Компьютерлік жады 7 сынып


Күні: 13.10.16
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 7 «м»
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік жады. Мақсаты:Оқушыларға компьютер жадтары туралы мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыру, жұмыс жасауға үйрету.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап,түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық, техникалық диктант, тест, ой қозғау, миға шабуыл
Көрнекілігі: ДК, оқулық, карточкалар, ілмелі көрнекіліктер
Стратегиялар: «Қайталау – оқу айнасы», «Кері байланыс», «Тілекті тізбек»
Сабақтың барысы :
Сабақтың кезеңі Кезең мақсаты Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың назарын өзіме аудару, сабаққа дайындықтарын тексеру, сынып дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу. 1 мин -Сәлеметсіздерме.
-Сыныпта кім кезекші?
-Кім жоқ.Отырыңыздар
Амандасады, кезекші сыныпты түгендейді. Сабаққа дайындалады.
Психологиялық дайындық
Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту 2 мин «Тілекті тізбек»
Оқушылар бір-бірлеріне тілектерін айтып өтеді. Оқушылар бір-біріне кезек- кезек тілек айтып шығады.
Үй тапсырмасын тексеру Өткен тақырыпты қаншалықты түсінгенін тексеру, бекіту мин Сұрақтар:
Компьтер дегеніміз не?
Компьютердің аппараттық жабдықтамасы дегеніміз не?
«Қайталау оқу айнасы».
Тест тапсырмалары1. Компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар:А) негізгі құрылғыларВ) қосымша құрылғыларС) екі жауап та дұрыс
2. Графикалық ақпаратты (суреттер,сызбалар және т.б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы: А) сканер В) принтер С) монитор 3. Төмендегі көрсетілгендердің қайысысы компьютердің шығару құрылғысы? А) сканер В) пернетақта С) принтер 4. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет? А) монитор В) колонкалар С) сканер 5. Интернетке қосылу үшін қандай құрылғы қажет?А) принтерВ) сканерС) модем6. Мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы:
А) стример В) плоттерС) пернетақта 
7. Компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік:
А) стример В) плоттерС) джойстик
8. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы:
А) принтер В) модемС) микрофон - Компьютер дегеніміз – ақпаратты енгізу, өңдеу, сақтау, шығару, таратуға арналған электрондық құрылғы.
-Компьютердің аппараттық жабдықтамасы – (hardware) – ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу, шығару әрекеттерін орындайтын өзара байланысқан техникалық құрылғылар жүйесі.
В
А
С
В
С
А
С
С
Жаңа сабақ Оқушыларды дербес компьютердің даму үрдісімен таныстыру, тақырыпты толықтай меңгерту 15 мин Сонымен біз сіздермен өткен сабағымызда дербес компьютердің жабдықтарымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабақта біз дербес компьютердің ішкі құрылысымен және сыртқы, ішкі жадымен танысамыз.
Жад- ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.
Компьютер жадының екі түрі бар. Ішкі жад және сыртқы жад.Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі жад деп атайды.Ішкі жадтың екі негізгі тобы бар: Компьютерлік жад
Ішкі
Сыртқы
Жедел жад
(ЖЕСД)
Кэш-жад
Тұрақты жад
Бейнежад
Тасымалданатын қатқыл диск
Флешкалар
CD/DVD дискілері
Стримерлер
Дискілер
Компьютерлік жад
Ішкі
Сыртқы
Жедел жад
(ЖЕСД)
Кэш-жад
Тұрақты жад
Бейнежад
Тасымалданатын қатқыл диск
Флешкалар
CD/DVD дискілері
Стримерлер
Дискілер

Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ) – ДК-нің негізгі құрылғыларына жатады. Бұл – ерікті қолжетімділігі бар динамикалық жад.
Жедел жад – процессормен тікелей байланыста болатын шағын көлемді және программалар арқылы өңделетін деректер мен орындалатын программаларды жазуға, есептеуге және сақтауға арналған жедел есте сақтау құрылғысы. Жедел жад деректер мен программаларды уақытша сақтау үшін ғана қолданылады, себебі компьютерді өшірген кезде ЖЕСҚ-дағы барлық мәліметтер жоғалып кетеді.
Кэш жады немесе аса жедел жад – шағын көлемді жедел есте сақтау құрылғысы. Ол процессордың ақпартты өңдеу жылдамдығы мен жылдам жұмыс істейтін жедел жад арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін микропроцессор мен жедел жады арасындағы деректер алмасу кезінде пайдаланылады. Кэш-жадын арнайы құрылғы контроллер басқарады.
Ішкі жадтың құрамына жедел жад пен кэш-жадтан басқа арнайы жад кіреді, ол мыналардан тұрады:
Тұрақты жад
Қайта программаланатын тұрақты жад
Батарея арқылы қоректенетін жад
Бейне жад және т.б.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) – энергияға тәуелсіз, ешқандай өзгерісті талап етпейтін деректерді сақтау үшін қолданылады. Тұрақты есте сақтау құрылғысындағы деректерді тек оқуға болады.
Графикалық ақпаратты сақтау үшін бейне жад пайдаланылады. Бейнежад – кодталған бейнелер сақталатын жедел есте сақтау құрылғысының бір түрі.
Сыртқы жад – программалар мен деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған, оның құрамындағы деректердің толықтылығы компьютердің іске қосулы немесе өшірулі күйіне байланысты емес және процессормен тікелей байланыста болмайды. Қысқаша жазып алады:
Компьютер жадының екі түрі бар. Ішкі жад және сыртқы жад.Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі жад деп атайды.Ішкі жадтың екі негізгі тобы бар:
Жедел есте сақтау құрылғысы(ЖЕСҚ)- компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) –ақпаратты тұрақты есте сақтайтын құрылғы
Кэш- жад - аса тез әсер ететін жад, ол аса тез әсер ететін компьютелердегі жедел жадқа қол жеткізуді жеңілдетуге арналған.
Жаңа білімді бекіту Жаңа материалды қаншалықты түсінгендерін тексеру. 1 мин Техникалық диктантІ-топ1. Компьютердің сыртқы жадына .... жатады.2. Көлемі 1, 44 МБ болатын иілгіш магниттік дискі ...деп аталады.3. Компьютердің миы ... деп аталады.4. Ақпаратты басып шығару құрылғысы ... деп аталадыТехникалық диктантІІ-топ1. Деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема .... деп аталады2. Деректерді уақытша сақтауға арналғанмикросхема ...деп аталады3. Мәтіндік және графикалық ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы... деп аталады.4. ... - орталық процессордың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.Ой қозғауСерігі бар қасында, кілемі бар астындаҚұлағы бар қалқиған, құйрығы бар процессорға жалғанған(тышқан)Компьютермен енеді,Қағазға басып береді.(принтер)Мәліметті сұраған,Экранға шығарған.(монитор)Тетігін бассаң алаңсыз,Жазады қағазға қаламсыз(пернетақта)
Сәйкестендіру тестіІ -топНегізгі құрылғы жедел жадКомпьютер жады ------------ иілгіш магниттік дискіІшкі жад ------------------------- ішкі және сыртқы жадСыртқы жад -------------------- жүйелік блокСәйкестендіру тестіІІ-топНегізгі құрылғы тұрақты жад• Компьютер жады-------------------- монитор• Ішкі жад------------------------------- флэш-жады• Сыртқы жад --------------------------ішкі және сыртқыҚорытынды «Рефлексия» 1 мин «Шығу парағы» әдісі.
- Бүгін не үйрендіңіздер?
- Сабақ бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
- Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару қажет? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Үй тапсырмасын беру Өз бетімен материалды бекіту. 1 мин “Компьютер құрылғыларының ішіндегі ерекше қосымша құрылғылары ” эссе жазу Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау Оқушылар «Көршіңді бағала» стратегия бойынша бір –бірін бағалайды. 1 мин Оқушыларғы таратылған бағалау парағын жинап алып, әр оқушыны бағалап шығу. Оқушылар парақшаларды жинап береді.