Аласа таулы ?лкелер ашы? саба?


Сабақ тақырыбы: Аласа таулы өлкелерСабақтың мақсаты. Оқушыларды аласа таулармен таныстыру . Білімділігі: Оқушылармен техникалық нұсқау картасы және плакат бойынша жұмыс жасап, білім сапасын көтеру.  Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту. . Тәрбиелілігі: Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, өзіне деген сенімділікті, жұмыста өз бетінше орындауға, ұқыптылыққа, батылдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Жабдықтары : ҚР физикалық,саяси, тектоникалық картасы. АКТ.Негізгі ұғымдар: Тау,таулардың биіктігі бойынша бөлінуі.
Түрі : Жаңа сабақты баяндау,өз беттерімен іздену,
Барысы : І. ҰйымдастыруСынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеруӨткен тақырыпты пысықтау Жұмбақ. 1. Еліміздегі теңіз атымен аталған ойпат (Каспий маңы)2. Құс атымен аталатын үстірт (Торғай)3. Өзен атымен аталатын жазық (Ертіс-Құлынды)4. Дене мүшесінің атымен аталатын құм (Мойынқұм)5. Бояу атымен аталатын құм (Қызылқұм)ІІ. Жаңа сабақ Сабақтың тақырыбы : Аласа таулы өлкелер
Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын оқушыларға тапсырмалар береді.
 Тапсырма : Сарыарқа тауының физикалық- географиялық орнын анықтап көруге тырысайық. Оқушылар Сарыарқа тауының физикалық –географиялық орнына картаны пайдалана отырып сипаттама береді . Енді оқушылар , Сарыарқаға саяхат жасап қайтайық. (Сарыарқа туралы шағын видео ролик көрсетіледі)
Тапсырма:Келесі Мұғалжар тауының Физикалық- географиялық орнын анықтап көруге тырысайық. Оқушылар  Мұғалжар тауының физикалық –географиялық орнына картаны пайдалана отырып сипаттама береді . Енді оқушылар ,  Мұғалжар тауына  саяхат жасап қайтайық. ( Мұғалжар туралы шағын видеоролик көрсетіледі)
Тапсырма:Келесі Маңғыстау тауының Физикалық географиялық орнын анықтап көруге тырысайық. Оқушылар   Маңғыстау тауының физикалық –географиялық орнына картаны пайдалана отырып сипаттама береді . Енді оқушылар ,  Маңғыстау тауына  саяхат жасап қайтайық.
ІІІ.Қызықты деректер :
Шеркала -бір қарағанда-киіз үйге ,бір караганда жасырынып жаткан аңга ұксайды екен. Оған міну киын,ал түсу тіптен киын. Онын үнгірлеріне кіруге көп адамның жүрегі дауаламайды екен. Сол жердін карттарының айтуы бойынша ішінде елестер бар дейді. Ол талай акын,суретшілердін енбектеріне арқау болған. Шерқала аты аңызға айналған қасиетті жартастың қасында тұлғасы қазақстандық тарихы үшін маңызды болған Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының бекінісі орналасқан деп саналады. Шерқала түрік тілінен «арыстан тауы» дегенді білдіреді. Шайтан көл-Жұмбак көл. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша ,түрлі адамдар бұл көлден елес көрген.Көлдін орта тұсы қап- қара болып иірімденіп жатады екен.  Көл шағын болғандықтан арғы беттегі адамдар кейде көрініп ,ал кейде   көрінбейді екен.Шайтан алып кеттіме кайда кетті деп ,атауы осыдан шыққан дейді.Жағасына туристер өте көп келеді.Бірақ бұл жерде түнде ешкім калмауға тырысады екен.
 Археологтар Мұғалжар тауынан полеолит дәуірініде өмір сүрген адамдардың 40 шақты орындарын тапқан.Онда алғаш адамдардың тұтынған көптеген заттары табылған.Зерттеулер жүргізген кезде бұл заттарға шамамен млн жыл болғандығы анықталған.Сонда Қазақстан жерінде алғаш адамдар  кәзір айтып жүргеннен әлдеқайда бұрын қоныстанған.Батыстан табылган ен алгаш  Тасқа жазылған танбалары бар. Олар әр түрлі біреулері адамның табаны сиякты болса ,енді біреулері жылан таріздес.
Оқжетпес туралы атақты географ саяхатшы Ш Уәлиханов 15 түрлі аңыз әңгімелер жинаған екен.Соның біреуі:Қазақтар көшіп-қонып жүрген кезеңде осы тауда бір бүркіті өмір сүреді . Ол сұлтандардың  жағымсыз қылығына  қырғи көзбен қарап отырады екен.Оны жаратпаған сұлтандар атайын десе оқтары жетпепті содан Оқжетпес атанған дейді Тәуке хан 1389 жылы «Жеті жарғы» заңын бекіту үшін атақты биді шақыртады. Төле би бас би болады. Әйтеке би, т.б билер келеді. Әр жүздің міндет ???ы?тарын, байлықты бөлу мәселесін қарастырады. Онда үш жүзді жауластырмай, басқа шапқыншылардан қазақ халқын  қорғау мәселесі шешіледі. Міне осы  Ұлытау деген шы? маңайында қазақ халқы үшін ұлы мәселелер шешілген деседі.
Мұғалжардағы «Екі ағайынды»тауы- Өте әдемі тау. Бұлай аталу себебі туралы аңыз көп.Біреулері екі мемлекетте орналасқан тау болғандықтан десе ,енді біреулері екі атауы болғандықтан дейді .Ал кейбір деректерге сүйенсек бұл тауға соғыс кезінде екі ағайынды ұшқыш мінген самолет құлаған деседі .
Жұмбақтас-Демалып жатқан тынығушылар қайықпен, катамаранмен  көлдің ортасына орналасқан  “Жұмбақтасқа” барып, оның кереметіне таңқалуда. “Жұмбақтасты” бір қырынан қарасаң — бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң — бетіне әжім түскен  кемпірге балап таңқаласың.
Бекіту тапсырмалары 
1 тапсырма.Оқулықты және картаны пайдалана отырып кестені толтыру:
Таулы өлкеОған кіретін тау жоталарыЕң биік нүктесінің аты,биіктігіСарыарқаМұғалжарМаңғыстау 
 
   
2.Тапсырма
50 беттегі тектоникалық картаны пайдаланып ,Сарыарқаның қай кезеңде пайда болғанын анықтау:
Жауабы:Полезойлық қатпарлықта,солт-батыс бөлігі каледон,шығыс бөлігі герцин қатпарлығында қалыптасқан.
 Мұғалжардың қай кезеңде болғанын анықтау:
Жауабы:Батысы жас полеозой платформалардың шөгінді қабығы ,батысы герцин қатпарлығының аймақтары Жауабы :Маңғыстаудың қай кезеңде болғанын анықтау. Жас полеозой платформаларының шөгінді қабығы3 тапсырма .Геодиктант1. Сарыарқа -Қазақстан  жеріндегі ең  ...        тау.
2. Мұғалжар   ...           тауының оңтүстігіндегі    Қазақстан жеріндегі жалғасы.
3. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде ...         ойысы орналасқан.
4. Мұғалжардың ең биік нүктесі ...
Сарыарқа Қазақстанның     ....             орналасқан.
4 тапсырма .Сандар сөйлейді :
4 тапсырма. Сандар сөйлейді:1565 м -657м -556м -- 132м -1936 ж -1992ж 2 наурыз -4 - 5 белдеу -2724, 9 -3000км -1394 км -12 балл -
5 тапсырма. «Шетелде тұратын досыма хат»
Өз еліміз ,оның көркем табиғаты, жер бедері туралы сипаттап досына хат жазу6 тапсырма. тест жүргізу :1.Сарыарқа батысында шектеседі : А) Торғай үстірті ,Тұран ойпаты Б)Сауыр Тарбағатай В) Тянь-Шань
2.Абсолют Сарыарқаның биіктігі :А) 500-600               б)700-800                          в)900-1000
3. Мұнара,Қорған,Жеке Батыр,Салт атты ,Жұмбақ тас қай таулы өлкеде :
А)Мұғалжар                       ә)Сарыарқа              б)Маңғыстау4. Мұғалжар солт-тен оңт-ке қанша км?
А)450             б)900                в)1000
5.Маңғыстау тауларының жоталарыА) Баянауыл,Қарқаралы       б)Қаратау,Ақтау В)Ақтау,Баянауыл6. Қарақия ТМД да тереңдігі жөнінен нешінші орында7. Аласа тауларды көрсет:
А) Сарыарқа ,Мұғалжар ,МаңғыстауБ) Сарыарқа,Тянь-Шань,МұғалжарВ) Маңғыстау ,Алтай,Сауыр-Тарбағатай8. Сарыарқаның солтүстігінде :А) Батыс Сібір жазығы б)Жалпы сырт қыратыВ) Каспий маңы ойпаты -Оқушыларды бағалау-Үйге тапсырма беру : Тақырыпты оқып келу, Қызықты деректерді ақпарат құралдарынан қарап іздену