Тілдер мерекесіне арнал?ан шара «Шешенні? тілі – Шеберді? бізі»


Тілдер мерекесіне арналған шара
«Шешеннің тілі – Шебердің бізі»
1- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мұғалімдер, балалар, қонақтар!
2- жүргізуші: Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ана дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
1- жүргізуші: Ежегодно 22 сентября в Казахстане отмечается День языков. Это общий праздник для всех народов Казахстана.Все мы родились в этой одной прекрасной стране, а говорим на разных языках. И все потому, что Казахстан многонациональное государство. Сегодня мы празднуем день языков.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз екі топ арасында сайыс өткіземіз. Сайысымыздың ұраны: « Шешеннің тілі – Шебердің бізі»
1- тапсырма. Топпен таныстыру, топтың ұраның айту.
1-топ. « Қарлығаш» тобы. Ұраны: «Талапты бала- талпынған құстай
Құмары қанбас, аспанға ұшпай».
2-топ: « Балдырған» тобы. Ұраны: «Біз балдырған баламыз,
Айтқан тілді аламыз».
2- тапсырма. Мақал-мәтелдер сайысы.
Өнер алды-қызыл тіл. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
Шешеннің тілі ортақ. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.
3- тапсырма. Викторина.
1.Қазақстанда мемлекеттік тіл – қандай тіл?
2.Қазақстан қандай мемлекет?
3.Қазақстанның рәміздерін ата.
4.Қазақстанда неше астана болды?
5.Қазіргі астана қай қала?
4-тапсырма.Топ басшыларына арналған тапсырма:Берілген әріптерден сөз құрастыру.
н
ә
н
р
а
ұ

5-тапсырма. Кезек үй тапсырмасына беріледі.
1 - топ. « Оқулық пен Доп» атты көрініс көрсетеді.
2 – топ. Тілге байланысты өлеңдер жатқа айту.
Тілім – менің тірегім.
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр – әнім.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Ана тілін ақтаңдар,
Ана тілін сақтандар!
Ана тілін безеніп,
Ата берсін ақ таңдар!
1 – жүргізуші: Сөз әділқазыларға беріледі.
Сайыс «Анамның тілі- аяулы үні» атты әнімен аяқталады.