К?сіби ?ауымдасты? бойынша аукцион жоспары



11сәуір
2015 жыл Кәсіби қауымдастық бойынша аукцион жоспары
Тақырыбы: «Кел үйренейік»
Жалпы мақсат: 1.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамытуда 7 модульді тиімді пайдалану жолдары бойынша тәжірибе алмасу , қиындықтарды шешу жолдарын үйрену
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Сабақтағы кездесетін кедергілерді жою жолын үйренеді.
Негізгі идеялар: 1. Тәжірибесі терең, дидактикалық материалға қоржыны толы әр мұғалімнің еңбегін бағалау, ісін дәріптеу
Сабақта қолданыла-тын материалдар
1. Флипчарт
2.Стикер
3. АКТ
4. Смайлик
5. Маркер
6. Ноутбук
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
АКТ
СТО 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
Дерек көздері: Стандарт, оқулық, әдістемелік нұсқау хат, ҚМЖ,ҰМЖ
Тапсырма-лары: Топқа бөліну , топтық жұмыс , шығармашылық есеп

І. Тапсырмалар Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
(3 мин) Мұғалімдерге психологиялық ахуал мақсатында “Шаттық шеңберін ” жасау Ізгі тілектер айту
ІІ. Топқа бөлу
/ 5 минут/
Мұғалімдер ән жанрлары бойынша топқа бөлінді
«Армандастар » әнінің бір
шумағы берілген. Соны әр
жанрда айту
І топ – Халық әні
ІІ топ- Лирикалық әндер
ІІІ топ – Реп жанры Топқа бөлінеді
ІІІ. Ой қозғау
«Кел табайық»
(20 мин.)
Топтық жұмыс

Мұғалімдерге әр топ бойынша ой қозғау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды . Жәрмеңкеде аукционға әр түрлі заттар қойылды.
/Қолдан жасалған көрнекіліктер , оқу құралдары , стикер, смайлик, маркер , бор т.б/ Әр топ жасырынған затты сатып алу керек . Бастапқы бағасы 1000 тенге
VІ.Сергіту сәті
Белсенді орындау
V. «Сен маған , мен саған »
/20 минут/ Топтағы әр мұғалім өздерінің ҚМЖ,ҰМЖ, коучинг сессия жоспарларын, таныстырылымдарын, жасаған көрнекіліктерін аукционға салып сатты.
Мақсаты : тәжірибе алмасу Бастапқы бағасы 1000 тенге
VІІ. Зерттеушілік немесе ізденушілік кезең
«Менің жұмыс нәтижем»
Жеке жұмыс Мектептер өздерінің жасап жатқан жұмыстарының жетістіктері мен нәтижелерін айтып шығармашылық есеп берді. Шығармашылық есеп
VІІІ. Қорытынды кезеңде мұғалімдер бүгінгі өткен аукционға өз пікірлерін айтты
Эдвард де Боно “Ойлаудың алты қалпағы ”
Ақ қалпақ – адалдық шындық белгісі.
Қызыл қалпақ – Эмоция, интуиция, сезіну
Сары қалпақ –оптимизм, сәулелі өмірге талпыныс , жетістіктер мен пайдалы нәрсе туралы
Жасыл қалпақ- жаңа идея, альтернативті ойлар
Көк қалпақ- байсалды да байсалды сабырлылық, Идеяларды қорыту, күтілетін нәтижелерді ойластыру, болашаққа бағдар.
Қара қалпақ- ақиқатты көру, сақтану, келесі де алдын алуға ұмтылу
Өз ойларын нақты жеткізу
Бағалау Аукцион қорытындысы бойынша
ІІ топ – лирикалық әндер тобы ең үздік көрсеткіш көрсетті Рефлексия
(5 мин.)
Кері байланыс Коуч мұғалімге кері байланыс жасайды
Тақтаға стикерді смайликтің жанына жабыстыру.