Блум таксономиясын саба?тарда ?олдану тиімділігі-план конспект


Коучинг  тақырыбы: Блум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі
Мерзімі: 19.02.2016.
Өткізген: Турниязова Н.Т.
Коучинг тақырыбы: Блум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі
Коучинг мақсаты: Оқушының өз ойларын дәйектеп, сын тұрғысынан ойлауға үйрету үщін Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар берудің  қажеттілігін зерделеу. Жаңаша оқыту әдісі бойынша мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу. Жаңа оқыту үрдісіне қызығушылық танытқан мұғалімдер арасында тренинг өткізу.
 
Сілтеме: үлестірмелі материалдар.
С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.  Үшінші (негізгі) деңгей.
Коучинг нәтижесі:  Блум таксономиясы бойынша дұрыс құрылған тапсырмалар беру ойлау қабілетіне әсер етеді. Оқушы үйреніп жатқан тақырып Блум таксономиясы арқылы дұрыс сұрақтармен белгілеп көрсетілсе, оқушы нәтижеге дұрыс және еркін жетеді.
 
Түйінді идея: Сыни ойлау оқушының ой дербестігін, белсенділігін  дамытады,  ойын дәйектеуге  үйретеді.
Сабақ ресурстары: Плакат, стикер, маркер, «Блум таксономиясын»  сипаттайтын слайд, А4 қағазы Блум таксономиясы бойынша үлестірме тапсырмалар, АКТ, фильм т.б.
 
Оқыту әдісі: Топтық жұмыс, диалогтік оқыту
 
Орындалатын тапсырмалар: Сергіту сәтіне арналған тест; «Менің атым Қожа»фильмінен эпизодтар көрсету және сол бойынша тапсырмалар.  
 
Коучинг сабақ мазмұны
Жұмыс кезеңдері Коуч әрекеті
  Мұғалімдер әрекеті
1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу
5 минут «Табиғаттың тамашасы» тренингі ұйымдастырылады.  
Түрлі-түсті шарлар  арқылы мұғалімдерді 3-4 топқа бөледі. Мұғалімдер ортаға шығады, шеңбер жасайды және күзгі ауа райын  бейнелеу арқылы арқаларына массаж жасайды.
 Үш-төрт топқа бөлінеді.
2. Миға шабуыл
10 минут  «Менің атым Қожа» фильмін еске түсіру үшін  мұғалімдерге үзінді көрсетіледі де, 3 сұрақ құруға тапсырма беріледі.
  Мұғалімдер топтасып,фильм оқиғасын еске түсіргеннен кейін, постердің бірінші бөлігіне фильм оқиғасына сәйкес  сұрақтарын жазады.
3. Теориялық  кезең
«Блум таксономиясы» стратегиясымен таныстыру және осы стратегия бойынша жұмыс ұйымдастыру (Слайд)
20 минут Мұғалімдерге таныстырылым көрсетеді және Блум таксономиясына негіздеп  сұрақ құрастыру үшін қажетті етістіктер ұсынады.(слайд Блум)
Тапсырма:
1. Фильм оқиғасы бойынша Блумның ойлау деңгейлеріне сәйкес сұрақтар шығаруларыңызды сұраймын.
2. Өз құрастырған сұрақтарыңызбен салыстырыңыздар.
3. Сұрақтарыңыздың сәтті шыққан, сәтсіз шыққан жерлерін топпен талдаңыздар. Себебін анықтаңыздар. Қандай қиындықтар туындады?
Өздері дайындаған сұрақтардың сәтті,сәтсіз шыққанын бағалау үшін үш түспен бояу тапсырылады.
    Блум таксономиясына сәйкес, аталған барлық деңгейлер
сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қаралады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау  және/немесе
бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек.
    Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады. Блум теориясымен және сұрақтарын құрумен танысқаннан кейін, екінші бөлігіне Блум бойынша қайтадан сұрақтар әзірлейді.
Стикерлер арқылы өздері дайындаған сұрақтарына өздері баға береді және тақтаға шығып,сұрақтар неліктен үш түске бөлінгенін түсіндіреді (сәтті шыққан сұрақтар)
 
 
«Блум таксономиясы» стратегиясы жайлы мәлімет алады. Сын тұрғысынан ойлаудың ойлантудағы маңызымен және ойлаудың алты құралымен танысады.
 
Кері байланыс      
10 минут                   Мұғалімдерге кері байланыс жасату үшін сұрақ қойылады.
Сіз үшін оқушылар ішіндегі Қожа кім? Неліктен олай ойлайсыз?
 
«Блум таксономиясы» бойынша жұмысты ұйымдастырғанда неге қол жеткізуге болатыны жөнінде мұғалімдермен ой бөлісу жүргізіледі.
 
Блум бойынша сұрақ құрастыру тапсырмасын бергенде қиындық  болды ма? Не себепті деп ойлайсыз?
 
Бүгінгі тапсырма сізге ойлануға мүмкіндік туғызды ма?
 
Жұмыс барысында араларыңызда кері пікірлер болды ма,егер болса, оны қалыпты мәселе  деп ойлайсыз ба?  
Әр топ өз пікірін айтады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Рефлексия
5 минут Сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын жазуға 3 түрлі стикерлер таратады.
Қызыл түс-бәрін білдім.Маған ұнады.
Жасыл түс –Ойлау деңгейімді одан ары жетілдіргім және тақырыпты ашатын мәліметтерді көбірек зерттегім келеді.
Сары түс- маған ұнамады. Әр топ коучинг туралы ойларын, сезімдерін берілген түрлі түсті стикерлерге жазып Смайликке жабыстырады. Соңында өздері стикерлер санына қарай бағалайды