Мектепішілік ?зін-?зі бас?ару ?йымы Жас ?лан ?атарына ?абылдау?а арнал?ан салтанатты жиынны? сценарийі


Қарлығаш негізгі орта мектебі «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымына қабылдауға арналған салтаннатты жиынның
БАҒДАРЛАМАСЫ
Өтетін мерзімі: 09.12.2016ж Өтетін орны: Қарлығаш негізгі орта мектебі
Өткізілу орын безендіру талаптары:
1.Мемлекеттік рәміздер (Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы)
2.Мерекелік безендірулер (шарлар, гүлдер және т.б)
3. «Жас Ұлан» белгісі бейнеленген баннер
Шақырылатын қонақтар: соғыс және еңбек ардагерлері, ауылымызға еңбегі сіңіп жүрген азаматтар Фанфар
1-Жүргізуші:
-Құрметті қонақтар! «Жас Ұлан» республикалық қоғамдық ұйымына жаңа мүшелерін қабылдау рәсіміне қош келдіңіздер!
2-Жргізуші:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Жеке тұлға болу- бұл яғни жауапкершілікті болу.
Өмірдің ағысымен жүзбей, белсенді болу. Кәсіби маман болу-бұл негізі өз қалауыңмен істейтін өмірлік жұмысыңды таңдау»
1-Жүргізуші:
«Патриот болу-бұл шын жүректен өз Отаныңды сүю, халыққа қызмет етіп, өзіңе және халқыңа сену». Бұл барлық Тәуелсіз Қазақстанның көшбасшыларының ұраны.
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін.
1-Жүргізуші:
« Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымына қабылдауға арналаған салтаннатты жиын ашық деп жаряланады .
/ҚР мемлекеттік Гиміні орындалады/
2-Жүргізуші:
«Нұр Отан» ХДП-ның өткен ХІІІ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «...жас Қазақстандықтар арасында жұмыстарды жандандыру қажет. «Жас Ұлан» ұйымын құрып, мемлекетіміздің жастарын біріктіру керек, сонымен қатар, балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру мәселесін қарастыру партияға жүктеймін», -деп балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына ерекше көңіл бөлу біздің жұмысымызға жаңа серпіліс енгізді.
Бүгінгі мерекелік кештің алғашқы құттықтау сөзін, мектебеміздің директоры Нұрахметова Гүлжанар Құмарғалиқызына беріледі.
1-Жүргізуші:
Бүгін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, мектебіміздің дарынды оқушылары, мақтаныштарымыз 6 оқушы республикалық «Жас Ұлан» 5 оқушы «Жас Қыран» қоғамдық ұйымына тұңғыш рет қабылданғалы отыр. Ұйымға қабылданатын оқушыларымызды ортаға шақырайық
(11 оқушы сахнаның екі жағынан келіп, орналасады, қолдарында галстук пен төсбелгі бар . Патриоттық ән орындап тұрады).
Фанфар1 рет
Нүсіпбеков Жандарбек -Түзел ! Тік тұрыңдар! «Жас Ұлан» ұйымының антын қабылдауға дайындал!
2-Жүргізуші: «Жас Ұландарға» төсбелгі тағу рәсімін орындауға құрметті қонақтарымызды шақырамыз! (Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нұрахметов Тоқтар, Зейнеткер ұстаздар: Қалиева Бақыт Түлкіжанқызы; Нұғыманова Гүлбаршын Қабылханқызы; Ағыбаева Күлғайша Ахметбекқызы; Иманғалиева Күлтай Бейсекенқызы)
(Патриоттық ән ойнап тұрады, қонақтар әр оқушыға галустук пен төсбелгілерін тағады)
(Жас Ұланға қабылданатын оқушылар бір-бірден ортаға шығып ант қабылдайды)
Ант қабылдау рәсімі
Мен_________________, Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» (Жас қыран) балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан»(Жас қыран) Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН
1-Жүргізуші:
Келесі құттықтау сөз Зейнеткер ұстаздар: Қалиева Бақыт Түлкіжанқызы; Нұғыманова Гүлбаршын Қабылханқызы; Ағыбаева Күлғайша Ахметбекқызы; Иманғалиева Күлтай Бейсекенқызы беріледі.
2-жүргізуші:
Бүгін мерекелік қабылдау рәсіміне тарту ретінде Ерсаин Қасымның орындауындағы Қазақстан атты әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: ҚР Мемлекеттік Туы салтанатты жиыннан шығарылсын
2-Жүргізуші:
«Жас Ұлан» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН Жабық ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ.
/ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ ОРЫНДАЛАДЫ/