Презентация на тему М??алімні? ??зіреттілігі- о?ушыларды? ПИЗА ба?дарламасы бойынша жаратылыстану сауаттылы? ыны? кепілі


Мұғалімнің құзіреттілігі- оқушылардың ПИЗА бағдарламасы бойынша жаратылыстану сауаттылығының кепілі Жаратылыстану бағытындағы ғылыми сауаттылық жаратылыстану бағытындағы ғылыми білімдерін мәселені шешуде,айналадағы әлемді түсіну үшін қорытынды жасауда және айналадағы өзгерістерге адамның әсерін түсіну Ойын «Көңіл -күй сандығы» Жаратылыстану ғылымдары аймағы Заттардың құрылысы мен қасиеттері Атмосфералық өзгерістер Физикалық және химиялық өзгерістер Энергия беру Күш және қозғалыс Физиологиялық өзгерістер Генетикалық бақылау Экосистемалар Ғаламшардағы жер Географиялық өзгерістер Сұрақтардың типі:PISA зерттеуінде сұрақтардың үш типі қолданылады:1) көп жауапты таңдауы бар сұрақтар;2) қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар;3) толық жауапты қажет ететін сұрақтар. PISA жаратылыстану сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының құрылымыҚұзыреттілік білім- болмысты жаратылыстану ғылымдары тұрғысынантүсіндіре білу қабілеттері;-ғылыми зерттеулерді дайындау мен бағалау;-дәлелдер мен мәліметтерді ғылыми көзқараспен түсіндіруМәнмәтін-жеке;-жергілікті;-ұлттық;ЖаһандықБілімдер жаратылыстану білімдері- ғылым туралы білімдерҚатынас- жаратылыстану ғылымдары мен техникаға қызығушылық;- ғылыми тәсілдердің зерттеуге маңыздылығын мойындау;- экологиялық мәселелерді түсінуі PISA 2015 жаратылыстану сауаттылығын бағалауға арналған мәнмәтіндерДенсаулық пен ауру түрлеріТабиғи ресурстар3.Қоршаған орта сапасы4.Қауіп көздері5.Ғылым мен техника Жаратылыстану бойынша құзыреттіліктер /PISAҒылыми сұрақтарды тану және қоя білу2. Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу3.Ғылыми дәлелдерді пайдалану 1-тапсырма. Ұлумен тәжірибе жасауҚауіпті сезіп, ұлу өз қабыршағына кіріп кетеді.Оның осындай қылығын зерттеу үшін тәжірибе жүргізілген. Зерттеуші ұлуды әйнектің бетіне қояды.Ол алдымен екі минут бойы ұлуды бақылап тұрады. Кейін зерттеуші ұлудың артқы жағынан әйнектің үстін таяқпен жайлап бес рет соғады. Ол эксперимент кезіндегі ұлудың әрекетін бақылап, сол туралы жазып отырады. Неліктен зерттеуші алдыменен ұлуды екі минут бақылайды, содан кейін таяқпен соға бастайтынын түсіндіріңіз.1. Зерттеуші ұлуда белгілі бір іс-әрекет дағдысы жасалады деген қорытынды айтады. Ол өз қорытындысын неге сүйеніп айтып отырғанын түсіндіріңіз? Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар1. Бұл тәжірибені жүргізу үшін зерттеуші ұлудың тыныш күйін бақылап, бақылауөлшемін өткізу керек. Ол үшін зерттеуші ұлуды әйнектің бетіне қойып, оны екі минут бақылайды. Осы уақытта ұлу тыныш қалыпта болады, қабыршағына кірмейді. Зерттеушітаяқпен әйнек бетін ұлудың артқы жағынан соға бастағанда ұлу бірінші соғылғаннан кейін қабыршағына тығыла бастайды. Мұндай бақылау өлшемдері тәжірибе жасау үшін керек,өйткені зерттеуші ұлудың үйреншікті әрекеті мен соғылған дыбысты естігеннен кейінгі әрекетін салыстыруы керек.2. Тәжірибе белгіленген уақытта, яғни 2 минуттан 5 рет жүргізіледі. Зерттеушіұлудың бірінші соққан дыбысты естігенде, қауіпті сезіп қабыршағына 1,5 минутқатығылып қалған; екінші соққанда 1 минутқа тығылған; үшіншіде – 0,5 минутқа,төртіншіде – 15 секундқа; бесіншіде ұлу соғылған дыбыстың ешқандай қауіптудырмайтынын біліп, тығылмаған.Ескерту: мұндай есептерді шығаруда графиктердегі, суреттердегі ақпараттарды оқи білу керек және тапсырманың шартын мұқият оқып алу қажет. Бағалау кестесі1. Ең жоғары балл - 1Жауапта зерттеушінің ұлудың қалыпты әрекеті мен әйнектің бетін соғудан кейінгі әрекетін (бақылау өлшемдері) салыстырғаны туралы айтылуы керек.2. Ең жоғары балл -2Ұлу бастапқыда қабыршығына ұзақ уақытқа тығылып жатады/қозғалыссыз қалады дегенді белгілейді, 1бірақ, бірнеше рет соққаннан кейін, осы кезең уақыт бойынша қысқарады. Ұлу әйнектің бетінің соғылғаны оған ешқандай қауіп төндірмейтіндігін түсінді. 1 № 2-тапсырма. ТуыстықЭволюция теориясына сәйкес, жалпы белгілер организмдердің туыстығын көрсетеді. Төмендегі кестеде жануарлар тобы және осы жануарларда болатын кейбір белгілер көрсетілген. Крест таңбалармен жануарлар тобында осындай белгілердіңболатындығы көрсетілген. Кестеде берілген мәліметтер бойынша, туыстық шежіре жасалған (суретті қараңыз).Кестеде берілгенге сәйкес туыстық шежіреде P, Q, R әріптерімен белгіленетінжануарлар тобының атын көрсетіңіз.Жауапты келесідей жазыңыз:P =Q =R = Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар1. Кестеге сәйкес Р туыстық сызығына акула жатады. Акуланың омыртқасы шеміршекомыртқалар арқылы омыртқа діңгегімен орналасқан.Қалған бес белгі (сүйекті қаңқа, ішкі ұрықтану, бас сүйегіндегі көз ұясының артындағытесіктер, терідегі жүн қабатының болуы, төрт аяқ) P туыстық сызығына жатпайды.Q туыстығына қосмекенділер жатады. Өйткені оларда кестеде көрсетілген белгілерден терідегі жүн қабатынан және бас сүйегіндегі көз ұясының артындағы тесіктеріненбасқаларының барлығы бар. R туыстығына қолтырауындар жатады. Оларда маймылтектестер мен кеміргіштердегітерідегі жүн қабатынан басқа белгілердің барлығы болады.P = акулалар 1Q = қосмекенділер 1R = қолтырауындар 1 Бағалау кестесі1. Ең жоғары балл - 3P = акулалар 1Q = қосмекенділер 1R = қолтырауындар 1 № 3-тапсырма. АшытқыларБас пен Йозине ашытқылармен, бір жасушалы саңырауқұлақтармен тәжірибежасайды. Бір жасушалы саңырауқұлақтар қант ерітіндісінен көмірқышқыл газын бөледі.Зерттеушілердің міндеті – көмірқышқыл газының бөлінуіне ерітіндідегі қанттың мөлшері қалай әсер ететіндігін түсіну. Суретте құрылғы көрсетілген. Алынған көмірқышқыл газы түтікше арқылы цилиндрге жіберіледі. Біраз уақыттан кейін біршама көмірқышқыл газы жиналғаннан кейін цилиндрдегі судың деңгейі қаншамиллиметрге төмендегені өлшенеді. Нәтижелері кестеде көрсетілген:Қанттың мөлшері (г/20 мл) Цилиндрдегі су көлеміні азаюы (мм) 1 7 2 12 3 17 4 22 1. Ашытқы жасушаларының көмірқышқыл газын бөлуге ықпал ететін үдерісті атаңыз.Кестеде берілген мәліметтер бойынша сызықтық диаграмма құрыңыз.Бас пен Йозине тәжірибе бойынша есеп жазады.Олар есептің басында зерттеу сұрағын жазады:Ашытқы жасушаларының көмірқышқыл газын бөлуіне ерітіндідегі қанттың мөлшеріқалай әсер етеді?2. Тәжірибе нәтижесі бойынша Бас пен Йозиненің зерттеу сұрағына сай қорытындыжазыңыз. Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар1. Жану үдерісі – оттегінің қатысуымен және жылудың бөлінуімен бір рет болатын қышқылдану реакциясы. Ашу – күрделі заттардың химиялық өзгерістері мен олардың қарапайым заттарға бөлінуі. Бұл өзгерістер ашытқылармен бөлінетін ферменттер мен энзимдердің қатысуымен болатын өзгерістер. Ашытқылар – ферменттер бөліп шығаратын бір жасушалы саңырауқұлақтар.А. Сахарозаның гидролиз реакциясыС12Н22О11 + Н2О → С6Н12О6 + С6Н12О6сахароза глюкоза фруктозаВ. Глюкозаның ферменттік ашуының реакциясыС6Н12О6 → 2С2Н5ОН + 2СО2глюкоза этил спирті көмірқышқыл газыСызықтық график кестесіндегі мәліметтерге сай құрылады. У осі бойынша су деңгейініңтөмендеуі көрсетілген, Х осі бойынша – қант мөлшерінің көбеюі көрсетілген(г/20мл),өйткені көмірқышқыл газы сумен қосылып, глюкоза түзіп, оттегі бөлініп шығарылатын кері үдеріс жүреді.С. Фотосинтез процесінің реакциясы6СО2 + 6Н2О → С6Н12О6 + 6 О2көмірқышқыл газы су глюкоза оттекЕрітіндідегі қант мөлшерінің көбеюі көмірқышқылының пайда болуын жоғарылатады,себебі кейбір микроорганизмдер көмегімен өндірілетін ферменттердің әсеріненглюкозаның спирттік ашуы жүреді. Бағалу кестесі1. Ең жоғары балл - 1жану/ашу2. Ең жоғары балл - 2дұрыс сызықтық диаграмма үлгісі3. Ең жоғары балл - 1Дұрыс қорытынды шығару үлгісі: ерітіндідегі қант мөлшерінің көбеюі көмірқышқылының пайда болуын жоғарылатады. - осьтер дұрыс құрылған және аталған 1- диаграммада сандар дұрыс орналастырылған және сызықтарменбайланыстырылған 1 № 4-тапсырма. Суды тазартуКейбір елдерде таза ауызсу мәселелері бар. Осы мәселелерді шешу үшін суконусын пайдалану ұсынылылды. 30 Төменде су конусын пайдаланудың нұсқаулығы берілген.Су конусын күн астына су конусын 24 сағатқа резина тығынды қалпақтан орналастырыңыз қалдырыңыз алып, таза суды құйып алыңыз1. Лас су құйылған құтының беті неліктен ауқымды екендігін түсіндіріңіз.2. Құтыдағы су күні бойы тұрғанда конденсацияланып, буға айналып, су конусының шетіне жиналады.Ыдыс шетіндегі судың неге таза болатындығының себебін айтыңыз.3. Күніне қақпакқа 60 MJ энергия түседі. Одан пайдаланылатыны 1,0%. 1 л. суды буға айналдыру үшін 0,38 MJ энергия керек.Су конусы күніне неше литр таза су береді?A 1 литрден азB 1 литрден 2 литрге дейінC 2 литрден 4 литрге дейінD 4 литрден көп. Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар1. Буға айналу – сұйықтың біртіндеп буға немесе газға айналу үдерісі. Барлық сұйық заттар буға айналады, бірақ олардың буға айналу жылдамдықтары әр түрлі. Буға айналатын сұйықтың беті үлкен болған сайын, буға айналу жылдамырақ өтеді.2. Су буланып, конустың қабырғасында тазаланған күйінде конденсацияланады.3. ВБерілгені:Q1 = 60 * 106 ДжV1 = 1л= 1%Q2 = 0,38 * 106 ДжV2= ?1л ˗ 0,38 * 106Х - 60 * 106Х =60 /0.38 = 1,58 Бағалау кестесі1. Ең жоғары балл - 1Жауапта судың бетінің аумағы көп болса, судың буға айналуы да көбірекболатындығы туралы түсінік болу керек.Ескерту: «Ол жағдайда су көбірек сыяды» деген жауап дұрыс деп есептелінбейді.2. Ең жоғары балл - 1Су буға айналады және конденсацияланады, ал балшық буға айналмайды, қалады.3. B № 5- тапсырма. Теңіз және жағалау Суретте Ваддензенің қоректену тізбегін көріп отырсыз. Ағып келген суда нәрлізаттарға бай көптеген микроскопиялық организмдер - планктондар көп болады.Фитопланктондар өсімдік тектес балдырлар сияқты организмдерден тұрады.16Зоопланктондар ескек тәріздес аяқты шаяндар, балықтардың личинкалары,қарапайымдылар тұрадыТеңіздің тайыз түбінде балдырлар өседі. Жағалаудан алыс жерлерде балдырларөспейді.1. Теңіз түбінің терең жерлерінде балдырларды неліктен таппайтыныңызды түсіндіріңіз.2. Көрсетілген Ваддензенің қоректену тізбегінде қайсысы продуценттер екендігін көрсетіңіз. Продуценттерді крест таңбасымен белгілеңіз. 3. Кей кездері адамдар жағалаудағы кішкентай ауру итбалықтарды тауып алып,оларды өз қамқорлықтарына алып жатады. Итбалықтар аурудан жазылғаннан кейін,табиғи ортасына қайтып жіберіледі. Итбалықтарды арнайы қорғау орындарында емдейді.Итбалықтарға арналған пана орындарының қажеттілігі туралы көптеген дауларжүріп жатыр. Олар әлі де керек пе? Оны біз не үшін жасап жатырмыз? Оданитбалықтардың популяциясы күшейе ме немесе әлсірей ме?Осы дауда мына дәйектемелер пайдаланылады:1. Ауру итбалықтарға арналған пана орындарын жасай отырып, PDV вирусынанпайда болған аурудың себебін табуға болады.2. Итбалықтар популяцияны адамның көмегінсіз-ақ ұстай алады.3. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде ауру және әлсіз итбалықтар қырылып,ортаға бейімделген мықты итбалықтар ғана қалады.4. Жануарларды пана орындарынан қайтадан табиғи ортаға жібергенде, олараурудың таралуына себеп болады.5. Адамдардың араласуының нәтижесінде, итбалықтардың табиғи ортада өмірсүрулеріне қатты зардап келіп, өзгерістерге ұшырайды.Берілген бес тұжырымның екеуінің қайсысы итбалықтарға арналған пана орындарының пайдасына шешіліп тұр? Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар1. Балдырлар теңіз түбінде өспейді, өйткені оларға күн сәулесі қажет. Балдырлар күнсәулесінсіз болмайтын фотосинтез жүргізуге қабілеті бар: көмірқышқыл газы мен су сіңіріліп, оттегі мен энергия бөлінеді.2. Фитопланктон – қоректену тізбегіндегі продуцент болып табылады. Күн сәулесінің энергиясын пайдалана отырып, фитопланктондар көмірқышқыл газ бен суданорганикалық заттар түзеді. Фитопланктон зоопланктондарға қорек ретінде қызмет етеді (ұсақ шаяндар мен коловраткаларға), ал балықтар зоопланктондарды жейді.3.Бұл дауларға дұрыс дәйектемелер мыналар:1) Ауру итбалықтарға арналған пана орындарын жасай отырып, PDV вирусынан пайдаболған аурудың себебін табуға болады.2) Адамдар араласуының нәтижесінде итбалықтардың табиғи ортада өмір сүрулерінеқатты зардап келіп, өзгерістерге ұшырады. Бағалау кестесі1. Түсіндірмеден теңіз түбінде жарық жоқ/фотосинтез болмайтынын анық көрінуікерек.2. Дұрыс толтырылған кесте: иә жоқТопырақ фаунасы xФитопланктон xЗоопланктон х3. Тек 1 және 5 пайымдау ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ҮЛГІЛЕРІНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Мәнмәтін атауыДереккөздерСұрақ нөміріСұрақтар типіPISA қолдану саласыМәнмәтінҚұзіреттілікКөп жауапты таңдауы бар сұрақтарҚысқа жауапты сұрақтарТолық жауапты қажет ететін сұрақтарДенсаулық пен аурулар түрлеріТабиғи ресурсатрҚоршаған орта сапасыҚауіп көздеріҒылым мен техникаӨзіндікЖергілікті-ұлттықЖаһандықҚұбылысты жаратылыстану тұрғысынан түсіндіре білуҒылыми зерттеулерді бағалау мен дайындауҒылыми тұрғыдан мәліметтер мен дәлелдерді талдап түсіндіру№1Биология12******№2Биология1****№3Биология123********№4Химия123********№5биология123******** Назарларыңызға рахмет