Урок по тему : карбон ?ыш?ылдары


Қызылорда облысы Жалағаш ауданы
Темірбек Жүргенов атындағы № 123 мектеп-лицейі, химия пәні мұғалімі
Дошимова Кулаш
Мұғалімнің аты-жөні Дощимова Кулаш Темірбек Жүргенов атындағы № 123  мектеп-лицей
Сыныбы11 класс 41 сабақ Күні:
Сабақтың тақырыбы: Карбон қышқылдары Көрсетілім № 3 (3,1)
Сілтеме Химия. (Жаратылыстану-математикалық бағыт) 11 класс. Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова. Алматы «Мектеп» 2015 ж. Химик серігі. Б.А.Беремжанов. Алматы «Мектеп» 1968 .
Мақсаты Карбон қышқылдарының изомерлері және олардың жүйелі номенклатурасы бойынша атай білуге үйрету
Күтілетін нәтиже . Карбон қышқылдарының изомерлері және олардың жүйелі номенклатурасы бойынша атай біледі
Негізгі идеялар Оқушылар карбон қышқылдарының басқа органикалық кластардан ерекшелігі өзіне тән қышқыл дәмнің болатынын түсінеді.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар,
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі,
Мұғалім іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі
 Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. Оқушы іс-әрекеті
Топқа бөлінеді
Білу Суреттер көрсету арқылы.Тақтадағы суретке қарап өздеріңіз сөйлем құраңыздар.Тақтада айран, қымыз, сүт тағамдарының, қарақаттың, лимонның, мүкжидектің, піспеген жеміс - жидектердің суреттері бейнеленген. Оқушылар осы суреттегі заттардың дәмдері қандай болады екен ?Ендеше оқушылар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қышқыл дәм беретін заттар - КАРБОН ҚЫШҚЫЛЫ Оқушылар өз ойларын жеткізеді
Түсіну Мәтінмен жұмыс. Топтарға мәтіндер бөліп беріледі.
І топ Карбон қышқыларының жіктелуі, карбоксил тобының жіктелуіІІ топ Қаныққан біргенізді карбон қышқыдарының атаулары мен изомерленуіІІІ топ Қышқылдарды алу жолдары . Оқушылар мәтінді топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады. Әр топ өз жұмысын постерде қорғайды
Қолдану Келесі карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын жазыңдар А) 2,2 – диметилбутан қышқылы
Ә)2,3,3- үшметилпентан қышқылы
Б) 2- метил, 2 этил пентан қышқылы Оқушылар бірін-бірі тексереді және бағалайды.
Талдау Сематикалық карта .
Органикалық және бейорганикалық қышқылдарды салыстырыңдар.
Бейорганикалық қышқыл Органикалық қышқыл
1.Сулы ерітіндіде диссоциациялануы 2 Белсенді металмен әрекеттесуі 3 Металл оксидтермен әрекеттесуі 4 Металл гидроксидтерменӘрекеттесуі Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалайды.
3-4 жауап 1 балл
2-6 жауап 2 балл
7-8 жауап 3 балл
Жинақтау
Есептер шығару
Құрамында 4,35% сутек, 26,09% көміртек және 69,56% оттек болатын карбон қышқылының молекулалық формуласын есептеп шығарыңдар. 
2. Массасы 12 г магний сірке қышқылымен әрекеттескенде неше грамм магний ацетаты түзілетінін табыңдар. Есептерді жеке орындайды. Бірін-бірі тексереді.
Үйге тапсырма: 6- жаттығу
Кері байланыс.

.