Саба? жоспары алгебрадан Екі ?рнекті? ?осындысыны? кубы ж?не айырымыны? кубы формулалары. (7-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубы формулалары.
Сабақтың мақсаты: Қысқаша көбейту формулаларын математикалық есептеулерде қолдана білу.
Сабақтың міндеттері: Оқушылардың алған білімдерін қысқаша көбейту формулаларын меңгерту.
Формулаларды есеп шығаруда қолдана отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Есеп шешімін іздеу, қиыншылықты жеңуге тапқырлыққа, эстетикалық тәрбиеге баулу
Көрнекілігі: Формулалар, таратпа материалдар, бағалау парағы
Әдісі: Топтық
Барысы: Ал, балалар сабағымыздың мақсаты түсінікті болса, әрі қарата жалғастыру үшін топқа бөлінейік
І. Топқа бөліну
ІІ. Психологиялық ахуал. Біріне- бірі тілек білдіруІІІ. Ой түрткі (Қысқаша көбейту формулаларын сұрау, жазу, оқу)
Мына өрнектерді өз бағандарына жаз.
(х+у)²,    (x-y)²,    (3a-b)²,    (3a+b)²,    9-a²
IV. Ойын элементі: Математика мейрамханасындаОйын барысы: Мейрамхананың бүгінгі ас мәзірін ұсынамын.
Ас мәзірі:
1) Дәмді өрнектер:
Қоспалары: 1)Өрнекті түрлендіріңдер 34 а2-0,5 b3²
2)Көбейткішке жіктеңдер      (5а+6)²-81
3)Есептеңдер                           2,1·1,9
2) Жұмбақтармен әшекейленген қуырдақ
Екі бұрыш ежелденКөрші болған ең тату
Бірін- бірі толықтырған
Жазыңқыға бір жақын
(Сыбайлас бұрыш)
Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды.
(Айқыш, тұтас, сәйкес)
Теңдеуді шеш:
(2-х)²-х(х+1,5)=4
Нүктеден, екі сәуледен құралған
Айтшы бұл не екенін?
(бұрыш)
Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді.
(апта күндері)
Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар
Бұл не?
(бас)
3)Палауға қосылған көңілді санау▀ +56а+49= 4a²+56a+49= (4a+7)²
36-12x+ ▀ =36-12x+x²= (6-x)²25a²+▀ +b²= 25a²+50ab+b²= (5a+b)²4) Амалдар қосылған винегрет салаты
(у²-2а)(2а+у²)
(3х²+х)²
(2+m)² (2-m)²
5) Геометриялық фигуралармен дәмін келтіретін сергіту сәті
6) Біздің дастарханнан сіздерге дәм(Орындай алмаған тапсырмамен алмасу немесе ауызша есептеу)
7) Ғажайып десерт
Сен- мұғалімсің! Қатені түзеу керек.
(-3+a-b)-(2a+3b-5)=-2+b+2a-3b-5=3a+4b-3
-(0,5-2x)-5(1-x)=-0,5+2x-5+5x=7x+5,5
V. Қорытынды. Рефлексия
VI.Бағалау.