«№150 ?аза? орта мектебі» коммуналды? мемлекеттік мекемесі Сыныбы: 10-11 «ОЗЫ? ОЙЛЫ ОЙЫНШЫ» атты интеллектуалды турнирді? ба?дарламасы


«ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОЙЫНШЫ»
атты интеллектуалды турнирдің бағдарламасы
1. І-кезең «Білімділер» сайысы
2. ІІ кезең «Ойлан да, тап» сайысы
3. ІІІ кезең. «Ғажайып алаң»
4. ІV кезең «Қанша тілді білесің?»
5. V кезең «Кім жылдам»
(Қатысатын ойыншы 6, әр кезеңнен 1 ойыншыдан шығарылып отырады)
1 – жүргізуші:
Сәлем бердік, құрметті ұстаздар , әділ-қазылар мен оқушылар!
Құрметті компьютер сүйер жеткіншектер, сіздерді бүгінгі өткізгелі отырған «Озық ойлы ойыншы» атты интеллектуалды турнирімізді ашық деп жариялаймыз. Бұл кештің сіздерге информатикадан алған білімдеріңізді жетілдіруге, пәнаралық байланысты нығайтуға пайдасы зор екендігін айта кеткіміз келеді.
ІІ жүргізуші:
Бүгінгі өткізгелі отырған «Озық ойлы ойыншы» атты интеллектуалды турнирімізге 2 команда қатысады.
І жүргізуші:
Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып.
ІІ – жүргізуші:
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Білімділер» сайысын бастаймыз.Бұл кезеңде жарыс сұрақтары қойылып, жоғары бал алған оқушылар ІІ-кезеңге қабылданады.
І-кезең «Білімділер» сайысы
1. Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақтар)
2. Пернетақта дегеніміз не? (компьютердің енгізу құрылғысы)
3. Компьютердің атасы кім? (Ч.Бэббидж)
4. Баспаға шығару құрылғысын не деп атайды? (принтер)
5. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (процессор, монитор, пернетақта)
6. Бір символдың орнын көрсетіп тұратын тік төртбұрышты бейне (курсор)
7. Компьютер жанындағы өсімдік (кактус)
8. Графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы (сканер)
9. Компьютер сымдары (кабель)
10. Ақпарат жинақтауыш (қатты дис, иілгіш диск, компакт диск)
11. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
12. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)
13. Зиянкес программа (вирус)
14. Сазгер қорап (колонка)
15. Үлкен темір жәшік (жүйелік блок)
16. Аз батырмалы құрылғы (тышқан)
17. Файлдар жиыны қайда топтасады (папкада)
18. Қазіргі ғалымдар немен есептейді? (компьютер)
19. Алғашқы адамдар немен есептеді ? (саусақпен)
20. XVII ғасыр адамы немен есептеді? (есепшотпен)
ІІ жүргізуші:
Компьютер – болашаққа бастайдыКелешекке білім қуған жастардыҚадам басып, ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды, - дей келе ендігі кезек іріктеу кезеңінен өзінің білімділігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен танылған ойыншылардың алған балдарына қарай бір оқушы ойыннан шығарылады.
(Әрі қарай 5 оқушы ойынды жалғастырады.)
І жүргізуші:
ІІ сайысымыздың кезегі бойынша жұмбақтап берілген сөздерді табайық.
ІІ кезең «Ойлан да, тап» сайысыТетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам, қағазсыз. (компьютер)
Пернетақта ауылында тұратын
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана «F» әріптерінен басталады.
(функционалды пернелер)
Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)
Кемірушілерге ұқсайды сырт бейнесіТүсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның ..... (тышқан)
Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
Бұтақ орнында мың бір инесіКомпьютер жаны мекені (КАКТУС)
Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер,
Информатикада өлшем бірлікАқпараттарды өлшер (бит)
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан (жүйелік блок)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)
ІІ – жүргізуші: Сайысымыздың ІІ туры бойынша балы жоғары ойыншы сайысымыздың келесі турына өтеді де балы төмен ойыншымызға рахмет айтамыз
(Әрі қарай 4 оқушы ойынды жалғастырады.)
І жүргізуші:
ІІІ кезең. «Ғажайып алаң»
Бұл сайыста әр ойыншы өзінің қалаған сұрақты таңдай алады. Мұндағы берілген сұрақтар тек пернетақтаға байланысты берілген.
20 20 20
30 30 30
40 40 40
20 (сол жақта) – Үлкен әріппен жазуға болатын перне (Caps Lock)
20 (ортада) – Функционалдық пернелер саны нешеу (12)
20 (оң жақта) – Курсорды сөздің немесе сөйлемнің басына әкелетін перне (Home )30 (сол жақта) – Келесі қатарға көшіруге мүмкіндік жасайтын перне – (Enter )30 (ортада) – Бағдарламаны тоқтатады немесе бастапқы қалыпқа келтіретін перне (ESC)
30 (оң жақта) – мәліметті солға қарай өшіретін перне (Backspace)
10 (сол жақта) – мәліметті оңға өшіретін перне (delete)
10 (ортада) – Бұл пернені баспасақ санды тере алмаймыз? (NumLock)
10 (оң жақта) – Алғашқы және артқы мәліметтерді көре алатын перне (PageUp, PageDown)
ІІ жүргізуші: Сайысымыздың ІІІ туры бойынша балы жоғары ойыншылар сайысымыздың келесі турына өтеді де балы төмен ойыншымызға рахмет айтамыз
(Әрі қарай 3 ойыншы ойынды жалғастырады.)
І жүргізуші:
Ана тілім - арың бұл,
Ұятың боп, тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте – деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, сайыскерлеріміздің тіл білімін тамашалайық.
ІV кезең «Қанша тілді білесің?»
Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
(ақпарат, информация, information)
Терезені жабу батырмасының аты.
(жабу, закрыть, exim)
3. Windows дегеніміз не?
(Операциялық жүйе, операционная система, operation system)
4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (тышқан, мышь, mouse )5. Дүниежүзілік компьютерлік желі – (интернет, internet)
6. Құжатты сақтау батырмасының аты – (сақтау, сохранить, Save as)
Сурет салу қаламы – (қарындаш, карандаш, pencil)
Қажет емес символды алып тастау пернесі – (алып тастау, удалить, delete)
Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат (кесте, таблица, chart)
Пернетақтада жиылған, сөз құраймыз өзінен (әліппе, алфавит, alphabet)
ІІ жүргізуші: Сайысымыздың ІV туры бойынша балы жоғары ойыншылар сайысымыздың келесі турына өтеді де балы төмен ойыншымызға рахмет айтамыз
(Әрі қарай 2 ойыншы ойынды жалғастырады.)
І жүргізуші: Сайысымыздың соңғы туры «Кім жылдам» сайысымызбен жалғастырамыз.
V кезең «Кім жылдам?»
Бұл сайысымыздың шарты бойынша соңғы қалған екі сайыскерімізге екі сөз беріледі.
информатика
ақпараттандыру
Осы сөзге байланысты кім жылдамдатып неше сөз құрастырып берген ойыншы «Озық ойлы ойыншы» атанады.
ІІ жүргізуші:
Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Озық ойлы ойыншы» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушы «Озық ойлы ойыншы» атанады.
І жүргізуші:
Сондай-ақ ойынды жақсылап бағалап отырған әділқазылар алқасына, қатысып отырған қонақтарымызға рахметімізді айтамыз.