Білім беру ?ызметінде а?паратты технологияны тиімді пайдалану.


Білім беру қызметінде ақпаратты технологияны тиімді пайдалану.
Кикымова Айгүл Ахметжанқызы
Қарағанды қаласы
№68 МИББ кешені – тәрбиеші
Қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.
Әлеуметтік ақпараттардың көлемінің өсуі, ақпараттық мәселені әлдеқайда актуалды орынға шығарды. Мұны күн сайын өсіп отырған деректермен, әдебиеттермен жұмыс жасап отырған мұғалімдер тез сезінді. Оқу құралының төңірегінен шығу үшін деректерді іздеп, қажетін таңдауда мұғалімнің әрекетінде көп қиындық кездеседі. Деректерді кең түрде пайдалану мұғалімдер мен оқушылар дамыған ақпараттық оқыту технологиясы мен жоғары деңгейдегі ақпараттық мәдениетті игергенде ғана мүмкін «Ақпараттық технологияны игеру дәрежесі, қазіргі заманғы жаңа технология негізінде ақпаратпен жұмыс жасай білу деңгейі адамның ақпараттық мәдениетін білдіреді» делінген ақпаттандыру тұжырымдамасында.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр.
Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Мектепке дейінгі ұйымдарда М. Монтоссори технологиясында қолдануға байланысты әрбір педогогтың көкейінде ол кім, бұл технологияның тиімділігі, ерекшелігі неде, стандарт талаптарына сәйкестігі байқала ма, педогикалық жүйесі қалай? – сауал туындау мүмкін.
М.Монтессори итальяндық дәрігер және педогог. Ол өзінің педогикалық жүйесін 1907 жылы бастап, оның негізгі қағидаларын көрсеткен. Монтоссори педогикасы педогикалық әдіс ретінде қаралып онда баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен өзіндік құндылығына баса назар аударылған.
Монтоссори – балабақшасы жеке жұмыс жасауға,яғниөз-өзіне қызмет етуге үйретеді.Сондай-ақ, ең басты назарды дайын кеңістікте баланың қабылдау сезімін психологиялық қажеттіліктерге байланысты дамытуға мүкіндік жасауға аударған.
Монтоссори бір нәрсеніталап етті-балаға өз таңдағанын істеуге мүмкіндік беру,оның таңдауына және өз бетімен жұмыс істеуіне бөгет болмау.
М.Монтоссори технологиясының ерекшелігі еркіндік, бала өз жұмысына таңдау жасайды. Ал, тиімділігі бала өз алдына таңдаған жұмысын жасап оны жан-жақты білуге,дамуға,зат,құбылыс туралы алғашқы түсінікті қабылдай отырып,оны тәжиірбе жүзінде жүзеге асырып,уақытты ұтымды пайдалануда.
Математиканы оқытуда есептеу техникасы пайдалану балаларды ынталандырып, олардың бойындағы қабілетінің дамып көрінуіне жаңа техникаға деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылуы қажет: жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, іскерлікті тексеруде Қазіргі жағдай компьютерді әр топта барынша мүмкіндігімен өз пәндерімізге күнделікті қолдану мүмкін емес. Дегенмен, арасында ашық сабақтарда компьютерді қолданамын. Себебі, геометриялық пішіндерді түр өзгерістерін бейнелейтін сызбаларды көрсетуде компьютердің ролі ерекше. Мысалы: математика оқу іс-әрекетінде логикалық есептер, жұмбақтар шатастыру есептерге келгенде мынадай тәсілдерді қолданамын. Электрондық кестеде, графиктерді сығуға, созуға және берілген есеп бойынша түрлендіруге болады.
Ақпараттық технологияның міндеті-балаларды білімге қызығушылығын, ізденушілікке баулу. Заман ағымына сай сабақта қолданылатын электрондық байланыс балалардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Өз сабағымда балаларды шығармашылыққа жұмылдырып, электронды оқулықты пайдаланамын. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін пайдаланып, осы көріністерді пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, балаларды қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты-оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін , шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс, анықтама сөздік, есептердің шығарылу жолы, пішіндердің кеңістікте орналасуы, қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, баланың пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практикалық дағдыларды игеруі артады. Балалардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін бір-бірімізден тәжірибе алмасып отырсақ, жұмысымыз өнімді бола түседі деп есептеймін. Сонымен қатар бұл кезде оқытудың мынандай технологиялық аспектісінің маңызы зор екендігін ескеру қажет: -балалар бірден өзінің әректтерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен және ұсыныстармен бірге көреді; -интербелсенді тақта мүмкіншілігін пайдаланып, компьютермен жұмыс істеу баланың шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын көрсетеді.
Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынандай нәтижелерге қол жеткізеді:
-оқу материалын терең түсінуге;
-оқу мотивациясының артуына;
-алған білімінің ұзақ уақыт есте сақталуына;
-білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б.
Педогог сабақта ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің тереңіне бойлай алады, әрі оқытудың бүкіл мазмұнының өзгеруіне мүмкіндік береді. Бүгінгі семинардың мақсаты да осы болып отыр. Білім берудің кез-келген саласында қол жеткен табыстар Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қалуына мүмкіндік туғызатыны анық. Еліміздің білім берудегі саясаты, білім жүйесіне түбегейлі өзгерістер жасай отырып әлемдік білім кеңістігіне бірігу екені дәлелі. Оның мақсаты оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беру арқылы ұстаздарқауымының белсенділігін арттыру.
Сөзімнің соңында Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді бей-жай қалдыра алмайды: «Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ» – деген болатын. Осындай зор міндеттерді атқарып жүрген ұстаздарға денсаулық пен шығармашылық қабілет тілеймін.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Отбасы балабақша №2-2013жыл 6 бет
2. Қазақстан мектебі. №9-2006 жыл3. Қазақстан мектебі. №5-2002 жыл4.Қазақстан мектебі. №8-2002 жыл
5. Е.В Михеева «Практикум по информационным технологиям» Москва 2004 ж 43-91 бет.