Ашы? саба?. Та?ырыбы: Paint — графикалы? редакторы /5А сынып/ 2013-2014 о?у жылы


Бекітемін:____________
Сыныбы 5 «А»
Пәні Информатика
Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. IV тарау бойынша қайталау.
Сілтеме (дереккөздері) 5 сынып оқулық, www.google.kz
Мақсаты Оқушыларға PAINT графикалық редакторы туралы мағұлмат бере отырып, салынған суретті сақтау тәсілдерін түсіндіру. Редактордың құрал- саймандарын дұрыс пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері
Білімділік
Дамытушылық
Тәрбиелік Оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге, PAINT графикалық редакторына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтыққа үйрету.
Оқыту нәтижелері Оқушылар тақырыпты өз бетінше түсіне алады, топтық, ұжымдық жұмыс арқылы ұйымшылдықпен жұмыс жасап, компьютерде тапсырмаларды орындай алады және де ақпараттық сауаттылықты арта алады.
Сабақтың көрнекілігі Оқулық, жұмыс дәптер, компьютер, қима қағаздар, слайд
Сабақтың әдіс- тәсілдері Топқа бөлу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, миға шабуыл, жеке жұмыс, бағалау
Сабақтағы орындалатын жұмыстар Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Қызығушылықты ояту 2 мин
Сәлеметсіздер ме?
Көңіл күйлерің қалай?
Сабаққа дайындық қалай?
Оқушыларды түгендеу. Оқушылапды 2 топқа бөлу.
1- топ Монитор
2- топ Процессор
Сәлеметсізбе!
Керемет!
Жақсы!
Топқа бөлінеді.
Блум таксаномиясы (жіңішке сұрақтар) 5 мин Файл дегеніміз не?
Компьютердің қанша түрі бар?
Жүйелік блоктың миы?
 Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылымды не деп атаймыз?
Сурет, сурет салу ағылшынша?
Растрлық бейненің ең кіші элементі?
Палитрада неше түс бар?
Өшіргіш неше режимде жұмыс істейді?
Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
1.Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі.
2. 4 3.Процессор 4. Информатика
5.Paint 6.Пиксель 7.30 8.2 9.Мәтін 10. Нүктелерден
Мағынаны тану.
Араласып кеткен элементтер
8 мин - ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.
- құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
- түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез – келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
- масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
- карандаш құралы, бұл кез – келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.
- кисть құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған. Оның қажетті түрін таңдап алуға болады.
- бүріккіш құралы, бұл эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
- жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
- сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған.
- қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
- тіктөртбұрыш құралы, бұл тіктөртбұрыш салуға арналған.
- көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
- эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады.
- бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған.
Араласып кеткен элементтерді тауып оз орнына қойып, Paint графикалық редактордың құралдарын естеріне түсіреді.
Ой толғаныс 15 мин
Ал, енді сурет саламыз.Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде саламыз.
1- тапсырма:Бір көзіңмен «кідір» дейді,Бір көзім «жүгір» дейді.Бір көзім «абайла» дейді«Қарап ал маңайға» дейді(бағдаршам)2- тапсырма:Ұзынды-қысқа қос тіл,Он екі цифрмен дос бұл.(сағат) Оқушылар жеке-жеке компьютерде жұмыс жасайды.
Сергіту сәті 2 мин Видео көрсетіледі, видео арқылы оқушылар билейді. Оқушылар видео арқылы бойларын жазады.
Талдау 5 мин 1.Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы. Венн диаграммасы арқылы салыстыру
Компьютерде салынған Қағазға салынған сурет сурет
Айырмашылығы
2. Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерін жазып шығу. Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығын табу арқылы оқушылар бүгінгі сабақты талдайды.

Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерін сағат тілімен айналдырып бір-бірінің дәптерлеріне жазып шығады.
Бағалау 3 мин Топ басшыларын тыңдау. бағалау Топ мүшелерін әділ бағалайды.
Рефлекция 2 мин Бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады.
Білемін Білдім Білгім келеді?
Өз ойларын жазады.
Үй тапсырмасы 1 мин Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау «Менің отбасым» тақырыбында сурет салу Күнделіктеріне жазады.