Воспитательный час на тему: «Жол т?ртібін жады?да ?ста»


Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты
Тәрбие сағатыМырзағалиева Сания№7 топ тәрбиешісіТақырыбы: «Жол тәртібін жадыңда ұста»
Мақсаттары:
1. Оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету.
2. Жол ережесі қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу,адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.
3.Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру,әдептілікке,өзара достыққа тәрбиелеу.
Коррекциялық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту, транспорт, жол ережесі туралы ұғымдарын кеңейту, өзара байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: Жол белгілері,жол таңбалары,бағдаршам.
Жүру барысы:
Бүгінгі «Жол тәртібін жадыңда ұста»-атты сайысымызғаа үш топ қатысады.Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп жол белгілерімен топтарын анықтап,әртүрлі жағдаяттарды шешіп өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.
І топ.Аты: «Сары»
Ұраны:Басталар әр қадамның аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
ІІ топ.
Аты: «Қызыл»
Ұраны:Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады-ғой әлем деген.
ІІІ топ.
Аты: «Жасыл»
Ұраны:Сақтықта қорлық жоқ деген,
Өмірде ғажап көп деген.
Әр топ өздерін қазір таныстырады,мен қазір сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін.
І .Таныстыру.
ІІ.Ой қозғау.
ІІІ.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалнамасы.
ІV.Кім шапшаң? (ойын шапшандылық,ептілік тексерілді,қағаз,бояу,қайшы,клей,циркуль)
V.МАИ емтиханы (тест сұрағына жауап береді)
VI. «Ойна да ойла» (қиған машинаның суретін ақ қағазға құрастырып клейлеу)
VII.Көрермендермен жұмбақтар шешу.
Жұмбақтар:
1.Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім
Табыңдаршы, балалар
Бұл жұмбақтың шешуін (жол)
2.Бір тұлпар су ішпейді,жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді
Жүк емес жануарға жүз адам да
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (Трамвай)
3.Қозғалмасаң құлайды
Сүймесең сұлайды
Құйымшақта ері бар
Бұл не деген жануар (Велосипед)
4.Өзі сөйлеу білмейді
Бірақ «Тоқта,жүр дейді» (Бағдаршам)
5.Қызыл жарық жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда (Қызыл)
6.Сары шамы жағылса
Сақ,абай бол барынша (сары)
7.Жасыл жарық-жол ашық
Зымырай бер бел асып (жасыл)
ІІ Ой қозғау
1.Көшеде жүру тәртібі дегенді қалай түсінесіңдер?
КЖТ:
1.Жаяу жүргінші
2.Машиналар
3.Бағдаршам
4.Инспектор
5.Қиылыстар
6.Жол белгілері7.Тротуар
V Жол белгілері 4 топтан тұрады:
1.Ескерту белгісі-қызыл жолақпен көмкерілген тен қабырғалары үшбұрыш.
2.Тыйым салу белгісі-қызыл жолмен көмкерілген сары түске боялған дөңгелек.
3.Анықтама белгісі-көк түсті дөңгелек.
4.Нұсқау белгісі-көк түсті төртбұрыш.
5.Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
Бағдаршам-механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап.Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте маңыззды рөль атқарады.
6.Бағдаршам неше түрлі болады? (2 түрлі)
(Тік және көлденең)
7.Теміржол өткелдеріне немесе жолдарына не қойылады? (шлагбаум?),
Автоматты түрде жұмыс жасайды.
8.Жол ережесіндегі 3 сурет 3 топқа.
ІІІ Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы?
1.Автобусқа өай есіктен мініп,қай есіктен түседі?(алдан түсіп,арттан мінеді)15 ұпай
2.Жол беогілерінн атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)
3.Мына белгі нені білдіреді?(қозғалысқа тиым салынады) 5ұпай
4.Бағдаршамның қызыл түсі жнып тұрғанда кімдерге өтуге рұқсат етіледі?
(01-өрт сөндіруші машинаға)
(02-полиция машинасына)
(03-жедел жәрдемге)
5.Жүргізушілер жолдың қай жағымен жүру керек?э
(оң жағымен)
6.Жолаушыларды қандай транспорт пен тасымалдайды?
(Автобус,трамвай,тролейбус,такси)
7.Жолды қандай машиналарымен тазалайды?
(қар күрейтін,су шашатын,сыпыратын)
8.Шанамен сырғанауға және шаңғы тебуге болатын жерлерді ата?
(жаяу адамдар жүрмейтін,қаупі жоқ жерлерде,стадионда)
9.Азық-түлік таситын машиналардың түрлерін ата (нан,сүт,ет,су,т.б)
2 сұрақ (7 топ)
1.Ескерту белгілері
2.Тиым салу белгілері
3.Анықтама белгіліері
4.Қызмет көрсететін белгілер
5.Транспорт құрылысы және ескерту белгілері
6.Информациялық көрсеткіш белгілері
7.Қосымша табличкалар