Д??гелек ?стел: «Заманауи ата-анасыны? бейнесі»


Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж“Педагогика, психология” кафедрасы“Жас тәрбиеші” үйірмесіДөңгелек үстелТақырыбы: «Заманауи ата-анасының бейнесі» Орал, 2014 ж. Максаты: Оқушылардың үйірме арқылы отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарында ұлттық тәрбие беру мәселелеріне қызығушылығын арттыру. Бүгінгі қоғамда ұлттық тәрбие ұғымының ролі мен маңыздылығы жөнінде білімдерін кеңейту;Ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, тәрбиенің өзекті мәселелерге жеке тоқталып, осы бағытта проблемалық сұрақтарға өзіндік ой-пікірін нақты түрде айта білу, өмірмен байланыстыру және тақырыпты жан-жақты игеріп, меңгертуде коммуникацияның әр түрлі тиімді құралдарын және әдіс-тәсілдерін қолдана білу қабілеттерін дамыту; Оқушылардың ұлттық тәрбие жөнінде игерген түсініктерді өмірде қолдана білуге, өзінің әрекеттерін ұйымдастырып, реттеуге және нәтижесін бағалауға, өз әрекеттеріне өзіндік баға беруге дағдыландыру. Шараның түрі: дөңгелек үстелӨткізілетін орны: № 37 аудиториясы.Көрнекіліктер: компьтер, проектор, бет қағаздар, түрлі түсті бояу, қарандаш, маркер.
Баланы  бұзуға,  түзеуге   себеп   болатын   бір   шарт  -   жас   күнде   көрген   өнеге.Жүсіпбек   Аймауытов «Заманауи ата-анасының бейнесі» "Жас тәрбиеші" үйірме отырысының тақырыбы:
«Жас тәрбиеші» үйірме отырысының жоспарыТренинг “Шаңырақ” Отбасы жөнінде статистикалық мәліметтерБалалар құқықтары туралы конвенцияЭссе – “Менің бақытты отбасым”Жаттығу “Бірақ....”“Отбасының суреті”Психологиялық – педагогикалық кеңес“Біліп жүрейік”Рефлексия Дөңгеленіп тұрайықКерегені құрайық.Уықтар боп иіліп,Шаңыраққа киіліпКиіз үйді құрайық.Тренинг «Киіз үй»

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»Н. Ә. Назарбаев Ата - ана тәрбиесі Әлеуметтік қызметкерлердің айтуынша, Қазақстандағы балалардың ішінде бесінің бірі отбасында зорлық көреді. Ал мемлекеттік орындарының мәлімдесі бойынша Республикада 3 мыңнан астам бала отбасында зорлық көреді. 2008 жылдан бастап Республикада 211 «сенім телефондары» және 162 балаларға арналған қоғамдық қабылдау кабинеттері жұмыс жасауда. Соңғы жылдары тек Алматы қаласындағы телефонға 20 мыңнан астам қоңырау, соның ішінде 40% балалар, шалған. Республикамызда 75000 жетім бала тіркелуде. - олардың 660 – интернатта, - мектеп интернаттарда – 37541 бала, - мектеп жанындағы интернаттарда – 15096 бала, - балалар үйлерінде – 12574 бала, кемтар балаларға арналған интернаттарда – 12599 бала, - - ерекше тәрбиелеу муқтаж балалар мен жасөспірімдерге, --- мінез-құлық девиантты балаларға арналған интернаттарда - 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала тәрбиеленуде. Орал қаласында тіркелгені – 440 бала. 1999 жылдан бері шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына басыпты. Ал соңғы он жылда жалпы 28829 баланы шетелге кетті. Соның ішінде:АҚШ – 6406, Испания – 600, Белгия - 343 Отбасында жағымсыз жағдайлар  Себептер мен жағдайларды зерделеу, қалыптасқан жағдай бірқатар себептермен байланысты екенін көрсетеді. Сонымен, себебі –отбасындағы бүлдіргіш қарым-қатынастар, алғашқы махаббат үшін, басқа да себептермен: сүйікті телехикаясын көре алмау, оқығысы келмеу, бөлек тұратын әкесін сағыну, құрбысымен сөзге келіп қалу, қалғандары белгісіз болып қалады, себебі ата-аналар болған оқиғаның расындағы шындығын жасырады. Үйден қашуАта - анамен балалардың арасындағы кейкілжіңТұрмыстық зорлық-зомбылықҰрлыққа бару Қоғамдық, құқық нормаларды сақтамау Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияБҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат.  Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;  Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;  Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;  Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;  Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;  Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;  Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;  Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;  Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;  Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан  қорытынды “Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,15-ке дейін құлындай жұмса,15-тен кейін досыңдай сыйла.”Эссе - "Менің бақытты отбасым" - Мен шаршадын , бірақ .. -Мен кішкентай бойлымын, бірақ....-Мен кейде ұстамсызбын, бірақ ...-Мен жалқаумын, бірақ .. .-Мен ашушаңмын, бірақ ...-Мен сөзге жоқпын, бірақ ...-Мен тымкөнгішпін, бірақ ...-Мен сабақтан екі алдым, бірак ... -Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ....-Мен кейде, тым көп ұрсамын, бірақ ...-Мен қырсығып қаламын, бірақ ...Жаттығу "Бірақ...." «ОТБАСЫНЫҢ СҮРЕТІ» - Осы шарадан алған ақпараттарыңызды, әсерлеріңізді пайдаланып, «Үлгілі отбасының моделі» деген тақырыбындағы сурет салып көріңіз. Ол түрлі-түсті гамма немесе заттар, табиғат бейнесі болу мүмкін. Суретіңізді атаңыз және бір екі сөйлеммен түсіндіріңіз. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;«Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;Психологиялық – педагогикалық кеңес
Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. 1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні 20-қараша – дүниежүзілік балалар күні 10-желтоқсан – адам құқығы күні.10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады 1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды 1979ж – халықаралық балалар жылы өтті 20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды 28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды. 8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті 30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды.«Біліп жүрейік!»  РефлексияСөйлемді аяқта:Бүгін мен таныстым ... Мен үшін жетістік ...Мен үшін оңай болмады ...Жақсы болареді ...Есімде қалды ...Мен жасап көремін ...


style.rotation
style.rotation