?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары Та?ырыбы: Тамырын жайып тере?ге 7-сынып


«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп: №2 Қазанбасы орта мектебі
Мерзiм :06.12.16
Мұғалiм: Абузара Г.С.
Сынып: 7
Оқушылар саны 8
Тақырып: Тамырын жайып тереңге
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: байсалдылық,өзін-өзі алдамау,шыдамдылық
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата –баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып ішкі тыныштық құндылығын ашу.
Міндеттері:
-Оқушыларды отбасы бақыты,ұрпақтар сабақтастығы ұғымын байсалдылық ұғымымымен байланыстыру
-Оқушылардың өзін –өзі алдамау қабілеттерін дамыту.
-Оқушыларды байсалдылыққа, өзін-өзі алдамау,шыдамдылыққа тәрбиелеу; Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену.
Үй тапсырмасын тексеру
Эссе «Менің отбасым»
Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
Әр ата-ана өз баласының сүйікті досы,жақыны,жанашыры мақтанышы.
Халық даналығы
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады Әңгiмелеу
Суретші
(аңыз әңгіме)
Әлемде тамаша көріністерді көре және бейнелей білген дарынды суретші өмір сүрген.
Суретшінің сұлулықты көре білу қасиеті адамдарды таңғалдыра білген екен. Айналасындағы адамдар сол әдемілікті көрсе де, әлгі күнге дейін суретшінің шынайы өнер туындысына айналмайынша оны байқамаған!..
Суретші әдеміліктін ұлы шебері болған. Ол ішкі жан тәнімен өзінің көрген әдемі көріністерін кенепке бейнелеген. Сонда ғана суретшінің суретіне қараған әрбір адам үшін байқалмайтын сұлулық шынайыға айналып, керемет туынды шыққан екен.
* * *
Бір күні суретші ел аузында көзге түспейтін сүйкімсіз арық бойжеткен бейнесін бейнелеуді қолға алады. Ол қыз өзіде солай деп ойлап жұрт бетіне тіке қарай алмапты...
«Саған не болды ... өзге біреу болмады ма?» - деп сұрапты
Суретші айтқанға құлақ аспай, кенепке ғажайып, әсемдік келбетін суреттеп жандандыра білді.
«Бұл мүмкін емес.. бұл мен емес ...Қандай керемет бейне..» деп қыз таңданады.
«Мен - айнамын» -деп күлімдеді суретші «Мен тек ғана саған ішкі сұлулығынды көрсеттім. Енді осы сұлулығынды жасырма»
* * *
Суретші қарт әйелдің бейнесін суреттеуге кіріседі жұрт оғанда таңғалады.
Ол осы қарттың өміріндегі мейірімділігін, балаларына немерелеріне деген шексіз ана сүйіспеншілігін ұзақ және мәнді ғұмырын, даналығын көз жанарының шапағатын бейнелейді. Бұл ана бейнесіндегі – сүйіспеншілік, даналық, мейірімділігі мен жүрегінің кеңдігінен – адамдар жан тыныштығын сезінген. Суретшінің осы қарт әйелді бейнелегенін құрмет тұтып, басын иген....
Сұрақтар:
Мазмұны бойынша сұрақтар ?
Әңгімеден не түсіндіңдер?
Құндылығын айқындайтын сұрақтар ?
Суретшінің шығармасынан қандай көңіл –куй байқауға болады ?
Өмірмен байланысты сұрақтар?
Біз өзіміз жан-жағымызды суреттей аламызба ? Шығармашылық жұмыс.
Адам бойындағы жақсы қасиеттердің тізбегін жасаңыздар.
2. "Көршіңе қуаныш сыйла"
Оқушыларға қатты қағаздардан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің (гүлдің, жүрекшенің, көбелектің т.б) үлгісі таратылып беріледі. Олар оның екінші бетіне қатар отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазып, жария етеді және сыйға тартады.
Топпен ән айту.
Сөзі: Ш.Сариев
Әні: Е.Симединов
Балдәурен
Балдәурен көктем, асығып жеткен,
Шағала күндер.
Базарлы маусым, шырқалған даусым,
Тамсанып әсем.
Балауса балғын, көк майса шалғын,
Барады күндер.
Тербеліп билеп, жайқалып билеп,
Ән салып әсем.
Қайырмасы:
Балдәурен, бақытты ән дәурен,
Келеді қанатын самғаумен.
Көңілдің ұшырып, аққуын,
Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.
Жаныма жылы, жүрекке ыстық,
Көңілге сұлу.
Тоя ма көзің, балдәурен кезің,
Бақыт-ау, бақыт?
Даламдай дархан, тауымдай биік,
Өмірге сұлу. Үй тапсырмасы.
Фотоколлаж жасап алып келу «Менің отбасым» Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.