: Саба? жоспарлауда Блум таксономиясыны? ерекшелігі


Коучинг  тақырыбы: Сабақ жоспарлауда Блум таксономиясының ерекшелігі
Мерзімі: 18.10.2016
Коучинг тақырыбы: Сабақ жоспарлауда Блум таксономиясының ерекшелігі
Коучинг мақсаты: Оқушының өз ойларын дәйектеп, сын тұрғысынан ойлауға үйрету үщін Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар берудің  қажеттігін зерделеу.
Сілтеме: МАН, 41-бет,үлестірмелі материалдар.
С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»
Коучинг нәтижесі:  Блум таксономиясы бойынша дұрыс құрылған тапсырмалар беру ойлау қабілетіне әсер етеді
Түйінді идея: Сыни ойлау оқушының ой дербестігін, белсенділігін  дамытады,  ойын дәйектеуге  үйретеді.
Сабақ ресурстары: Плакат, стикер, маркер, «Блум таксономиясын»  сипаттайтын слайд, А4 қағазы
Оқыту әдісі: Топтық жұмыс, диалогтік оқыту
Орындалатын тапсырмалар: «Көңілді күн» сергіту сәті, фильм бойынша сұрақ дайындауға постер құру.
Коучинг сабақ мазмұны
Жұмыс кезеңдері Коуч әрекеті Мұғалімдер әрекеті
1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу
5 минут
Топқа бөлу Мақсаты:мұғалімнің өзіне өзі баға беруін көтеру, жағымды қарым-қатынасқа жағдай тудыру .
Түстер арқылы топқа бөлу
Тренинг «Менің портретім»
Қатысушылар өздерінің портреттерін салады, арқаларына жапсырады және шеңбер бойы жүреді.Әріптестері портретке жақсы тілектерін, мақтаулы қошемет сөздерін жазады.Кейін орындарына жайғасып, талқылайды.
2. Миға шабуыл
10 минут
Білу  І.«Көбелектің ұшуы» бейнематериалын көрсету.
Сұрақтар:
Көбелктің ұшуына не себеп болды?
 1) Білу дегеніміз не? 2) Түсіну дегеніміз не? 3) Қолдану дегеніміз не? 4) Талдау (Анализ)дегеніміз не? 5) Жинақтау ( Синтездеу)дегеніміз не? 6) Бағалау дегеніміз не? ІІ. Дәстүрлі сабақ жоспарлаудың кезеңдерін жазу Мұғалімдер сұрақтарға топтасып ақылдасып жауап береді.
Мұғалімдер постер жасап қорғайды.
3. Теориялық  кезең
«Блум таксономиясы» стратегиясымен таныстыру және осы стратегия бойынша жұмыс ұйымдастыру
20 минут
Түсіну Мұғалімдерге таныстырылым көрсетеді және Блум таксономиясына негіздеп  сұрақ құрастыру үшін қажетті етістіктер ұсынады.
Блум теориясымен және сұрақтарын құрумен танысқаннан
«Блум таксономиясы» стратегиясы жайлы мәлімет алады. Сын тұрғысынан ойлаудың ойлантудағы маңызымен және ойлаудың алты құралымен танысады
Қолдану
10 минут Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар мен сабақ жоспарлау Блум таксономиясы бойынша алған білімдерін постер жасауда қолданады /қорғайды/
Талдау
5 минут                   Мұғалімдерге кері байланыс жасату үшін сұрақ қойылады.
«Блум таксономиясы» бойынша жұмысты ұйымдастырғанда неге қол жеткізуге болатыны жөнінде мұғалімдермен ой бөлісу жүргізіледі.
Блум бойынша сұрақ құрастыру тапсырмасын бергенде қиындық  болды ма? Не себепті деп ойлайсыз?
 Бүгінгі тапсырма сізге ойлануға мүмкіндік туғызды ма?
 Жұмыс барысында арларыңызда керағар пікірлер болды ма,егер болса, оны қалыпты мәселе  деп ойлайсыз ба?  
Әр топ өз пікірін айтады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жинақтау
5 минут Қорытынды жасау,талқылау Рефлексия
5 минут
Бағалау І. Әріптестермен «5.5.1» әдісі бойынша кері байланыс жасалады.
 Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар жобалауды ұйымдастырғанда неге қол жеткізуге болатындығы, не үйренгендігі жөнінде мұғалімдермен ой бөлісу жүргізіледі.
Ойларын стикерге:
1.- Бес сөйлеммен.
2.- Бес сөзбен.
3.- Бір түйінді сөзбен жазады.
Әр топ коучинг туралы ойларын, сезімдерін жазады.