: «Сәйкестендір»
339913318500400219469311187800 Сүгірдің туған жерінің аты. Ықылас
316230012319000356629315274000 Алғаш күй үйрену тәліміндегі күйші- композитор. Ж.Жүзбаев
546645109176 Ұстазы . Ыңғайтөк
Күйінің аты. Созақ
Күйшілік мұрасын жалғастырушылардың бірі. Тәттімбет
Қорытындылау: Сүгірдің ұстазы, күй мұрасын жалғастырушылары, жалпы Сүгір Әлиұлының шығармашылығы туралы толық мәлімет алдық. Қазақ халқының күй өнерін, ұлттық құндылығымызды құрметтеу, шертпе күйдің шебері Сүгірдің күйлерін білу және орындау – міндетіміз болып табылады.

Үйге тапсырма: Күйдің орындалу ерекшелігін көрсете отырып, мәнерлі, шебер орындау. Қағыс ерекшеліктеріне, таза естілуіне мән беру.
Бағалау.

Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі


Ашық сабақ
«Сүгірдің шығармашылығы және күйімен жұмыс»
(Әдістемелік кеңес)

Өткізген: Қосмамбет.М.С