Урок для 6 класса по казахской литературе на тему: Бейімбет Майлинні? Т?йебай ??гімесі


Әдебиет, 6-сыныпКүні.
Сабақтың тақырыбы. Б.Майлин. «Түйебай»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру, «Түйебай» әңгімесінің мазмұнын меңгерту.
Міндеттер:
1. Әңгімеде сөз болған өмір шындығын, жазушы позициясын түсінуге көмектесу.
2. Бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығаруға, өзгенің пікірімен санасуға баулу.
3. Әңгімені оқи отырып, жаман мен жақсыны, пайдасы мен залалын дәл танып, көрсете білуге үндеу.
Сабақтың түрі: жаңа тықырыпты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, кесте толтыру, өзіндік жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысы, даярлығы тексеріліп, назарлары сабаққа аударылады.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі.
-Ақын туралы қысқаша өмірдерек;
-Өлеңде асау тұлпар шабысы қалай суреттеледі?
-Шабандоз баланың ән салғандағы көңіл күйі қалай берілген?
3. Жаңа сабақ. Б.Майлин. «Түйебай» әңгімесі.
І. Қызығушылықты ояту.
-Осы шығармада қай заман оқиғасы сипатталған? Әңгіменің тақырыбын айт.
-Шығарма сюжетіне қандай оқиға өзек болған?
ІІ. Мағынаны тану. Оқушылар номер бойынша топтасады, үлестірме парақтарға жазылған сұрақтарды шағын топта талдап, ортаға шығып қорғайды.
парақша №1.
Әңгімедегі «Қоржынтомар» деген жер қалай сипатталған?
Ауыл балаларының шүрегей жұмыртқаларын жинауы қалай суреттеген?
3. Ауыл молдасы туралы не айтылады?
парақша №2.
Түйебай кімнің баласы, оқуға қалай қабылданған?
Түйебайды молда неліктен ұнатпайды?
3. Оқытушы молданы қандай адам деп ойлайсыңдар?
Үлестірме парақша №3.
Түйебай арқылы жазушы қандай адамдардың бейнесін сипаттаған?
Түйебай туралы өз пікіріңді білдір.
3. Түйебайдың арманы бар ма, қалй ойлайсың. (Өз ойыңды қос).
ІІІ. Мәтінмен жұмыс жасау:
А)Сөздік:
Томар-тәу апарып беру-
Құрақ-қара бақыр-
Өзек-екінді-
Шүрегей үйрек-имандық-
Қарақоға-жат сабақ-
Бесін-доңыз-
Ә)Тұрақты сөз тіркестерін теріп жазып, мағынасын аш.
Мысалы: көз ұшында көріну, төрткөздену, таяқтан сау болдым, мойны босау,
- Көркем сөздерді теріп жазып, мәнін түсіндір: түйенің өркешіндей, шоқша сақалы, қара бақыр, жұлым-жұлым қара үйі, жат сабақ.
4. Бекіту. Әңгімеге өзек болған не?
5. Үйге тапсырма. 1. Әңгіменің мазмұнын түсініп оқу, баяндау.
Кейіпкер бейнесін талдау.
Кейіпкер Портреті Мінезі Іс-әрекеті Кейіпкердің мінезін ашатын жолдардан үзінді
Молда Түйебай Әңгімешіл бала 6. Бағалау.