Конспект на тему К?сіптік ?ызметке ?зіндік талдау


Кәсіптік қызметке өзіндік талдау
«Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Егемен еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында десек, ұрпақ тағдыры білім мен тәрбие құзырында екені ақиқат. «Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі», - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі –мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Осыған орай, Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Әлемдік тәжірибеден белгілі жайт: мемлекет үшін білім беретін оқу орны – ғылым, білім және мәдениеттін тоғысқан жері, зерде биігі болып табылады. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осындай басты талаптарды негізге ала отырып өмірге бейімді оқушыларды даярлау, кәсіби шеберлігімді ұдайы жетілдіру және оқу –тәрбие үрдісінің сапасын көтеру бағытында жұмыс істеудемін.
Осы орайда алға қойған негізгі мақсатым: (әдістемелік ізденіс тақырыбым) «Оқытудың озық әдістерін пайдалану арқылы әр оқушының жеке қабілетін дамыту, оқу үрдісін тұлғаға бағыттай отырып география пәнінен білім сапасын көтеру» болып табылады. Оқу үрдісін жүргізу барысында жаңа технологияларды барынша қолдана отырып сабақтың сапалы өтуін басты назарда ұстаймын. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен  ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін. Сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: музыкалық орталық, дербес компьютер, ноутбуктарды пайдаланамын. Біздің мектепте интербелсенді тақта жоқ болғандықтан, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру  және уақытты үнемдеу мақсатында слайдтар дайындап, дербес компьютер көмегімен көрсеттім.  Осындай сабақтарым: 7 сыныпта «Африканың рельефі және табиғат зоналары», 6 сыныпта «Литосфера тарауын қайталау». Сыныптан тыс шаралар: «Аральское море и причины его гибели: проблемы экологии» 8 - 11 сыныптар арасында. Бұл сабақтардың барлығында да мүмкіндігінше оқытудың озық әдістерін, ақпараттық технологияларды қолданып, сабақты түрлендіріп, оқушылардың белсенді ат салысуларына мүмкіндік жасадым. Сабақ нәтижелері жаман емес. Барлық оқушы бағаланып, сабақтың сапа көрсеткіші де жақсы болды.
 Соңғы 3 жыл ішіндегі география пәні бойынша сапа көрсеткіші
 (мен беретін сыныптар бойынша)
 
2011-2012 оқу жылы-63,2%
2012-2013 оқу жылы-78,7%
2013-2014 оқу жылы-82,5%.
Пән мұғалімі ретінде оқушылармен сабақтан тыс уақыттарда жұмыс жасап әртүрлі аймақтық, қалалық деңгейдегі олимпиадаларға, конкурстарға, семинарларға, конференцияларға жиі қатысып тұрамын. Атап айтсам:
1. 2014 жылы Семейдің Қазақ Инновациялық Гуманитарлық - Заң Университетінің журналында ғылыми мақалам басылды.
2. 2014 жылы бизнес - колледжде ұйымдастырылған ІХ ғылыми - тәжірибелік конференциясында баяндама дайындаған үшін 8 сынып оқушысы Тұрлыбаев Әлижан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
3. 2012 жылы Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институт ректорынан "Алғыс хат" алдым.
4. 2013 жылы «Дарын» ғылыми практикалық орталығы өткізген «Ақ бота» интеллектуалдық конкурсынан 7 сынып оқушысы Чибачева Алина ІІ- орынға иеленді.
5. 2013 жылы «Дарын» ғылыми практикалық орталығы өткізген «Ақ бота» интеллектуалдық конкурсынан 8 сынып оқушысы Тұрлыбаев Әлижан
ІІІ- орынға иеленді.
Осы қол жеткізген жетістіктеріммен тоқтап қалмай, жұмысымды жалғастыру мақсатында әр сабаққа белгілі бір мақсат қойып, жүйелі құрып, жоғары деңгейде өткіземін. Әсіресе оқушы назарын жинақтау жаттығуларын қолдану, сергіту сәттері, оқушыларды зеректікке, шапшандыққа баулыйтын тапсырмаларды жиі қолданамын. Өткізілген ашық сабақтарым және сыныптан тыс жұмыстарым әріптестерімнің тарапынан талқыланып көңілден шығатын пікірлерге ие болдым.
География пәнінің мұғалімі: М.А.Есимханов.