?ал?анша бездер та?ырыбына саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Қалқанша бездері, оның гормондарының қызметі.
Сабақтың мақсаты: қалқанша бездің құрлысын оның қызметінің бұзылуынан болатын аурулардың түрлерін, аурулардың алдын алуын білу.
А. Бездерден бөлінетін гормондар, олардың организмге әсері, жетіспеушілігінен болатын аурулардың белгілерін
В. Бездердің ағзада орналасуы, жалпы сипаттама
С. Бездердің атауы, аурулардың түрлерін ажырата білу
Міндеттемелер: 1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпты оқушылардың өздерін өздері оқыту арқылы білімін беруге ықпал жасау.
3. Баланы ойлауға, ұғым түсініктерді зерделеуге үйрену.
4. Оқушылардың есіне сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақта туындаған идеялар:
Оқушылардың өмірдегі біліміне, білетініне сүйену.
Жаңа ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру.
Нәтижесі: бездер, олардың қызметінің бұзылу себептері, олардан яғни өзгерістерден туындайтын аурулардың түрлерін, белгілерін, олардың алдын алу жолдарын біледі.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Сыныптағы оқушыларды кезекші оқушы арқылы түгелдеу.
Үй тапсырмасын пысықтау. Мұғалімнің іс-әрекеті: «ой шақыру» өткен сабақты оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы еске түсіру.
Жаңа сабақ.
Оқушылар 3 топқа бөлу.
Топ қалқанша безі
Топ қалқанша маңы безі
Топ бүйрек үсті бездері
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс оқушылар оқып шығып, топта талқылайды. Әр топ өздеріне берген тапсырманы қорғайды.
Қосымша мәліметтен дайындалып келген оқушылардың хабарламасы тыңдалады.
Осы тақырып бойынша бір-бір сұрақ қою. (Параққа жазып, әр топ бір-бірімен алмасады).
Бездердің атауларын жазу тақтаға (ішкі, сыртқы, аралас).
Тест құру.
Интербелсенді тақтада берілген суреттер (зоб, критеризм, бақшаңкөз) бойынша түсініктерін айту.
Мұғалімнің іс-әрекеті: бақылайды, бағалайды.
Оқушының іс-әрекеті: 1. Оқиды, топта талқылайды, топ мүшелерімен бірге бірігіп тапсырманы қорғайды. 2. Оқушы қосымша мәліметін ортада қорғайды. 3. Дәптермен жұмыс жасайды. Жеке қорғайды.
Бағалау:
Мұғалім үйге тапсырма береді: исулин гормоны туралы хабарлама дайындау.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. Үй тапсырмасы бойынша барлық оқушылар қатысып «Түйінді ой» айта білуі.
2.Әр оқушы өткен сабақты бір-біріне сұрақ қою арқылы білімдерін пысықтап, білімін табыс китерийлері бойынша бағалауы.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
Шығармашылық ізденіс жұмыстары Қожаш Диана, слайд даярлаған. ғаламтор материалдарын жинаған.
Бездердің атауларын тақтаға жазуы.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім.
Күнделікті сабақта табыс критерийлерін оқушылардың өздері құрастырып пайдалану керектігін.