Эссе:«Т?уелсіз ?аза?станда?ы конфессияаралы? келісім»


«Тәуелсіз Қазақстандағы конфессияаралық келісім» эссе.
«Еліңнің ұлы болсаң,Еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
Н.Назарбаев.
Міне, ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына табалдырық аттады.Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата-бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.Ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы-азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы.
Иә,көк Туымыз асқақ желбіреп,тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына жиырма бес жыл.Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі.Осы тәуелсіздік алған жылдарда дін мәселелерін реттеуші құқықтық жол қалыптастырылды.1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңында барлық конфессия діндарларына қызметтерін еркін атқаруына толықтай кепілдік берілген.Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 4-бабында діни бірлестіктер мәртебесі қарастырылған.
Қазақстанда бүгінгі таңда көптеген этностар мен он сегіз діни конфессиялар бар түрлі наным-сенімді ұстанған Қазақстан халқының келісімі мен ынтымақтастығы,оның саяси тұрақтылығының нығаюына,экономика мен әлеуметтік жағдайдың кемелденуіне бастайтын жағдайлар.Осы мақсатқа орай мемлекет этносаралық және дінаралық келісімді,толеранттылық пен сындарлы сұхбатты қолдап,ланкестік әрекеттердің алдын-алу іс-шараларын жүргізуде. Адамгершілік құндылықтарға бағытталған дінаралық диалогтың негізінің бірі толеранттылық. "Толеранттылық"термині ұстамдылық,сыйластық және әдептілік. 2002 жылдың қараша айында Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының IX Сессиясындағы сөзінде барлық конфессияларды Еуразиялық дінаралық бейбітшілік пен келісім хартиясын қабылдауға шақырды.Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әрбір үш жылда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтіп келеді. I съезд 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде,II съезд 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде.ал III съезд 2009 жылдың 1-2 шілде айында дінаралық форум қатысушылары қатарынан әлемдегі ірі конфессия басшылары,танымал саясаттанушылар,халықаралық ұйым өкілдері болды.Съезді өткізу үшін Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайы тұрғызылды.
Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерін өткізу-ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қолдау механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогын дамытуға Қазақстанның қосқан нақты үлесі.Сөз соңында айтарымыз,дін кең мағынада алғанда адамзаттың көп ғасырлық тәжірибесінен көрінетін мәдениеттің,оның ішіндегі рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазіргі таңдағы Қазақстанның саясаты ұлтаралық,конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді орнатуға,қазіргі заманғы Қазақстандық көп ұлысты,көп мәдениетті қоғамдағы рухани адамгершілік құндылықтардың жаңаша жүйесін құруға бағытталған.
Егемен еліміздің ертеңін ойлар,білімді де саналы,өз туған жерін,Отанын,елін сүйетін шәкірт тәрбиелеуде өзінің үлкен үлесін қосып жүрген ұстаздар қауымына да артар сенім зор.Озық ойлы ұстаздар қауымы да өз халқының рухани да,мәдени де деңгейін көтеруге тиісінше ықпал жасап,оқушыларға дұрыс тәлім-тәрбие беріп, діндер арасындағы ынтымақтастықты насихаттауы қажет деп ойлаймын.
Машенова Алмагүл Әлімқызы
«Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің тарих,дінтану пәнінің мұғалімі.