Т?рбие са?аты Жирен жаман ?деттен


Сабақтың тақырыбы:Жирен жаман әдеттен
Мақсаттары:Жаман әдеттен бойын алшақ ұстап, әрқашан жақсыға жақын болып, жақсылық жасауға үйрену
Күтілетін нәтиже :Сөзжұмбақ арқылы тақырып мазмұнын меңгереді, постерге түсіріп, жақсы мен жаманды ажыратады.
Модульдері: АКТ, СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Ресурстар:тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, ұлттық қолөнер бұйымдары
Әдіс тәсілдер: Тренинг «Ғажайып көбелектер», «доп лақтыру» «естігім келген сөз» сұрақ – жауап т.б
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушылардың іс -әрекеті
Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасы 3мин Тренинг «Ғажайып көбелектің түсі» ертегісі
-Балалар, оң қолдарыңмен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук – тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір – бірімізді жылытайық.
«Ғажайып көбелектің түсі » ертегісі
-Балалар, орнымызға жайғасып отырып ертегі тыңдайық. Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді.Күндіз олар ұйықтап жатады,ал түн болғанда оянып, жан – жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де, кішіге де ұшып барады. Түстер көбелектерінің қанаттары ғажайып екен. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Түрлі – түсті көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді екен, ал қара көбелек қанатын қақса, қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріңе түсіріңдерші. Сендер қорқынышты түстер көресіңдер ме? Оқушылар шеңберде жиналып,мұғалімнің айтқанын тыңдап, бір – бірлеріне жылылық сыйлайды.
Топтастыру
2 мин Қорқынышты түстер көрмеу үшін қара көбелектерді жыртып тастауға ұсынады
Тек жақсы түстер көру үшін түрлі – түсті көбелектерді алу тапсырылады. Балалар қара көбелектерді жыртып, түрлі түсті көбелектерді қолдарына алады. Сол көбелектер арқылы 3 топқа бөлінеді (қызыл,сары жасыл)
Өткенді пысықтау 5 мин -Балалар, біз сендермен алдыңғы сабақта ертегілер еліне саяхат жасаған болатынбыз. Мен сендерге сүйікті ертегілеріңнің суретін салып келіңдер деп тапсырған едім. Оқушылар суреттерін қорғап береді.
Ой қозғау
2 мин Сөзжұмбақ шешу
Ж Ұ Л Д Ы З Ж Ұ М Ы Р Т Қ А
Ш А Ң Ғ Ы Б А Т Ы Р
Қ Ы С Д О М Б Ы Р А
М Ы С Ы Қ Ш А Н А
Ы Д Ы С Н А Н
Жаңа сабақ
10мин Топтарға тапсырма беріліп,оқушыларды бақылайды. Оқушылар жақсы мен жаман әдеттер туралы өз ой ларын постерге түсіреді
Бейнебаян 6 мин Сұрақ - жауап
Жақсылық пен жамандық туралы бейнебаян көрсетеді.
-Мына көріністен нені аңғардыңыздар?
- Жақсылық деген не? Жамандық деген не?
- Жамандық жасаған адам қалай жауап қайтару керек екен?
- Жақсылық жасасаң өзіңе қайтып келеді дегенді қалай түсініесіңдер?
- Мұғалім сөзі.
Жақсы әдет пен жаман әдет туралы түсінік береді.
Бейнебаянды тамашалап, ой бөліседі, сұрақтарға жауап береді.
«Болады, болмайды» ойыны 3 мин «Доп лақтыру» әдісі
Топтарға ситуациялық сұрақтар беріледі. Топтар бір – біріне доп лақтыру арқылы сұрақтарға болмайды я болады жауап берулері тиіс
Сабақтан кешігуге...
Үлкендердің сөзіне араласуға...т.б
Сабақты бекіту 7 «Естігім келген сөз»әдісі
Оқушылар қолдарындағы көбелектерін естігілері келген жақсы сөздерді жазып, достарына береді. Сонда алған достары ол сөзді дауыстап оқып, сынып алдында естіртеді.
Рефлексия (кері байланыс) 3 мин «Әрқашан күн сөнбесін» Күннің әрқашан жарқырап сөнбеуі үшін күннің нұрын жабыстыруды тапсырады. Күннің нұрына бүгінгі сабақтағы естіген жақсы сөздерін жазып, жабыстырып, бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды.
Хормен 3 тілде «Әрқашан күн сөнбесін»әнін орындайды