«Салауатты ?мір салты-мені? та?дауым»


Тақырыбы: «Салауатты өмір салты-менің таңдауым»
Мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты
байлығы,денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы-
зиянды,жат қылықтардан аулақ болып,салауатты өмір сүру
екендігін ұғындыру,денсаулықтың қадірін түсіне,сақтай білуге
тәрбиелеу,ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген
әлдеқайда тиімдірек екендігін түсіндіру,дене
тәрбиесіне,салауаттылыққа дағдыландыру.
Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғылар.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың қатысуын түгелдеу,назарларын тақырып аясына шоғырландыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
1 Кіріспе сөз.
2. ЖҚТҚ АҚТҚ маманы
3. Семей қалалық наркалогия диспансері маманы
4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы
Қорытынды.
1-жүргізуші:
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда,
Денсаулық терең байлық деген сөзді.
Құр айтпаған кешегі бабамыз да.
2-жүргізуші:
Армысыздар,құрметті қонақтар,ұстаздар,мектеп оқушылары!
Бүгінгі біздің « №3 жалпы орта білім беретін мектеп кешені»КММ қара шаңырағында бүгінгі күннің өзекті мәселесі-темекі,арақ,есірткі,СПИД ауруларына қарсы мектеп оқушыларына ұйымдастырылған «Салауатты өмір-менің таңдауым» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар,ол оны қолынан шығарып алады,бұдан кейінгі күні «тар жол,тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да,ең қымбатты-ол оның мәнді де,сәнді өмірі.
Ал,осы өмірінің мәнді де,сәнді өтуіне оның басты байлығы-денсаулығы тікелей әсер етеді.
2-жүргізуші:
«Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың-жаны сау»деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.Өкінішке орай,адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» бірге аяқ басты.Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп,дүние салып,талай ауруларға ұшырады.Сондықтан да,елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағып,әр-түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Кіріспе сөз: мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.М.Беркутова және Г.К.Сейтхановаға сөз берейік.
1-жүргізуші:
«Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген» әлдеқайда тиімдірек.
Егер әр адам ақылға салып,табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып,гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе,денсаулығына зиян келтірмей,ұзақ өмір сүрген болар еді.Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысып,есірткілерді,темекі мен ішімдікті пайдаланбауымызға бағытталған.
2-жүргізуші:
Салауатты өмір сүрудің басты шарты-темекі,нашақорлық,маскүнемдіктен арылу.Маскүнемдік,шылымқорлық,нашақорлық-ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіруде.Оның қасіреттілігі сол-денсаулықты нашарлатып-адамды аздыруда.
1-жүргізуші:
Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,
Аман-есен өтіп келген өткелден,
СПИД деген аждаһа бар сақ болшы,
Дүниені орап келер беткейден.
Кешіміздің алғашқы сөзін ЖҚТҚ АҚТҚ маманын:_________________________________берсек.
Маскүнемдікпен,нашақорлықпен,шылымқорлықпен жеке аудан,қала,не облыс бойынша күресу мүмкін емес.Жеңіске жету үшін бүкіл қазақты көтеру керек.Барлық қазақ арақтың,нашаның,темекінің ата-жаулар екенін түсініп,оған қарсы аттандап шығуы керек.
Келесі кезекте Семей қалалық наркология диспансері маманы: ______________________________ берсек.
1-жүргізуші:
«Салауатты өмір»Қазақстан-2030 жолдауында шылым шегу терең ойластырылып,қоғамдық өмірден ығыстырылуы қажет делінген.Сонымен,қатар ғасыр қасіреті нашақорлыққа,маскүнемдікке жол бермей спортқа көп көңіл бөлейік.
2-жүргізуші:
Жігерің бар,талабың бар қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі жайнайтын,-дей отырып, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталағының маманы:__________________ берсек.
1-жүргізуші:
Күтін балам алдыңда өмір сүбелі,
Ақылды алсаң тиер саған көмегі,
Ешбір затпен уламай жас денеңді,
Бағытталған мол қозғалыс керегі.
2-жүргізуші:
Ендеше оқушылар,келесі кезекте сергіту сәтіне кезек берейік.Ұстаздар,сіздердің де қалыс қалмай қатысқандарыңызды қалаймынз.
1-жүргізуші:
Темекі тартпайтындар орындарынан тұрсын.
2-жүргізуші:
Ертеңгі жаттығумен күнделікті айналысатындар оң қолын көтерсін.
1-жүргізуші:
Таңертеңгілік және кешке үнемі тісін тазалайтындар сол қолын көтерсін.
2-жүргізуші:
Арақты зиян дегендер екі қолын төмен түсірсін.
1-жүргізуші:
Ешқашан ауырғысы келмейтіндер бір орнында тұрып жүгірсін.
2-жүргізуші:
Бақытты да,ұзақ жасағысы келгендер,алақандарын соқсын.
1-жүргізуші:
«Денсаулық-басты байлық»дегенді қолдайтындар орындарына отырсын.
(Рахмет)
1-жүргізуші:
Обасы ол жиырма бірінші ғасырдың,
Айырмаған досың менен қасың кім?
Мың миллиондап жеп келеді жегі құрт,
Қиылуда қыршынынан қанша гүл
2-жүргізуші:
Өмірің болсын десең,сенің сәнді,
Ойланып айналаңа қара мәнді,
Адам бол!Білімі тасқын,өнері асқан,
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Келесі кезекті мектебіміздегі ______________________________ каратэ федерациясының басқарушысына берсек.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда мәнді, салауатты өмір сүргенге не жетсін! Бұл біздің қолымызда ағайын. Еліміз егемендік алып, енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқанда темекі, есірткі, арақ деген пәлекет жағамыздан алмасын деп тілейміз.
2-жүргізуші:
Елдің елдігін, азаматтың ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдыра гөр,-дей отырып:
Айналайын жастарым,
Өн- бойыңды әрдайым,
Дәл осындай кеселден,
Сақтай жүрші ылайым!-дегім келеді.
Келесі кезекті мектебіміздің спорт министірі Жұманов Әмірге сөз кезегін берсек.
Қорытынды: Міне оқушылар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтанда өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгінен бастап қамқор болыңыздар. Жастық шақтарыңның тамырына анаша, ішімдік, темекі балта шабылмасын. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты зиянды ұлы түтінге әуес, құмар болмайық дей келе бүгінгі бізге келген қонақтарымызғы көп рахмет айтамыз. Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Келесі кездескенше!
«№3 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП КЕШЕНІ»КММ
«Салауатты өмір салты-менің таңдауым»
(мамандармен кездесу кеші)