Физика .?лшемдерді? метрлік ж?йесі.?лкен,кіші сандарды ы?шамдап жазу (7 сынып)


Хайруллина Саяш Ермекқызы «әл-Фараби» мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі.Петропавл қаласы.СҚО
БжС технологиясы «Ауызша сабақ-1» картасы
Мерзімі: 21.09.2016 ж
Сыныбы:7 «А»
Пән: физика
Тақырып: Өлшемдердің метрлік жүйесі.Үлкен ,кіші сандарды ықшамдап жазу.
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ-1» картасы, БжС технологиясы.
Мақсаты:сабақта норматив талабына сай оқуылардың оқу материалын 63% меңгерудегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту.Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
1 Ұйымдастыру кезеңі.
Мотивация Сынып бір топ боп жұмыс жасайды.Табысты болуы үшін және белсенді болу үін көшбасшыға сөз беріледі. Тақтаның жоғары жағына 63% нормасының санын жазамын.
________оқушы 63%
2 Оқушылардың субьективті тәжірибесін өзектендіру Өткен сабақ бойынша қарама-қарсы сұрақтар қою
1.Физиканың мақсаты не? (Табиғат құбылыстарын зерттеп оларды біріктіретін заңдылықтар ашу)
2.Табиғатты зерттеудің неше әдісі бар? (3)
3.Бақылау дегеніміз не?(ғылыми деректер жинау)
4.Эксперимент дегеніміз не? (ғылыми деректерді дәлелдейтін тәжірибелер жасау)
5.Эксперимент үшін не қолданамыз? (құралдар,аспаптар қолданамыз)
6. Аспап бөлігінің құнын қалай табамыз?
7. Аспап бөлігіні құнын табу не үшін қажет? (дәлдік үшін)
8. Физикалық шамалар дегеніміз не? (физикалық нысандардың немесе құбылыстардың сандық сипаттамасы)
9. Уақыт физикалық шама ма,15 с физика тілінде қалай жазасың айтып бер (ия, t=15 c)
10. Физикалық шаманың мәні дегеніміз не? (өлшем бірлігімен қоса жазылған сан мәні)
11.Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?( өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру)
12. 10 мин секундқа айналдыр (600 с)
13. 1 сағатта неше мин бар?(60 мин)
14. 1 сағатта неше секунд бар? (3600 с)
15. 1 м-де 100 см болса, 1 м2 неше см 2 бар ?(10000см2)
16. Ұзындықты қандай құралмен өлшейміз,өлшем бірліктерін ата (мм,см,дм,м,км)
17. Көлемді қалай табамыз? (V=abc)
18. Өшіргіштің көлемін қалай табар едің? (сызғышпен өлшеп, формуламен есептеп)
19. ХБЖ деген сөзді толық айт?
20. ХБЖ не үшін қажет?
21. V=5 физикалық шама дұрыс жазылған ба?Не жетіспейді?
22. Кез келген дененің ауданын сызғышпен өлшеп бірден таба аламыз ба? (жоқ) Бірінші баға.Нәтиже бойынша барлық оқушыға плюс немесе минус қойылады.Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі.
Сұрақ-ООМ көрсету
Бір шапалақ 1 кезең
Нәтиже: 1 кезең <немесе >63%
3
Қабылдауды ұйымдастыру Бірінші сыни нүкте.
7 тірек сөз жазу
Өлшем бірлік,метрлік жүйе,ықшамдау, Конвенция, дәреже
Жаңа тақырып бойынша қысқаша кіріспе.
Өлшем бірліктердегі жүйесіздік халықтар арасындағы сауда саттықты қиындатып, өнеркәсіптің дамуына нұқсан келтірді. Міне, осыған байланысты 1793 жылы Францияда өткен Конвенцияда «Өлшемдердің метрлік жүйесін» енгізу туралы аса маңызды шешім қабылданды.
Жер мен Күннің аракашыктыгы 150 000 000 км, жарықтың таралу жылдамдыгы 300 000 000 м/с,сутегі молекуласынын шамасы 0. 000 000 023 см. Сандары бұлай жазу математи-калык есептеулерде бірталай қиындықтар тугызады. Сондыктан өте үлкен немесе кіші санды ыкшамдап жазу үшін оны екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазу амалы колданылдады.Бірінші көбейткіш үтірмен жазылған екі таңбалы сан,екінші көбейткіш дәреже көрсеткішпен жазылған 10 саны.Дәреже көрсеткіші санның үлкен немесе кіші болғанына қарай оң немесе теріс сан түрінде беріледі.
150 000 000 км =1,5 • 108 км =1,5 *108*103 м=1,5*1011м
300 000 000 м/с=3*108м/с
0. 000 000 023 см=2,3*10-8см=2,3*10-8*10-3м=2,3*10-11 м Екінші белгі.
2шапалақ-2 кезең
Есте сақтауға берілген уақыт нормативі.
7 сөз-30 сек
Қолдағы қалам -қателік
Көршісімен дәптер алмасу, тексеру.
1 қате-минус
Нәтиже: 2 кезең <немесе >63%
4 Ұғынуды ұйымдастыру Берілген уақытта мәтінді оқып бітіру керек.
3 шапалақ-3 кезең
7 сынып: 1 парақ 4 минут
3бет *4
5 Түсінудің бірінші тексерілуі Қарама-қарсы сұрау
1.Өлшемдердің метрлік жүйесін енгізу ұсынысы қайда, қашан қабылданды?
2.Бұл қандай қажеттіліктен туды?
3. ХБЖ қашан жасалды? (1960)
4.ХБЖ негізгі өлшем бірліктерді ата (кг,м,с)
5. 1 м-100 см бар,ал 1 см қанша метр?
6. 1 м2-10000 см2,ал 1 см2-0,0001м2
7. Үлкен және кіші сандарды ықшамдау үшін оны қалай жазамыз?
8. 12000 санын ықшамдап айт
9. 0,0052 санын ықшамда
10. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу не үшін қажет?
11. Математикадағы негіздері бірдей дәрежелерді көбейту ережесін айт 10n*10m неге тең?
12. Математикадағы негіздері бірдей дәрежелерді бөлу ережесін айт 10n /10m неге тең?
13.Санды стандарт түрінде жазу деген не?(10-ның дәрежесі түрінде жазу)
14. 100 неге тең? (1-ге)
15. 5 санын стандарт түрде қалай жазуға болады?(5*100)
16. 105 –сін 10 санының көбейтіндісі түрінде айт
17. 10*10*10*10 көбейтіндісін 10-ның дәрежесі түрінде айт
18.106*103 тең
19. 10-2*103 тең
20. 101*101тең
«Құтқару шеңбері» сұрақтары
1 103/102 тең
2. 10-2/10-2тең
3. 100тең
Екінші сыни нүкте. Сендер өздерін оқи отырып бүгін үлкен және кіші сандарды ықшамдау жазу,яғни санды стандарт түрде жазуға үйрендіңдер,санды стандарт түрде жазу үін математикадағы екі ережені білу керек, ал физика тілінде берілген санды екі санның көбейтіндісі түрінде жазу қажет,бірінші сан үтірмен айырылған екі таңбалы сан,екіншісі дәреже көрсеткіпен берілген он саны дәреже оң және теріс болуы санның еселік немесе үлестік түрінде болуына тәуелді,яғни бүтін сандар теріс дәрежелі,үлкен сандар оң дәрежелі болып жазылады. Үшінші белгі нәтиже бойынша плюс пен минус қою
Нәтиже: 4 кезең <немесе >63%
6 Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру Сыни сұрау. 10 дұрыс,20 қате сұрақ
1.ХБЖ не үшін жасалды?
2. ХБЖ-де массаның өлшем бірлігі не?
3. Қарыс,сүйем,елі,табан,құлаш,шақырым арқылы қандай шаманы өлшеуге болады?
4. 1793 жылы Францияда өткен Конвенцияда нені қабылдады?
5. Санды стандарт түрде қалай жазамыз?
6. «Барлық уақытта,барлық халықтар үшін » дегенді қалай түсінесің?
7. 1 км-де неше метр және керісінше 1 км-ді м-ге айналдыр
8 . 10-ның теріс дәрежесі нені білдіреді?
9. 1-ді 10-ның дәрежесі түрінде айт
10. 1,3*103-ін сан түрінде айт
Қате сұрақтар
1. ХБЖ АҚШ-та ғана қолданылады?
2. Қазақ халқында массаға фут өлшемін қолданған?
3. «Өлшемдердің метрлік жүйесі» 1960 ж қабылданды
4. Санды стандарт түрде жазу тиімсіз
5. 1200 саны стандарт түрде 1,2* 10-3 деп жазылады
6. Өлшем бірліктердегі жүйесіздік тиімді болды
7. Үлкен,кіші сандар стандарт түрде жазылмайды
8. Ондық бөлшек санды 10-ның оң дәрежесі түрінде жазамыз
9. Үлкен сандар 10-ның теріс дәрежесімен жазылады
10. 150000000 =1,5*103
11. 5 санын 101 түрінде жазуға болады
12. 10n*10m=10n-m
13. 10 n/10m=10n+m
14. 1 м2=100см2
15. 103=10*10*10*10
16. 10-3=1000 Үшінші белгі нәтиже бойынша плюс пен минус қою
Нәтиже: 5 кезең <немесе >63%
7 Талдау
Уақыт 5 минут Тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор.Сөздер толық жазылу керек.
Төртінші сыни нүкте.Түсінбеген жерлеріне түсінік беру.1-2 минут. Үшінші белгі нәтиже бойынша плюс пен минус қою
Нәтиже: 6 кезең <немесе >63%
8 Рефлексия Нормаларды орындау бойына қысқа сабаққа талдау 9 Бағалар Норматив:
4-5 баға-5 ұпай
3 баға -4 ұпай
2 баға-3 ұпай
1 баға-2 ұпай Сапа нормативі:
63% оқушы 5 ұпай алу керек
10 Үй тапсырмасы 4 бағадан кем алғандарға тапсырма.