План урока по химии на тему Металдар та?ырыбына санды? есептер шы?ару (10 класс)


Сыныбы – 10 «А»                                      күні________
Тақырыбы «Металдар» тақырыбына сандық есептер шығару Уақыты
Мақсаты
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік: Металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;
Тақырып бойынша білімдерін қорытындылап, сандық есептер шығару дағдыларын одан әрі дамыту;
Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
 
Сабақ типі: Қайталау сабағы
 
Әдіс-тәсілі: Топтасып,сұрақ-жауап,сандық деңгейлік есептер шығару.
 
Көрнекілік: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, интербелсенді тақта, үлестірме карточка.
 
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгенде, топтастыру. Топ жетекшілеріне бағалау парақшасын беру.
2 мин
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Бастапқы әрекет, кейінгі жауап» әдісі арқылы әр топ оқушылары бір-біріне сұрақ қояды.
Сәйкестендіру тесті:
Гипс CaSO4*2H2O
Фосфорит Ca3(PO4)2
Доломит MgCO3*CaCO3
Әк суы Ca(OH)2
Сөндірілмеген әк CaOАлебастр CaSO4*0.5 H2O
7 мин
Есеп шығару кезеңі: 1.«Түймедағы» (тапсырмалар біртіндеп күрделенеді)
І деңгей:
Формуласы берілген қосылыстардағы элементтің валенттігін анықта: NaCl,CaSO4,MgCO3 (КCl,MgSO4,СаCO3)
Берілген қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массасын есепте:
CaCO3, Mg(OH)2 (MgCO3, Ca(OH)2)
Әктастың құрамындағы кальцийдің массалық үлесін есепте. (Сөндірілген әктің құрамындағы кальцийдің массалық үлесін есепте)
2.«Ойлан-жұптас-талқыла»
І деңгей: Берілген сызбанұсқасын пайдаланып, сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін құрыңыздар.
1 –топ тапсырмасы :
Mg MgO Mg(OH)2 MgCl2
2- топ тапсырмасы :
Ca CaO Ca (OH)2 CaCO3
ІІ деңгей:
1 топ: +2 заряды бар катион түзетін массасы 8 г металл сумен әрекеттескенде 4,48л (қ.ж) сутек бөлінді.Бұл қай металл,мольдік массасын есепте;
2 топ: Егер шайнек қабырғасына 10г қақ CaCO3 тұрған болса,оны кетіруге қанша тұз қышқылы жұмсалады?
3.«Сайыс»
II деңгей: Мағынаны тану, топтастыру.
Төмендегі металл қосылыстарын білесіз бе?
CaO, K2 SO4 , CaCO3 ,KCl, Ca(OH)2 , KNO3 , CaCl2 ,KOH, K2O ,Ca3(PO4)2 ,Ca(HCO3)2 , K2SO4.
Тапсырма: Калцийдің (1 оқушы ), калииді (2 оқушы ) қосылыстарын теріп жаз.
Әр топтан бір оқушы шығып орындайды.
28 мин
 
 
 
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
«Кері рефлексия парағын» толтыру арқылы қортындылау
Барлығы түсінікті (жасыл)____________
Әлі білуім керек (сары)_______________
Түсінбеймін (қызыл)_________________
5 мин
Үй тапсырмасын беру кезеңі: 5 – тарауды қайталау. 1 мин
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. Топ жетекшісінің бағалауы мен мұғалімнің жинақ бағасы арқылы сабақты бағалау.
2 мин