Сутек. ?ыш?ылдар. Т?здар та?ырыбы бойынша ал?ан білімді ?орытындылау (8-сынып)


Сутек. Қышқылдар. Тұздар тақырыбы бойынша алған білімді қорытындылау.
Мұхамбетқалиева Гүлдана Бауыржанқызы,
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Қараой мектеп балабақшасы» КММ, химия пәні мұғалімі
Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады. Сабақ - өте күрделі, жан –жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс. Сабақта оқытудың барлық формасында жақсы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру оң нәтиже береді.
Оқушылардың білімін тексеру, дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілген «Сутек. Қышқылдар. Тұздар» тақырыбындағы қайталау сабағын сайыс түрінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік бердім.
Сабақтың тақырыбы: Сутек. Қышқылдар. Тұздар тақырыбы бойынша алған білімді қорытындылау.Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушылардың «Сутек, қышқылдар, тұздар» тарауы бойынша алған білім – білік дағдыларын қалыптастыруда әр түрлі бақылау түрлерін қолдана отырып, жүйелеп қорыту.Дамытушылығы: Білімді жүйелеу арқылы алған білімдерін тереңдету, танымдық тапсырмалар арқылы есте сақтау қабілеттерін, сындарлы ойлау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ұжымдастыққа, ептілікке, жағдаяттан шыға білуге, көшбасшылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы.Сабақтың әдісі: Диалогтық оқыту, сын тұрғысынан ойлау, АКТ, көшбасшылық.Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, танымдық тапсырмалар, флипчарт, маркерлер, қайшы, стикер, смайликтер.Пәнаралық байланыс: Биология, физика, математика.Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларын түгендеужағымды психологиялық хал-ахуал орнатутопқа бөлу(тақырыптық түрде)
мақсат қоюОқушылар үш топқа бөлінеді:1 – топ «Сутек», 2 — топ -«Тұздар», 3 — топ -«Қышқылдар»
І Сергіту сәті:
«Танысайық»
Топтардың таныстыруы, ұраны. Әр топ өздерінің топтарын таныстырады.
1 — топ: «Сутегі тобы»
2 – топ: «Тұздар тобы»
3 – топ: «Қышқылдар тобы»
ІІ «Кім жылдам?»
Сутек периодтық кестеде нешінші орында тұр және салыстырмалық атомдық массасы?
Сутекті кім және қашан алды?
Сутек қайда қолданылады?
Сутек газын қандай тәсілмен жинауға болады?
Сутектің жер бетіндегі қосылыстарының ең маңыздысы?
Қандай заттар қышқылдар деп аталады?
Қышқылдарға тән қасиеттер?
Индикаторлар дегеніміз не? Олардың қышқылдарға әсері қандай?
Қышқыл ертіндісіне метилоранж салса қандай түске өзгереді?
Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техника ережелерін атаңдар.
Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым кім?
Тұздар деп қандай заттарды атаймыз?
Тұздардың қандай химиялық қасиетін білесіңдер?
Еліміздің қай жерлері тұзға бай?
ІІІ «Кім білгір?»
I топ
4,48 л (қ.ж) сутек алу үшін натрийдің қандай массасы сумен әрекеттесу керек екенін есептеңдер.
Массасы 7,2 г фосфор (V) оксиді сумен әркеттескеде қанша грамм ортофорфор қышқылы (H3PO4)түзілетіндігін есептеңдер.
Өзгерістерді іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
CuO→ Cu→ CuO →CuCl2
II топ
7,65г барий оксиді сумен әрекеттескенде барий гидроксидінің қандай массасы түзілетінін есептеңдер?
Күкірт қышқылымен H2SO4 әрекеттестіріп, массасы 80г мыс (II) сульфатын CuSO4 алуға қажетті мыс (II) оксидінің массасын есептеңдер.
Өзгерістерді іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
Fe → FeCl2 → Fe(OH)2
III топ
Құрамында 5,3 г мыс ІІ сульфаты бар ерітінді натрий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттескенде қанша грамм тұнба түсетінін есептеңдер?
Мыс (II) оксидінің 1,5 молін тотықсыздандыру үшін сутектің қанша грамы қажет болады? Реакция нәтижесінде неше грамм таза мыс түзіледі?
Өзгерістерді іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
P→ P2O5 → H3PO4→
ІV Жеті жұрттың тілін біл (қазақша, орысша, латынша)1. Өзім газбын менімен демаласың,жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. 2. Ең женіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан басталады. 3. Өзі ауыр металлға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады. 4. Машина мен трактордың жаны, қара металлургияның наны. 5. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді, салмақты адамды мақтауды да келістіреді.
6.Шыдасаңда алты күн ассыз мүлде,шыдау қиын бұл заттсыз екі күнгеV Жұмбақтар
1. Алғашқы буыным тасқын су, екінші буыным мал құлағына салынатын белгі? (Селен)2. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау? (Азот)3. Бірінші бөлігім алда бол деген, екінші бөлігім сан есім. Өзім шипалы газбын. Сонда мен қай газбын? (Озон)4. Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан есім, өзім химиялық қай элементпін? (Неон)
 5. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)
6. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз- өткізгішпін. (Мыс-сым)
VI Венн диаграммасыҚышқылдар мен негіздердің айырмашылығы мен ұқсастығын жазу.
Қышқылдар НегіздерVII Бекіту тапсырмалары:  Ой жинақтауСәйкестік тест 
Фосфор қышқылы А. AIPO4 
Күкірт қышқылы Ә. FeS   
Кальций сульфаты                                                     Б. BaCO3
Литий фосфаты                В. NaH                                             
Бром-сутек қышқылы Г. KCI 
Калий хлориді Ғ. KClАлюминий фосфаты          Д. H3PO4
Натрий силикаты        Е. Li3 PO4
Тұз қышқылы     Ж. H2S
Күкірт-сутек қышқылы З. HBrМагний нитраты     И. Na2SiO3
Темір сульфиді  К. H2SO4
Натрий гидриді Қ. HCl  
Барий карбонаты Л. Mg (NO3)2 
Калий хлориді М. Ca SO4
Оқушыларды бағалау.                                                                                                                                               Үйге тапсырма беру: Тарауды қайталау. Жекелеме оқушыларға қосымша тапсырмалар.