Внеклассное мероприятие на тему Жол т?ртібін жады?да ?ста


Тақырыбы: «Жол тәртібін жадыңда ұста»
Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, жол белгілері, суреттер, белгілер суреті.Барысы:Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелері екенін білеміз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жол тәртібін жадыңда ұста» атты сынып сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?- Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін. Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады. Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын.
- Балалар, жол деген не? «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.- Тротуар деген не?Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не? Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?( Жол белгілері)
Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.
Жолдос көмекке асығады» мультфильмі.(1-бөлім)
«Кім көп біледі?» ойыны
Мультфильмнің сюжеті бойынша сұрақтарға жауап беру.
«Жол белгілері» ойыны.
Қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру, нені білдіретінін түсіндіру
«Жолдос көмекке асығады» мультфильмі.(2-бөлім)
Сұрақтарға жауап алу.
1.Велосипедті неше жастан бастап айдауға болады?
2.Велосипедті қай жерлерде тепкен дұрыс?
3.Велосипедті айдамас бұрын нені байқау керек?
4.Роликпен қай жерлерде жүру керек?
5.Роликпен жолға шығуға бола ма?Ән: «Бағдаршам»
Жол белгілерін еске түсіру.
Ескерту белгілері.Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді
• жаяу жүргінші өтпесі• балалар• тайғақ жол• жол жөндеу жұмыстары• екі жақты қозғалыс• велосипед жолымен қиылыс• шлагбаумы бар темір жол• шлагбаумы жоқ темір жолБасымдылық белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін бейнелейді.• басты жол• басты жолдың аяқталуы• жол беріңіз• аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады. Тыйым салатын белгілер. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады
• кіруге тыйым салынады• қозғалысқа тыйым салынады• велосипедпен жүруге тыйым салынады• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады• аялдауға тыйым салынадыНұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.• түзу қозғалыс• оңға қозғалыс• айналма жол• велосипед жолы• жаяу жүргінші жолы• ең төменгі қозғалысты шектеу Ақпараттық көрсеткіш белгілері.Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер• трамвай тоқтайтын жер• біржақты қозғалыстағы жол• тұрақ орны• жаяулар өтпесі• жер асты жаяулар өтпесі
Қызмет көрсету белгілері.Қызмет көрсету белгілері - тиісті объектілердің орналасуын хабарлайды.• алғашқы медициналық көмек пункті• аурухана• телефон• тамақтану орны• ауыз су• демелыс орныОсы жол белгілерін үнемі естеріңде сақтаңдар.
«Мықты болсаң, тауып көр» Жұмбақтар шешу.Мұғалім: сынып сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда және ауылдарда бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.