По компьютерному графику на тему «К?нерген суреттерді жа?арту эффектілері.?ара-а? суреттерден т?рлі-т?сті суреттер шы?ару»


Пән: «Кәсіби компьютерлік бағдарламалар»
Курс: 3 курс,9 сынып
Мамандығы:Дизайн
Пән аралық байланыс: Компазиция,CуретТақырып: «Көнерген суреттерді жаңарту эффектілері.Қара-ақ суреттерден түрлі-түсті суреттер шығару»
Дидактикалық міндеттері
-Білім берушілік :Оқушыларға өз қолдарымен қажетті фотосуретті қолдану Көнерген суреттерді жаңарту жұмыстарын орындауды үйрету.
-Тәжірибелік: Кәсіби шығармашылық жұмыстарға бағыттап сауатты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Фотосуреттерді көркем өңдеудегі әсемдікке және шеберлікке баулу.
-Дамытушылық: күнтізбені әсемдеп безендіру және оларды шығармашылық бағытпен өздерінің ойлау қабілеттерін әрі қарай даыту,қиялдарын кеңейту.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Компьютер,графикалық программалар,арнайы қағаз,фото принтер,бірнеше ескірген,тозған фотсуреттер (электрондық түрі) Оқу бейнефильмдер.
Сабақтың барысы
-Ұйымдысастыру кезеңі: Кезекшілік көмегімен жоқ оқушыларды тексеру.Оқушы назарын жаңа тақырыпқа аудару,қызықтыру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті Оқушыларға гипс материалының түрлерімен таныстырып матерал мен жұмыс жасау ерекшеліктерін таныстыру.
-Жаңа білімді қабылдауға даярлық(кіріспе):
Adobe Photoshop  -  суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға  арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді.
Графикалық программалармен жұмыс жасау өте қызықты әрі шыдамдылықты талап ететін әдіс.Сондықтанда бейне өте әдемі және сапалы болу үшін тәжіриебе кажет.Бірақ күнтізбе дайындау барысында әр адымды кезегімен орындасақ және әдемі бейнелерді үйлесімді орналартыра білсек, әрине бізде өзіндік ерекшелігі бар әдемі күнтізбе шығатыны анық .
-Жаңа білімді хабарлау:
1-ші қадам. Алдымен ескі ақ қара түсті (тозған) немесе жылтырған фото суретті сканерден өткізіп аламыз да Adobe Photoshop графикалық бағдарламасында «открыть» арқылы ашамыз (Ctrl+О),оның өлшемін халықаралық стандартты фото фарматына келтіреміз.
Ескі фотоны жаңартып оған түс беру үшінге алдымен фотодағы қажет емес дақтар мен жырықтарды қайта қалпына келтіру үшін Заплатка (Patchtool)құралын қолданамыз.Бірінше фондағы үлкен бөлшектерді сосын уақ бөлшектерді өңдейміз.

2-ші қадам. Уақ бөлшектерді өңдегенде (ретуширования) Восстанавливающая кисть (Healing Brush), Точечная восстанавливающая кисть (Spot Healing Brush) и Штамп (Clone Stamp).құралдарымен жұмыстанамыз, бұл құралдармен қорықпай эксперемент жасауға болады. Точечная восстанавливающая кисть құралын тек өте ұсақ дефектілерді түзеуге қолданған дұрыс.Ал көлемді дақтар мен шырықтарға Восстанавливающую кисть немесе Штамп құралдарын қолданған жөн. бұб
Бұл этапта кейін фотосурет осындай болуы тиіс.
3-ші қадам. Енді фотодағы ең басты бүлінген бөдшек ер адамның сол жақ көзінің тұсын өңдейміз.Ол үшін біз оң жақ көзін қолданамыз.Егер бұл адамның басқа фотолары болса сол жақ көзді сол басқа фотодан алған жөн.Дәл қазір біз осынан аламыз,ол үшін оң жақ қөзді бөліп аламыз да CTRL+J камандасымен оны жаңа қабатқа көшіреміз. CTRL+T клавиштарын баса отырып тасымалдау камандасын шақырамыз.
4-ші қадам. Белгіленген жердің үстінен тышқаннын он жақ батырмасымен басып шыққан терезедегі операциялардың ішінен Отразить по горизонтали (Flip Horizontal) таңдаймыз.
5-ші қадам сол шақ көзді дұрыс орналастыру үшін алдымен бөлшектін анықты,ын азайтып ,тісті орнына үйлесімді орнықтырып аламыз да ENTER арқылы бекітеміз.Анықтығын қайта100% қалпына келтіреміз.
6-ші қадам Қабат терезесінің төмен жағында орналасқан кішкене эконкалардың ішінен маска эконкасын басып,жаңа маска шығарамыз.
7-ші қадам. Кисть (Brush). Құралын таңдаймыз.Қара түспен қажет емес жерлерді өңдейміз.Естеріңізде болсы ақ түс қанық етеді де қара түс жабады.Қылқалам (Кист )жұмсақ болғаны дұрыс.
8-ші қадам .Енді сол жақ құлақты түзеу үшін көзге қолданған сабақты қолданамыз.Дәл келтіру үщін Деформация (Warp) құралын да қолданамыз.
Әр операцияны қолданғанда жаңа қабатта орынау керек.
9-ші қадам. Келесі,қойылған бөлшектердің жиектерін Штамп құралымен өңдейміз.Бұл операцияға да міндетті түрде жаңа қабат қолданамыз.
Осындай нәтиже шығу керек.

10-ші қадам.Қабат терезесіндегі барлы қабаттарды белгілеп тышқаннын оң жақ батырмасын баса отырып немесе CTRL+G клавиштарын басып , қабаттарды біріктереміз. ATL+SHIFT+CTRL+E, клвиштарын баса отырып жана қабат ашып оған Шум береміз.

11-ші қадам.Енді, «Уменьшить шум» (Reduce noise) арқылы шуды басынқыраймыз.


12-ші қадам. Цветовой контраст (High Pass) камандымен фотосурет қанықтық пен ашық түс береміз.Есте сақтаңыз фотоларды жаңартқаннан кейін қанықтығын әлде қайда жоғарлатқан жөн,өйткені фотосуретті шығару барысында қанықтығы сәл төиендеуі мүмкін.
Енді шыққан нәтежемізді ескі суретпен салыстырайық.

Практикалық жұмыс.
Компьютерде Adobe Photoshop графикалық бағдарламасында еркін жұмыс жасау,әр адымды жеттік меңгеру.
-Практикалық жұмыс тапсырмасы:
Компьютерлік Adobe Photoshop графикалық бағдарламасында қолдану әдіс-тәсілдерді қолдануды меңгере отырып көне фотосуреттерді жаңарту,қалпына келтіру жұмыстарын орындау.
Сабақтың өту барысында әр оқушыға жеке барып, қателерін түзеп, дұрыс бағыт көрсету.
( демонстрациялық әдіс )
-Бекіту.
1. көне фотосуреттерді жаңартуға қандай графикалық прогроммалар ыңғайлы?
2. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасында көне фотосуреттерді жаңарту жұмысын орындау процесін айтып беріңіз?
-Қорытынды.
Байыппен жасалған әрі біраз жұмысты талап еткен затты жасай білу үлкен шеберлікті көрсетеді.
-Үйге тапсырма.
Сабақ барысында жасалған жұмысты қайталап,бірнеше фотосуреттерді өңдеу жұмыстарын орындап келу.