За? б?рімізге орта? 5 сынып


Сабақтың тақырыбы: Заң бәрімізге ортақ»
Сайыстың білімділік мақсаты:
Оқушылардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.
Сайыстың дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
Сайыстың тәрбиелік мақсаты:
Конституция, т.б. құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, хабарлау, әңгімелесу.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушыларды сыныпқа кіргізу, сынып сағтының барысымен таныстыру;
Ә) Шаттық шеңберін өткізу. (Оқушылар топқа тұрып, бір-бірінің атын атап, тілек тілейді)
ІІ. Ата заң туралы тақпақтар оқылады.
Жүргізуші: Қастерлемес даңқын кімҚадірлемес салтын кімӘнұраны елімніңҮні, тілі халқымның(ҚР әнұраны орындалады)
Жүргізуші: Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Заң, мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті ережелер. Ол конституция деп аталады. әр елдің мемлекеттің өз азаматтарына арналған заңы бар. Өздерің білесіңдер ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса адам құқығы қорғалмай, бұзақылық көбейіп кетер еді. Мінеки сен дүниеге шыр етіп өмірге келгеннен бастап оның өмірін, денсаулығын тыныштығын қуанышын біздің мемлекетіміздің ұлы заңы Конституция қорғайды.
Ата Заңымыз туралы тақпақтар
1 оқушы: Шалдықпадым талмадымАрманды алға жалғадымКонституция қорғанымАтасы ол бар заңның
2 оқушы: Ғұрпымыз бар ел сенгенДәстүрлері –ең ізгіӘділдікпен өлшенгенЗаңымыз бар негізгі
3 оқушы: Бас иетін бар адамӘрбір сөзі салмақтыҚорғар бәле –жаладанАта Заң бұл ардақты
4 оқушы: Алтын заңым қорғайдыБар адамның теңдігінӘділетті қолдайдыАрқа тұтып, ел бүгін
             Конституцияда сенің міндеттерің айқын көрсетілген.
       30-бапта: «Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі, орта білім алу міндетің».
36-бапта: «Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті».
Жүргізуші: Сонымен біздің Ата заңымыз адам денсаулығына, өміріне, қамқорлық жасап қорғауға міндетті. Біз өмір сүріп жатқан ортамызға ешқандай зиян келтірмеуіміз және заңды бұзуға ешқандай құқығымыз жоқ екенін дәлел етеді.
Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған анасы біреу ғана, олай болса біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. 
 Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді.
5-оқушы: Қазақстан – атамекен, жер-анам,
Ата-баба өсіп-өнген кең далам,
Қазақстан – сенде туып, сенде өстім,
Қарыздармын сол үшін мен саған.
 6-оқушы Білім алам, дем алам,Отан туған өз анам!Ата заңым тұрғандаЕш болмаймын мен алаң
ІІІ. Топқа бөлу:
Шашыранды әріптер тарату, сондағы шыққан сөздермен топтарға бөлу.
Ол сөздер: Отан, Халық.
«Миға шабуыл»
Әр топ өздерінің шыққан сөздеріне тез сөйлем құру, мақал айту керек.
Мысалы:
1. Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе жеткенің.
2. Халық-дана.
3. Өсер халықтың арманы көп,
Өшер халықтың жанжалы көп
ІV. «Сөзжұмбақ шешу»









1. Тудың түсі ...
2. Астананың бұрынғы атауы ...
3. Елорда...
4. Бізің Республикамыз...
5. Ұлттық валюта...
6. Қазақстан Республикасының тұңғыш ...
7. Рәміздердің бірі
8. Астананың тұсаукесері қай ай...
9. спорттық ....
10. .... тойған жеріне,
Ер туған жеріне
11. Гимнің музыкасын жазған....

V. Заң туралы жазған эсселерін оқиды, заң деген не?
VІ. Топтастыру жасау.
1. Оқушылардың құқықтары:
Білім алуға
Өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге
Өзіндік ой-пікірлерін білдіруге
Ақпарат алу еркіндігіне
Мұғалімдерге, сынып жетекшісіне өзінің қиындықтары туралы хабарлап көмек алуға
Үйірмелерге
Спорт секцияларына
Сайыстарға, байқауларға, жарыстарға
Оқушылардың міндеттері:
Өзінің білім аясын кеңейтуге
Сабаққа жүйелі түрде дайындалу
Сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысуға
Мектеп намысын, беделін қорғауға
Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту
Сынып жетекшісінің нұсқауларына бағыну
Үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту
Өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу.
Басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу.
Мектеп ғимараты мен ауласын үнемі тазалықта ұстау.
Мұғалімдер мен ата-ананың заңды талаптарын орындау
Қорытынды.
-              Сендердің қазіргі міндеттерің?
-                Қазақстанның болашағын қалай елестетесіңдер, ол туралы пікірлерің?
-         Қазақстанның нағыз азаматы болғың келсе, сен қазірден бастап жақсы оқып тәрбиелі ұқыпты, жаныңдағы достарыңа үлгілі оқушы болуың қажет. Сендер бүгінгі оқушылар болсаңдар, ертеңгі Қазақстанның болашақ азаматтарысындар.
Сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты, қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.