Жа?артыл?ан білім беру мазм?ны бойынша математика п?нінен ашы? саба?


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: Апта күндері Мектеп: 41
Күні: 25.01.2017 Мұғалімнің аты –жөні: Сарсенова Г.А
Сынып 1 «Ә» Қатысқандар: 20 Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу жоспары 1.1.3.2 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, апта, ай) түсінігі болу, уақыттың өлшем бірліктерін қолдану

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
Барлық оқушылар уақыт, минут,сағат,апта, ай туралы біледі
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Аптаның күндерін жатқа айтады, жыл мезгілдері туралы біледі, айларды , апта, күнді айтады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Апта күндерін, апта күндеріне сәйкес паравоз түстерін үш тілде айта алады
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Пазлдар арқылы апта күндерін рет-ретімен құрастырады
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері :
дүйсенбі; сейсенбі; сәрсенбі; бейсенбі; жұма; сенбі; жексенбі.
Сыныптағы диалог /жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Не себепті .... деп ойлайсыз?
Ишара
Апта күндеріне арналған әуен
Алдыңғы оқу Уақытты анықтау
Жоспар Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы
Ортасы
Ширату
Сәлем, привет,hello
Қайырлы болсын жаңа таң
Арайлап атқан жаңа таң
Жүрейік сәлем берісіп,
Топқа бөлу «Жыл мезгілдері»
(жаз, қыс, көктем, күз)
Тыңдалым
Кіріспе бөлім «Ой қозғау» стратегиясы.
-Балалар, бір жылда неше мезгіл болады?
- Қазір жылдың қай мезгілі ?
- Қыс. Суретін көрсету
- Қыс айларын кім айтады?
- Қыстан кейін қай мезгіл келеді?
- Көктем айларын кім айтады? /сурет/
- Көктемнен кейін қай мезгіл келеді ?
Жаз айларын кім атап шығады? /сурет/
- Жаздан кейін қай жыл мезгілі келеді?
- Күз айларын кім айтады? /сурет/

Қазір қыстың қай айы? (қаңтар)
Қаңтардың нешесі? (25 қаңтар)
Ол аптаның қай күні? (сәрсенбі)
-Олай болса біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз
«Аптада күндері»
Балалар бір аптада жеті күн болады. Апта деген парсының «жеті» деген сөзінен шыққан.
Қазақ халқы үшін 7 қасиетті сан:7 күн апта ,7 шелпек , 7 қазына,7 ата,7 дәм наурыз көже, 7 тәулік. Ең киелі, қасиетті заттарын жеті санының маңына топтастырып отырған.

Мынау күнтізбе деп аталады. Ай атауы жазылады. Бір айда 4 апта болады.

Айтылым
Апта-7 күннен тұратын уақыт аралығы.
Апта күндерін айтайық.
Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі
Олай болса, апта күндерін түсіне сәйкес үш тілде айтайық

Оқылым.
Оқулықпен жұмыс
«Бәйге» ойыны
Аптада неше күн бар?
Сабақ кестесіне қара.Аптаның қай күндерінде дене шынықтыру сабағы өтеді?
Жұманың алдында аптаның қай күні келеді?
Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн өтеді?
Сейсенбіден кейін неше күн өткенде сенбі болады?
Сұрақ-жауап
Аптаның қай күні отбасымызбен демаламыз?
Отбасылық демалыс
(сурет бойынша оқушы ойын білу)
Әкесі,анасы және балалары 2 апта теңіз шипажайында болды.Отбасы неше күн демалды?
Жауабы: 7+7=14
Логикалық тапсырма
Кластағы 7 ер баланы тақта алдына шығарып, оқушы ойын білу
Жазылым (дәптермен жұмыс)
Мозаика құрастыру.
Мозайканы әрі қарай құрастыр. Мозайка пазлдарына апта күндерін ретімен жаз. Содан кейін бір аптаның пазлдарын бір түспен, келесі аптанікін басқа түспен боя.
Топтық жұмыс
1 топ: 20-ға дейінгі сандарды салыстыр
13<14 90>70
20>2 20<30
40>4 16>15
2 топ: Екі амалды өрнектер
100-30-10=60
60+30+10=100
3 топ: Жақшалы өрнектер
11+ (7-2)=16
(11+7)-2=16
4 топ: Өзара кері амалдар
30+10=40 40-30=10
10+30=40 40-10=30
Ереже: қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.
Сергіту сәті (пәнаралық байланыс музыкамен)
«Кервен» әдісімен 7 дыбысты орындау
7 дыбысты апта күндерінің аттарымен орындау
Ән тыңдау, айту
Универсиада туралы мағұлмат беру (29 қаңтар-8 ақпан аралығында)
-Универсиада қаңтар айының қай күні басталады?
- Күнтізбеден көрсетеді.
- Апта, ай, күн бойынша алған білімдерімізді қорыту
Қалыптастырушы бағалау
1.1.3.5 Циферблат бойынша уақытты анықтау, сағат /уақытты/ бағдарлау: минут, сағат, апта, ай. Жыл мезгілдері
суреті
күнтізбе
Апта күндері
Күнтізбе
Паравоз
Отбасылық демалыс суреті
Дәптермен жұмыс
Топтық жұмыс
Нота
Соңы Кері байланыс
Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты сигналдық таяқша арқылы көрсетеді. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.
Қосымша мәліметтер
Саралау –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушға тапсырманы қалай түрлендіресіз ? Смайлик арқылы бағаланып, кері байланыс сигналды таяқшалар арқылы жүзеге асырылды Пәнаралық байланыс: АКТ –мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ?
Бүгін оқущылар не үйренді ?
Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті ?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым ?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге ? Оқушылар уақыт аралықтары туралы білді.
Минут, сағат, апта, ай туралы түсініктері болды,
Уақыттың өлшем бірліктерін қолдануды үйренді
Апта күндерін түсіне сәйкес үш тілде айтып үйренді
Музыкалық ноталармен апта күндерін Кервен әдісі арқылы айтты
Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың білімдері тексерілдіСабақ жоғары деңгейде өтті
Уақытты тиімді пайдалана білдім
№ 41 жалпы білім беретін орта мектебі
Қалалық семинар

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Апта күндері»
Пәні: математика (кіріктірілген сабақ музыка)
Пән мұғалімдері: Сарсенова Г.А
Досмағамбетова Г.Т
2016-2017 оқу жылы