Азы? — т?ліктер к?нделікті саба? жоспары


Логопедиялық сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы және әріпі
Сабақтың тақырыбы: Азық - түлік.
Мақсаты: балаларды Қ әріпімен таныстыру. Қ дыбысын басқа дыбыстардан ажырата білуге, буын, сөз ішінен таба білуге үйрету.
Балаларды азық – түліктің түрлерімен таныстыру. Әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Асты қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: артикуляциялық жаттығулардың суреті,азық – түлік суреттері
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері.
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көкке қолды созайық,
Бір – бірімізден озайық.
Құшақтасып әркезде,
Тату – тәтті болайық.
II Үй тапсырмасы.
Дыбысты не істейміз?
Естиміз, айтамыз.
Әріпті не істейміз?
Көреміз, жазамыз.
III Артикуляциялық жаттығулар: «Тәтті тосап», «Шар», «Доп», «Күрекше».
IV Негізгі бөлім
1.Жаңа сабақ
Қоянға сипаттама беру.
Түсі қара.
Екі құлағы бар.
Екі көзі бар.
Тұмсығы бар
Жүні үлпілдек, жұмсақ, мамық.
Құйрығы бар.
Төрт аяғы бар.
Қоян, қара, құлақ, құйрық деген сөздерде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Қ дыбысы
Бүгінгі жаңа дыбысымыз Қ дыбысы мен әріпі.
Қ дыбысының дұрыс артикуляциясы: ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дем жоғары көтерілген тіл мен таңдайдың арасынан шыққанда қ дыбысы жасалады. Қ дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс балаларға 3 – 4 рет қайталап айтқызу.
Қ – қ –қ
Буын ұйқастар айтқызу.
Қа –қа –қа – қала
Қо – қо – қо – қоян
Қу – қу – қу – аққу
Қи – қи – қи – қияр
Балалар жұмбақ шеше отырып сабағымыздың тақырыбын ашайық.
Қардай аппақ,
Бірақ өзі тәтті – ақ (Қант)
Айдалада ақ отау,
Аузы - мұрны жоқ отау (жұмыртқа)
Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады (Пияз)
- Балалар, айтыңдаршы дастарханның сәні не?
- Нан
- Адамдардың сүйіп ішетін сусыны?
- Шай.
- Шай дәмді болу үшін шайға не қосамыз?
- Сүт
- Шайымыз тәтті болуы үшін не қосамыз?
- Қант
- Осы тағамдардың барлығын біз қайдан аламыз?
- Дүкеннен
- Қандай дүкеннен?
- Азық – түлік дүкенінен
- Бәрекелді, балалар дұрыс айтасыңдар.
V Сергіту сәті.
За – за – за
Сынып іші тап –таза.
Да – да – да
Бор дайын тұр тақтада.
Ыз – ыз –ыз
Жалқаулықты тастаймыз.
Ық – ық – ық
Жазуды біз бастайық
VI Дәптермен жұмыс.
Мерейге саусақ қимылына арналған жаттығу жасатып, қ әріпін үзік сызықтардың үстінен жүргізуді қадағалау.
VII Үйге тапсырма.
Жаңылтпаш жаттау.
Тұз — мұздай,Мұз — тұздай.
****
Бұл, бұл — піл,Бұл бір ірі піл.
****
Бар, май шайқа,Байқа, жай шайқа.
VII Қорытынды.