Ашы? саба? Т?тті бауырса?


7 сынып
Сабақтың тақырыбы : Тәтті бауырсақ
Сабақтың мақсаты : а ) білімділік (слайд)
Тақырып бойынша толық мәлімет беру , нан туралы
түсініктерін толықтыру . Нанның жасалу жолдары туралы
білімдерін кеңейту .
ә ) дамытушылық
Нан туралы мақал – мәтелдер , мәтіндер қолданып , сұрақ –
жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту .
б ) тәрбиелік
Еңбек , нан қасиеті тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту . Нанды
қадірлей білуге үйрету . Еңбекке баулу .
Әдісі : сұрақ – жауап , мыйға шабуыл ,талдау – жинақтау ,бағалау парағы
Түрі : жаңа сабақ
Көрнекілігі : сөзжұмбақ , кеспе , кластер
Психологиялық тренинг : Шаттық шеңберін құру
Армысың , асыл күн !
Армысың мектебім !
Армысыз қонақтар !
Міне менің қолым бос жылуыма ,
Жылу қос .
Слайд Сабақтың критериі :
Топпен жұмыс істеу арқылы , бір – бірімізді тыңдап , көмекке келу .
Берілген тапсырмаларды толық орындай білу .
Әділ бағалау .

1. Сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы табамыз .
Еттен жасалған ұлттық тағам . ( Бесбармақ)
Еліміздің бас қаласы (Астана)
Тұйық етістіктің жұрнағы (у)
Отан оттан да , ... .
Елбасымыздың аты (Нұрсұлтан)
Темір тілді , күміс үнді ( сағат)
Ең жақын адам (ана)
Өзі тәтті , өзі қатты . Қант

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы « Тәтті бауырсақ » Дәптерлерімізді ашып , бүгінгі күнмен сабақтың тақырыбын жазып қояйық .
Миға шабуыл
1.Балалар біз қай елде тұрамыз ?
Қазақстан елінде тұрамыз .
2. Өте дұрыс , ал сендер Қазақстанның қандай байлықтарын білесіңдер ?
Мұнай , газ , көмір , алтын , бидай
3.Бидайдан не әзірлейді ?
Нан
Нанның қандай түрлерін білесіңдер ?
Ақ нан , қара нан , бауырсақ , таба нан , құймақ
Өте жақсы . Олай болса нан берекенің бастауы . Сондықтан да халқымыз аса сыйлы қонақтарды нанмен , тұзбен қарсы алады . Дастарханға ең бірінші біз не қоямыз ? Ал енді жаңа сөздермен танысып , сөздік дәптерімізге жазайық .
2 Слайд Сөздік жұмысы
Наубайхана – пекарня
Наубайшы - пекарь
Қадірлеу – ценить
Ұн – мука
Домалақ - круглый
Тапсырма .
Берілген жаңа сөздерден сөйлемдер құрастырып , зат есімдердің астын сызыңдар .
Берілген жаңа сөздермен әр топ сөйлемдер құрастырып , дәптерге жазғызу . Әр топ екі сөйлемнен құрастырады .
Менің анам домалақ бауырсақ пісірді . Наубайшы нан пісіреді . Бидайдан ұн жасайды . Наубайханада әкем жұмыс істейді . Менің әжем ұннан тәтті бауырсақ пісіріп береді .

3.Слайд «Ақ қағаз бен ұшқыр ой» стратегиясы
Мен мәтінді оқыимын әр топ мәтіннен түсінгендерін суретке салып , түсіндіру керек .
Бұл Наубайхана . Менің шешем наубайханада жұмыс істейді . Наубайхана қаланың ішінде . Онда көп адамдар жұмыс істейді . Олар барлық қала тұрғындарына нан пісіреді . Нанның түрлері өте көп . « Ас атасы нан » деген мақал бар . Нанды қадірлеу керек .
Слайд . Қызығушылықты ояту . Кім тапқыр? Қай топ жұмбақтардың шешуін табады екен .
Енді бойымызды жазып , жұмбақ шешейік .
Бір күнде үш байиды ,
Үш жұтайды . ( Дастархан)
Қызыл , сарым –
жырық қарын . (Бидай дәні)
Үсті тас , асты та с ортасында піскен ас . (Таба нан)
Жұмсақ , сары , домалақ , әжем өзі пісірген бұл не? (Бауырсақ)
Табаға салып жапқаным ? Бұл не ? (нан)
4.Слайд Кім жылдам ?
1 топ Дастархан 2 топ Бауырсақ
Д – дәм
А – ана
С- сүт
Т – тағам
А – апа
Р – рахмет
Х – халық
А- ал
Н – нан
2 топ
Б – бар
А- адам
У – уық
Ы – ыдыс
Р – рахмет
С – сапар
А- ата
Қ - қағаз
Әр топ құрастырған сөздерін оқиды .
5. Слайд «Ой шақыру стратегиясы»
Екі топ берілген сөздерді қимыл мен сөз арқылы жасырып тауып алуы керек .
Берілетін тақырыптар . Еңбек . Бауырсақ
6.Мақал – мәтелдер
Мақал – мәтелдердің орысша баламасын тауып , мағынасын түсіндір .
Сыйлап берсе , суын іш. Праздничные блюда – самые изысканные блюда .
Асы бар аяқтан аттама. Сытому не понять цену куска хлеба.
Ас қадірін тоқ білмейді . Не перешагивай через блюдо с едой .
Той тамағы тәтті Еда придает человеку силы .
Ас – адамның арқауы И вода – еда , если от души подана .
Ас атасы - нан Хлеб всему голова .
Кім тапқыр . Мәтінді дұрыс құрастыр .

Көктемде егін егеді .
Жазда күтеді .
Күзде жинайды .
Наубайханаға апарады .
Наубайшы нан пісіреді .
Мамандық . Дұрыс – бұрыс
Мұғалім балаларды емдейді ?
Жоқ , мұғалім балаларды оқытады .
Дәрігер нан пісіреді ?
Жоқ, наубайшы нан пісіреді ?
Камбанер балаларды оқытады ?
Жоқ, камбанер егін шабады .
Диірменші ас пісіреді .
Жоқ , диірменші ұн үгеді .
Әр мамандықтың өз ісімен айналысқаны дұрыс екен . Еңбекпен тапқан нан тәтті деп бекер айытпады екен .
Бес жол өлең
Нан
Жұмсақ , ақ
Жедім , алдым , бердім
Мен нан жедім .
Бауырсақ

Пирамида
Нан
Нан алдым
Мен нан жедім .


Рефлексия
Білемін Білдім Білгім келеді
Бағалау .Оқушылар бір – бірін бағалайды .

Бағалау парағы
Аты - жөні ------------------
Қорытынды баға



Наубайхана –
Наубайшы -
Қадірлеу –
Ұн –
Домалақ –

Кесте
Сүт тағамдары Ет тағамдары Нан тағамдары
Кесте
Сүт тағамдары Ет тағамдары Нан тағамдары

Кесте
Сүт тағамдары Ет тағамдары Нан тағамдары