Ма?ала Педагогты? к?сіби шеберлігі, ??зыреттілігі.


Педагогтың  кәсіби шеберлігі, құзыреттілігі.
Білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог екені ақиқат. Сол педагогогты мәртебесін
арттыру, абыройын көтеру – көп қырлы үдеріс. Бұл білім беруді дамытудың жаңа
бағдарламасынан орын алған.
            Педагог – деп жалпы білім беретін оқу орындарында бір немесе бірнеше пәнді беретін маманды айтады. Әртүрлі білім беру қызметпен айналысатын адамдарға қолданылатын жалпы термин.
            Бүгінгі заман талабына сай педагог – ол рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс.
  "Педагогтың кәсіби құзыреттілігіне не жатады?" деген сұраққа жауап бермес бұрын, кәсіби құзыреттілік терминінің мәнін ашып алайық.
            Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас құрам бөлігі ретінде оның кәсіби құзыреттілігі саналады. Құзыреттілік ұғымы адамның қайсыбір қызметті атқаруға дайындығының құймасын сипаттайды. Қазіргі кезде жалпы және кәсіби білім берудің теориясы мен практикасында жиі қолданылуда.
   А.К.Макрова кәсіби құзыреттіліктің бірнеше түрін бөліп көрсетеді де, олардың болуы адамның кәсіби жетілгендігінің көрсеткіші деп санайды:
Арнайы құзыреттілік;
Әлеуметтік құзыреттілік;
Тұлғалық құзыреттілік;
Даралық құзыреттілік;
    Педагогикалық қызметтің ерекшелігі тек бір тар мамандық бойынша құзыретті болуына жол бермейді, оқытушының кәсібилігі кәсіби құзыреттіліктің барлық түрінің бір тұтастығымен анықталады.
Педагог қызметінің түріне қарамастан олардың әрқайсысында құзыреттілік екі негізгі компоненттен тұрады:
   1.Оқытушының теориялық дайындығын анықтаушы білімдер жүйесі.
   2.Оның кәсіби қызметін іс жүзінде атқаруға дайындығының негізгі құраушысы болатын ептілік пен дағдылар жүйесі.
Педагогтың мәртебесін көтеретін басты күш - оның кәсіби құзырлылығы. Кәсіби құзырлылық маманның әлеуметтегі қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби-педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер мен дағдылар жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзырлылық - мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуі. Білімнің сапасын қамтамасыз ететін педагогтар болғандықтан, ең алдымен олар сапалы қызмет көрсетуі тиіс.     
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне мұғалімнің оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни оқушыларымен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына педагогқа тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б жатқызамыз.
   Мұғалімнің құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Сабақ нәтижелі болуы үшін мұғалімдер төменгі ережелерді ескергендері дұрыс:
 - өте жинақы болу, оқушылардың алдына қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу;
- оқушыларды төмендетіп, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу. Егер сыныптың көпшілігі түсінбеген болса, онда өзіңіздің кемшілігіңізді іздеңіз;
- оқушылардың сөзін бөлмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, оқушының жауабы дұрыс болмаса, ол қойылған сұрақтың нақты болмауынан;
 -тапсырма мен нұсқау анық, оқушы мүғалімнің талабын анық түсінетін болуы шарт;
 - сабақ барысында оқушылардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса, тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдарды пайдалану, оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылықтарын қадағалап отыру;
- сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, тәрбиелік ақыл-кеңесті ұзақ уақыт айтып тұрудың қажеттілігі аз;
- оқушыларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асуы керек;
- сабақтың өткізілу темпі интенсивті, бірақ оқу материалдарын оқушылар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт;
 - оқушылардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет.
Мұғалім    қызметінде    өз    кәсіби құзыреттілігін жетілдіре отырып жетістікке жетудің алғы шарттары: сырт кескін-келбеті; пәндерді сабақтан тыс ақпараттармен қамтамасыз ету; мінез-құлқы, пайымдау мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі; әзіл-қалжыңға мән бере білуі; оқушылардың жеткен жетістіктерін мақұлдай, қолдай білуі; шыдамдылық және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білу; еркіндік, икемділік; кез - келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алу; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Егер мұғалім жоғарыда аталған шарттар мен өзін-өзі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, онда мұғалім өз жұмысының нағыз шебері болатыны даусыз. Қазіргі қоғамға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі де сай болар еді.
 Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді. 
 Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:
- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;
-мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты. Педагогикалық шеберлік мұғалім тұлғасының белгілі бір сапаларының жиынтығы, олар мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығының жоғары деңгейімен, әр түрлі педагогикалық ситуацияларда жылдам шешім таба алуына негізделеді. Педагогикалық шеберлік негіздері – педагогикалық техника. Педагогикалық шеберлікті «мақсаттар ағашы» ретінде қарастыруға болады, олардың әрбіреуін шешу (мақсаттарды) жиынтығы педагог өнерін дамытады. Педагогикалық шеберлік педагогтың кәсіби іс-әрекетінде байқалады. Педагогикалық шеберлік – ол қозғалыстағы жүйе, себебі онда қоғамда жеке тұлғаның объективті және субъективті жағдайлары жеке тұлғаның ерекшеліктері бейнеленеді. Педагогикалық шеберлік негізі бұл адамның жеке басының таланты мен осы талантты дамытуға бағытталған қажырлы еңбегі болып табылады. Әрбір маман шебер болып туа бермейді, бірақ еңбектену барысында шебер болуға болады. Мұғалім мамандығының басты ерекшелігі оның үнемі үлгі-өнге бола білуінде. Сондықтан нағыз мұғалім болуы үшін үнемі шеберлікке ұмытылып отыру керек. Шебер мұғалім атанудың алғашқы қадамы -жоғары оқу орынында басталады, студент өзінің пәнін жетік білуі керек, яғни теориялық материалды терең меңгеруге және оны нақты практикада орындай алуға дағдылануы қажет. 
Пайдаланылған әдебиеттер1. «Бастауыш мектеп» – №2,2006ж. Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары 30-31 беттер2.Возрастная и педагогическая психология // Под.  ред.  А.В. Петровского. – М., 1986.3. Грейс  Крайг. Психология развития. – СПб., 2000ж4. Жас ерекшелік психологиясы, М.М. Муханов, Алматы 1981ж , 93-95 беттер5. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999.ж6. «Өзін-өзі тану» жалпы білім беретін мектептің  10 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал,  «Бөбек», Алматы, 2010ж, 6-15 беттер( 1388 рет оқылды.)