К?сіби ?о?амдасты? – т?жірибе алмасу негізі


lefttop
Танкеева Перуза Бейсенхановна

Қазақстан Республикасы, ОҚО, Арыс қаласы, №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі, 1 (ілгері) – деңгей, математика пәні мұғалімі
Кәсіби қоғамдастық – тәжірибе алмасу негізі
Мақсаты: «Білім беру қоғамдастығының» тәжірибе алмасудағы орны, олардың
қызметін түсіндіру және оның тиімділігі, тәжірибе алмасу арқылы
кәсіптік дағдыларды жетілдіру .
Оқу нәтижелері:
Мұғалімдер:
қоғамдастықтың тәжірибе алмасудағы орны туралы;
қоғамдастық қалай қызмет атқаратынын;
оқыту қоғамдастығының тиімді жақтарымен танысады;
тәжірибе алмасу арқылы кәсіптік дағдыларды жетіледі.
Түйінді идеялар:
Білім беру қоғамдастығы – оқушылардың оқу үлгеріміне игі ықпал етіп, өз мектебінде және мектептер арасында оқыту мен оқуды жақсартатын бірқатар іс-шараларды бірлесіп жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау үшін басқа әріптестермен бірігуге мүмкіндік беретін орын.
Кәсіби қоғамдастық - білім алуға және әртүрлі мектептерде жүріп жатқан үдерістерді біліп отыруға, сондай-ақ оқыту жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Кәсіби қоғамдастықтың басты қағидаты – «зерттеу негізіндегі тәжірибе», яғни деректерге және дәлелдерге негізделген оқыту.
Коуч іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Күтілетін  нәтиже Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Қатысушылармен сәлемдесу.
Шеңбер жасап тұруларын өтіну.
Сәлем-сөздің атасы.
Сәлеміне қарай адамы.
10 мин. 1.«Өзге ұлттар қалай
сәлемдеседі?» тәсілі арқылы топ мүшелерінің сәлемдесуі.
(еуропалықтар- қолдарын қысады,
африкандықтар –мұрындарымен,
жапондар- бастарын изейді, италияндар- құшақтасады)
2. бейнежазба «Сәттілік тілеймін»   Жылы ахуал туындайды. «Сәлемдесу» жаттығуы
«Сәттілік тілеймін»  тренингі
Әріптерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді. «Конференция», «Семинар», «SMS-CHATS»
5 мин. Топтасады. Топтасудың әдісімен танысады.   Әріптер жазылған кеспе қағаздар.
«Қаздар»
бейнежазба
көрсету.
 10 мин. Топ ішінде түсінгендерін талқылайды.
 
Ой түйеді, пікір қалыптасады. Ой түрткі
«Миға шабуыл»
 
 
20 мин. Топтық жұмыс арқылы қорғайды. Әр топ рөлдік ойын, постер арқылы қалауынша қорғайды.
Кәсіби қоғамдастық  ол.... Ойланады.
Топтаса жұмыс жасайды.
Пікір алмасады.
Ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады.
Ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік туады. Миға шабуыл.
Постер.
Рөлдік ойын..
Сергіту сәтін жүргізу.
5 мин. Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды. Бір қатысушы сыртқа шығып кетеді, сосын кіріп, жаттығуды көрсетіп тұрған лидерді табу керек. Көңіл-күйлері көтеріліп,сергиді. Ынтымақтастық, ұйымшылдық – тәрбиелік іс-әрекет.
Бірлескен оқу – мозаикалық оқыту арқылы тапсырма береді.
20 мин 4 адамнан тұратын топқа бөліп, тапсырма беріледі.Топтарды талқылауға 10 мин беріледі, одан соң бастапқы топқа ой бөліседі. Топ жұмысын қорғайды.
Дайын мағлұматтарды оқиды, сұрақтарға жауап береді.
Кәсіби қоғамдастық деген не?
Әлемдік тәжірибе?
Кәсіби қоғамдастықты дамыту жолдары?
Тиімді кәсіби қоғамдастықтың ең басты ерекшелігі?
Қоғамдастық мүмкіндіктері?
Қоғамдастық қиындықтары?  Жауапкершілікті сезінеді, тапсырманы орындайды.
Өзіндік пікір қалыптасады. Мозаикалық оқыту - әдісі
Тақырып бойынша таныстырылым көрсету.
5 мин. Тыңдайды. Тиімді ақпарат алады. АКТ-дан таныстырылым.
  Біздің ойымыздағы кәсіби қоғамдастық қандай болу керек?
10 мин.  
 Постер жасайды.  
 
Сыни тұрғыдан ойланады.  
 
«Болжау» стратегиясы.
 
 
Қатысушылардан кері байланыс жасау сұралады.
5 мин. Коучинг туралы ойын стикерге жазады. Қорытынды жасайды. Сурет:
«Чемодан, еттартқыш, себет»