Метр-?зынды?ты? ?лшем бірлігі


Күні: 19.11.2014
Пәні: математикаТақырыбы: Метр-ұзындықтың өлшем бірлігіМақсаты: 1) күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі - метрді енгізудің туындап отырғанын түсіндіре отырып, «метрмен» және оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән - жайымен оқушыларды таныстыру, ұзындықтың бірліктері «метр», «дециметр» және «сантиметр»- дің ара қатынасын түсінуге жағдай жасау. Сынық сызықпен танысу, геометриялық фигураларды дұрыс атай білу.2) бір амалмен шығарылатын есептерді шешу дағдыларын дамыту; екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыра білу дағдыларын пысықтау,3) алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге құштарлығын ояту.Көрнекілік: см лента, сызғыш, кесте, мата дүкені бейнеленген слайд, интертақта, күшік пенҚоянның суреттері. Қолданылатын технология: дамыта оқыту.Әдісі: ізденісті - проблемалық, сарамандық жұмыс, топаралық жарыс.Түрі: жаңа білім игеру сабағы.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын бөлсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан-дей отырып математика сабағын бастаймыз.
-Балалар, біз математика сабағында нелермен таныстық?
-Жақсы, біз геометриялық пішіндерді танимыз, оларды өлшей аламыз.
-Ал мынау қандай пішін? (тік төртбұрыш)
-дұрыс айтасыңдар. Біз осы сабақтың өн бойында осы ақ бетке жан бітіреміз. Ол үшін бәріміз сабаққа өте жақсы қатысуымыз керек.
-тақтадан нелердің суреттерін көріп тұрмыз?
-Кәне кім тақтадағы дәптерді, кітапты, сурет дәптерін өлшеп, оларды әріптермен белгілейді.
Әр кесіндінің ұзындығын айтамыз. Осы жерде ереже айтылады
1 метр (м)=10дециметр (дм)
1 метр (м) =100 сантиметр (см)
1 тапсырма:
Ауызша орындау
1дм= см 1дм 5см = см
275846120651 м= см2746847215 1дм 5см= см
1м= дм 10 дм= см
2 тапсырма
№2 есеп тақтаға орындалады.
А)
3дм+7дм= 10дм= 1 м
30+70=100
3онд.+7онд.=10онд.=1 жүзд.
Ә)
2дм+8дм= 10 дм= 100 см
20+80=100
2онд.+8онд. =10онд.= 1жүзд.
3 тапсырма
Сергіту сәті
4 тапсырма
№3 сөз есеп
А)
658738-7863Б.с-20дм ? дм қысқа
Е.с-25дм
Ш: 25-20=5 (дм)
Ж: Балалар секіртпесі ересектерге қарағанда 5дм қысқа
Ә)
Қ-12м
Ж-?, 7м қысқа
Ш: 12-7=5 (дм)
Ж: Жолбарыс 5м ұзындыққа секірді
5 тапсырма
Логикалық есеп
*Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
*Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
*Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
*Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
6 тапсырма
№4 есеп қатар бойынша
1қатар 2 қатарға 3 қатарға
5+8>3+7 9+4<9+5 12-8<14-8
8+3<8+8 6+7>11-9 8+5>8+2
17-7>17-10 10+50=20+40 18-9<18-8
7 тапсырма
№6
Күләш Әсемнен биік, Әсем Айнұрдан биік.
Бойы ең ұзын кім? бойы ең қысқа кім?
Қорытынды:
-Бүгін біз немен таныстық?
-ол ненің өлшем бірлігі?
-1дм неше сантиметр?
-1сантиметр неше дециметр?
-10дм неше метр?
-1м неше см?
-Балалар, біз сабақтың өн бойында нені құрастырып шықтық?
Қазақстан 2050 стратегиясының логотипін. -Дұрыс, Белгінің маңыздылығы – бірлікте.
Логотипке негіз болған бірінші нәрсе – шаңырақ. Оның кескінін елтаңбадан таба аламыз. Шаңырақ – аспан белгісі. Біздің аспанымыз – біреу, ортақ үйіміз Қазақстан – біреу, ортақ ұлттық идеямыз – 2050 Стратегиясы – біреу. Сондықтан біріге, бірлесе отырып, қазақстандықтар алға қойылған мақсаттарды орындай алады деп елбасымыз бізге өз жолдауын ұсынды. (сабақтың тәрбиелілігін ашу)Үйге тапсырма:
№5 есепті тиімді тәсілмен шығару
Бағалау