Екі ?рнекті? ?осындысыны? кубы ж?не айырымыны? кубыны? формулалары


Күні: 01.02.2017 ж
Сынып: 7
Пән: Алгебра.
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубының формулалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубының формулаларын пайдаланып, ол формуланы өрнектерді ық-шамдауда қолдана білу бейімділігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Екі өрнектің қосындысының  кубы және айырымының кубының  формулаларын   пайдалана білу оқушылаврдың білімін толықтыру, алған білімін есеп шығаруда қолдана білуді үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулерді шеше білу бейімділіктерін одан әрі дамыту, алған білімдерін бекіту. Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ жауап, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Қысқаша көбейту формуласы.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, тізімін тексеру және оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Қайталау сабағы:
(a+b)2  = a2+ 2аb+ b2 квадраттарының қосындысының квадраты.
(а+в)3 өрнегін көпмүше түрінде жазуды қарастырайық. Ол үшін а+в өрнегін өз-өзіне үш рет көбейту керек, яғни (а+в)3 =(а+в) (а+в) (а+в)
Теңдіктің оң жағына көпмүшелерді көбейту ережесін қолданамыз:
(а+в)3=а3+3а2в+3ав2+в3
(а-в)3=а3-3а2в+3ав2-в3
Бұл формулалар  екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы деп аталады.
Екі өрнектің қосындысының кубы бірінші өрнектің кубына, плюс бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің үш еселенген көбейтіндісіне, плюс бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының үш еселенген көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің кубына тең болады.
Мысал: (х-2у)3=х3-6х2у+12ху2-8у3
Есептер шығару.
№196
1)(3m+2n)3 =27m3+72m2n+36mn2+8n3
2)(5x-3y)3=125x3-225x2y+135xy-27y3
№197
1)(2+х)3=23+3*22*х+3*2*х2+х3=8+12х+6х2+х3
3)(5-в)3=53-3*52*в2+3*52*в2-в3=125-75в2+15в2-в3
№199
1)(2m-3n)3=(2m)3-3*(2m)2*3n+3*2m*(3n)2-(3n)3=8m3-36m2n+54mn2-27n3
Бекіту сұрақтары:
Екі өрнектің айырымының кубын қалай табамыз?
Екі өрнектің қосындысының кубын қалай табамыз
6. Үй тапсырмасын беру
7. Бағалау: Сыныпта белсенді оқушыларға баға қою.