?дістемелік бірлестікті? есеп жазу ?лгісі


Музыка, технология, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, сызу және бейнелеу өнері пәндерінің әдістемелік бірлестігі мүшелерінің 2014-2015 оқу жылы барысында өткізілген жұмыстарының
ЕСЕБІ
Әдістемелік бірлестігі 2014-2015 оқу жылы мемлекеттік стандартқа сәйкес бағдарлама бойынша құрылып бекітілген жоспар бойынша өткізілген іс-шаралары нәтижесі төмендегідей. Оқу жылы барысында жоспарланған барлық іс-шаралар мерзімінде өткізілді талданды. Атап айтсақ 2014-2015 оқу жылы музыка пәні бойынша ақпан айында Республика көлемінде Алматы қаласында өткен Мұқағалидың «Жырлайды жүрек» атты ән номинациясы бойынша 4-ші сынып оқушысы Ондасын Әдемі 1-ші «Лаурят» атағын жеңіп алса облыс көлемінде Қасенов Расул 1-ші орынды сурет пәнінен жеңіп алды. Волейболдан аудан көлемінде 1-ші орын және баскетболдан ұлдар арасынан аудан көлемінде 1-ші орын алды. Алғашқы әскери дайындық пәнінен Әлдибеков Ж. Аудан көлемінде 1-ші орын және облыс көлемінде 3-ші орын жеңіп алды. Апталықта жоспарланған барлық іс-шаралар мерзімінде өткізілді, талданды, Атап айтсақ бейнелеу өнері сабағында Мырзахметов Б. «Туған жерім тірегім» атты сыныптар арасында сурет көрмесін өткізді. Музыка сабағы бойынша Мырзахметова Р. «Отаным Қазақстан» атты патриоттық ән байқауын сыныптар арасында өткізілді. Дене шынықтыру пәнінен Буксукбаев М. Ерғосаев М. Қуанов Н. сыныптар арасынан «Шынықсын денеміз» атты жарыстар ұйымдастырды. Технология пәні бойынша Әмірханов А. Рыскелдинова Г. ұлттық тәрбиеде «Тәрбие көзі бесіктен» атты сыныптар арасында көрме ұйымдастырылды. Апталық соңында іс-шаралардық қорытындысы шығарылып «ең үздік әнші», «жас суретші», «спорт шебері», «қолөнер шебері» атты номинациялары бойынша мақтау грамоталарымен марапатталды.