Жас маманны? ж?мыс жоспары


Жас маманның
жұмыс жоспары
Байдунгенова Шолпан Ұланқызы
Дегерес 2015 -2016 оқу жылы
Мақсаты:
Жас маманның бірінші жыл жұмыс өтілі бойынша, оның жеке қасиеттерін байқап және ескере отырып, оның бойындағы оқушыларға деген ізгілікті қатынастарды, құзыреттіліктерді, бастамашылықты, жауапкершілігін бағалай отырып, биология пәнін оқытудың коммуникативтік – танымды мақсатына жетуді қамтамасыз ететін кәсіби шеберлігі мол маман болып шығуына әдістемеләк көмек көрсету.
Міндеті:
Коммуникативтік тілдік ортаны құру үшін нәтижеге жетуде нақты шешім қабылдау.
Педагогикалық үрдістің тиімділігін көтеруге және өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі көрсетуге ұмтылудағы жас маманның белсенділігінің сипаты;
Даму жолында әр түрлі деңгейдегі жағдайлармен өзара диалогтік қарым-қатынаста болуы
Бекітемін
Мектеп директоры
________ Оразбай К.К.
№ Мазмұны Мерзімі
1 Күнтізбелік жоспарды жасауды үйрену Қыркүйек
2 Сабақ жоспарын жасауды үйрену 3 Журнал толтыруды үйрену 4 Әдістемелік тақырыпты таңдау 5 Өзара тәжірибе алмасу үшін білікті ұстаздардын сабақтарына қатысу Үнемі
6 Мектеп құжаттарын жүргізуді үйрену Қазан
7 Қайталау сабақ «Жасушаның құрылысы мен қызметі» 9 сынып 05.10.15ж
8 Тоқсандық есеп беруді үйрену Қараша
9 Жарыс сабақ «Биология пәнінен үздік оқушы» 11 «А»; 11 «Ә» сыныптар арасында 28.11.2015 ж
10 Өз білімін көтеру Үнемі
11 Мектептегі іс шараларға белсенді араласу 12 Тәлімгер сабақтарына қатыса отырып, іс тәжірибесін үйрену 13 Электронды ақпарат жүйесінен, бұқаралық ақпарат құралдарынан, әдістемелік газет журналдардан мәліметтер жинап, оны жұмыс барысында қолдану 14 Оқу бағдарламасына сай оқулықтармен қатар қосымша ғылыми көркем әдебиеттерді пайдалануды жүзеге асыруды бастау 15 Биология пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау бағдарламасын құрастыру Жыл басында
16 «Биология және Экология» атты ашық сабақ 8 сынып. Таңдау піннен. 19.12.2015ж
17 Сабақ түрлерін үйрену желтоқсан
18 Пән апталығы Уақытында
19 Қайталау сабақ 11 «Ә» сынып 23.01.2016ж
20 Жаңа технологияларды үйрену Ақпан
21 Биология пәнінен қабілетті оқушылармен жұмыс жоспарын жасақтау Наурыз
22 Дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жасау Үнемі
23 Үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі жұмыс жасау 24 Жас мамандар апталығы Сәуір
25 Жас маманның жұмыс мониторингі Сәуір
26 Жас маманның жұмысының жылдық қортындысы мамыр
27 Келесі оқу жылына жобалау жоспар құру мамыр